білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану рәсімі.
білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау.
білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
білім беру ұйымын немесе бағдарламаны шетелдік аккредиттеу агенттігінде аккредиттеу.
С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ аккредиттеуден өтуді мына мақсаттар үшін жүзеге асырады:
- университет өзінің білім беру бейімділігінің сапасын көрсету;
- Қазақстандық және халықаралық нарықтағы білім беру қызметіндегі бәсекеге сәйкестендіру;
- университеттің білім беру бағдарламасын жетілдірудің мақсатарында тәуелсіз сараптама және ұсыныстар алу.
Аккредиттеу
Аккредиттеу ҚАТЗУ-дың миссиясы мен стратегиялық мақсаттарын іске асыруға ықпал етіп, білім беру сапасының жоғары деңгейін, ғылыми-зерттеу қызметінің дамуын және ұлттық әрі халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Аккредиттеу университетке мүмкіндік береді:
✓ білім беру бағдарламаларының сапасын растауға;
✓ білім беру қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау алуға;
✓ білім беру үдерісі мен сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге;
✓ университеттің ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға.
