Басты бет / Университет / Халықаралық ынтымақтастық / Халықаралық ынтымақтастық департаменті
Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары:

* Халықаралық байланыстарды орнату және кеңейту мәселелері бойынша шетелдік ұйымдармен, елшіліктермен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен өзара іс-қимыл жасау.

* Білім алушыларға дәріс оқу және практикалық сабақтар өткізу үшін шетелдік ғалымдарды шақыру.

* Білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы.

* Университет оқытушыларын шетелдік жоғары оқу орындарында және ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өткізу.

* Шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп білім беру және ғылыми жобаларды орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру.

* Шетелдік білім алушылармен жұмыс.

* Студенттерді шетелде теориялық және практикалық оқытуды ұйымдастыру.

* Шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімшарттар мен меморандумдар жасасу.

* Профессор-оқытушылар құрамы үшін ағылшын тілі курстарын тасымалдаушымен ұйымдастыру.

* Шетел азаматтары үшін қазақ және орыс тілдерінің дайындық курстарын ұйымдастыру.

Жоғары білімнің жаһандануы мен интернационализациясының сын-тегеуріндеріне байланысты 2012 жылдың қараша айында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (бұдан әрі - ҚАТУ) халықаралық ынтымақтастық бөлімі (ХЫБ) халықаралық ынтымақтастық және көптілді білім беруді дамыту орталығы (ХЫжКББДО) мәртебесіне дейін кеңейтілді.

2020 жылы ҚАТУ агротехникалық бейіндегі зерттеу университеті мәртебесіне ие болды, осыған байланысты 2021 жылы университеттің жаңа құрылымы қабылданды және ХЫжКББДО халықаралық байланыстар департаменті (ХБД) болып өзгертілді.

ХБД қызметінің негізгі нәтижелері:

Халықаралық қызметке байланысты қызықтыратын сұрақтар бойынша ХБД-ның келесі байланыстар бойынша байланысуға болады:

Телефоны: +7 (7172) 31-77-19

e-mail: international@kazatu.kz

ДМС директоры: +7 (7172) 31-44-07 

e-mail: s.meiramova@kazatu.kz

 

Мекен-жай: Жеңіс даңғылы 62, бас ғимарат, 3 қабат, 1310 кабинет, ХБД директорының кабинеті 1316