Басты бет / Университет / Түлектер / Түлектер - ҚАТУ мақтанышы
Түлектер - ҚАТУ мақтанышы

Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды (КСРО Министрліктер Кеңесінің 3.10.1957 жылғы №1176 Қаулысы).

Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 63 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар білім алуда.

Біздің университетіміздің өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы, мемлекетімізде сапалы еңбек етіп жүрген түлектер, студенттер ұжымы қалыптасқан.

60 жылдық тарихы бар кешегі Целиноград ауылшаруашылық институтының, бүгінгі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің беделі де білім ордамыздың қабырғасынан шыққан түлектердің қол жеткізген кәсіби жетістіктерімен бағаланбақ. Бұл бағытта университет түлектерінің толайым табыстарын мақтана айтуға болады. Олар табанды еңбектерімен мемлекет экономикасын дамытуға лайықты үлес қосты және қосып келеді. Түлектердің арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әлем Чемпионы, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының қызметкерлері бар. Олар: Еңбек ері, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры, Қазақстан Ассамблеясының мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы президиумының мүшесі, «Агрофирма Родина» ЖШС-нің бас директоры, - И.А. Сауэр, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің мүшесі - Р.Қ. Әкімов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің мүшесі - С.С.Біләлов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты,  «Народные коммунисты» Фракциясының мүшесі, Әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі Комитет мүшесі - Ж.Ә. Ахметбеков, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы - С.Қ.Тұрсынов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестиция департаменті басшысының орынбасары - М.В.Трошихин және Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Экономикалық факультетінің түлегі – Данияр Елеусінов.

Бүгінде аграрлық, техникалық бағыттағы кәсіби мамандардың алдыңғы қатарын университет түлектері иеленеді. Бұл – университет ұжымының мақтана айтар жетістігі. Университеттің негізін қалауда талмай еңбек етіп, қазіргі таңда Басқарма орынбасары, факультет деканы, кафедра меңгерушісі лауазымын атқарып келе жатқан құрметті профессор, түлектеріміз де бар. Олар: Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары, профессор – А.М.Әбдіров, «Микробиология және биотехнология» кафедрасының профессоры – А.Қ.Бұлашев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, профессор – Н.А.Серікпаев, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы, профессор – Б.С.Майқанов, Техникалық факультетінің деканы, профессор – С.О. Нүкешов, Агрономия факультетінің деканы, доцент  – Ғ.Ж.Стыбаев, Экономикалық факультетінің деканы, доцент - Ә.С.Ысмайылова, Жерге орналастыру факультетінің деканы, доцент –Р.Қ.Әбілдина, Қаржы кафедрасының меңгерушісі, доцент - З.А. Баймағанбетова, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, доцент – Н.Н. Мелешенко, «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы – А.К.Бойдаков, «Экономикалық теория және құқық»  кафедрасының меңгерушісі, профессор – М.Ш.Бауэр, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, доцент – А.Ж.Нүкешова, «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының меңгерушісі, профессор - Қ.М.Мұсынов, «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, ғылым кандидаты – Б.Ө.Амантаев, «Ветеринарлық медицина» кафедрасының меңгерушісі, профессор – Т.Ж.Әбдірахманов, «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, профессор – С.К.Әбдірахманов, «Микробиология және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, доцент – Ж.Ә.Сұраншиев, «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, доцент – С.Н.Нарбаев, «Сәулет» кафедрасының профессоры  – А.А. Корнилова, «Аграрлық техника және технология» кафедрасының меңгерушісі, доцент – Е.Ж. Қаспаков, «Техникалық механика»  кафедрасының меңгерушісі, доцент - Е.С. Ахметов,  «Кадастр» кафедрасының меңгерушісі, доцент – Г.К. Құрманова,  «Жерге орналастыру» кафедрасының меңгерушісі, ғылым кандидаты – Т.Е. Карбозов және т.б,.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «ҚазАТУ түлектері» клубы ерекше орын алып келе жатыр. Оған Владимир Гартман, Тасбай Симамбаев, Самат Ескендіров, Жаңбыршы Нүркенов, А.В. Майер, Жұматай Сүйіндіков, Теміржан Хамитов, Иван Сауэр, Сергей Кулагин, Серік Біләлов сияқты университеттің көптеген түлектері, елге белгілі тұлғалар мүше болып келеді.

Сонымен қатар, университет табалдырығын аттағаннан бастап, ғылыми бағытта өз белсенділігін әрі қарай университет қабырғасында дамытып, ізденіп жүрген жас ғалымдарымыз да бар. Олар: «Агрономия» мамандығының PhD докторлары - Маханова Сауле, Үтелбаев Ерлан, Хурметбек Октябрь, Ансабаева Асия. «Ветеринарлық медицина» мамандығының  PhD докторлары - Бакишева Жанар, Аткенова Айгерим. «Ветеринарлық санитария» мамандығының  PhD докторлары - Жаманова Асель, Аутелеева Лаура. «Аграрлық техника және технология» мамандығының  PhD докторлары - Какабаев Нурбол,  Амантаев Максат. «Экономика» мамандығының  PhD докторы - Окутаева Сауле. «Менеджмент» мамандығының  PhD докторы - Булхаирова Жанна және т.б,.

Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады. Белсенділік танытып, университеттің студенттік жастар ұйымдарына басшылық жасаған түлектеріміз – бүгінгі күнде Елордамыздың көшбасшылары. Олар: «Астана LRT»  ЖШС көлік басқару компаниясының  орынбасары, Техникалық факультетінің түлегі - Халелов Рустам, ҚР АШМ «Жасыл Аймақ» мемлекеттік кәсіпорнының бас бухгалтері, Экономикалық факультетінің түлегі - Аймұрзаева Динара, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, ВжМШТ факультетінің түлегі - Кукеева Әйгерім, ЖШС «Бағалау орталығы» бас маманы, Жерге орналастыру факультетінің түлегі  - Сауытбек Абай. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы, оқу орнымыздағы жайдарманшылар жетекшісі, Агрономиялық факультетінің түлегі -                 А. Данабекұлы және т.б.

Сондай-ақ, отандық шоу-бизнесте өз орындарын тапқан жұлдызды түлектеріміз бар. Олар: «Әзіл әлемі», «Базар жоқ» театрының көркемдік жетекшісі - Қабатов Тұрсынбек. ММ өнер-білім орталығының директоры, Экономикалық факультетінің түлегі - Мұқанова Мөлдір. «Нұржан Бейсеновтың шығармашылық орталығының» директоры, Техникалық факультетінің түлегі - Бейсенов Нұржан. «BaqStar event» агенттігінің директоры, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің түлегі -  Сахария Баянды. «Әзіл Әлемі» театрының директоры, Агрономиялық факультетінің түлегі - Нұрланов Руслан. «Қазақстан дауысы» байқауының финалисі, Техникалық факультетінің түлегі - Асылхан Дәстүр. Трио «Z» тобының солистері: КЖжКББ факультетінің түлектері - Құнафин Нұрлан мен Пішенбаев Олжас және Жерге орналастыру факультетінің түлегі - Шәріпов Рахат.

Елордамызда шоумен болып танылған түлектеріміз: Сәулет өнері факультетінің түлегі - Бибаев Бақытжан, Жерге орналастыру факультетінің түлектері - Дәулет Бекмағанбетов, Сазанбаев Рүстем, Техникалық факультетінің түлектері - Аманғосов Жандарбек, Қибат Абдрасул, Аман Шынтас, Хожамқұлов Нұрсұлтан, Энергетикалық факультетінің түлектері - Айымторин Дастан, Боранқұлов Батырхан, Қуанышқанов Шыңғыс, Экономикалық факультетінің түлектері - Ахметов Әділет, Мирзакулов Әлібек және т.б.

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
Жерге орналастыру факультеті
Экономика факультеті
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің түлектері
Техникалық факультет
Энергетикалық факультет


Абдыров Айтжан Мухамеджанович
Қырықбаев Әнуарбек Қаиыргелдіұлы
Нуркенов Жанбыршы Есетович
Нуркенов Жомарт Жумагалиевич
Руфф Эвальд Гильдебертович
Садуев Бакытжан Касымович
Сауэр Иван Адамович