Ішкі академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық (academic mobility) – білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге оқыту немесе зерттеу жүргізу мақсатында өз жоғары оқу орнында кредит түрінде меңгерген білім бағдарламаларын белгіленген тәртіпте міндетті түрде  қайта тапсыру.

Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жалпы басшылық "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру туралы ереже" 02.2042-2020 СМЖ сәйкес жүзеге асырылады

Академиялық ұтқырлықтың шығыс бағдарламасына қатысу үшін білім алушы Басқарма Төрағасы атына өтініш жазады. Өтініш келесі тәртіппен келісіледі:

Өтінішке қол қойғаннан кейін БАҚКО ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушының басқа ЖОО шығуы туралы бұйрықтың жобасы дайындалады.

Ақпараттық пакетінің міндетті құжаттар тізімі:

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде форма бойынша толтырылады.

Білім алушының «Оқуға келісімі» және жеке оқу жоспары пәндер тізбесі бойынша бірдей. Жеке Оқу Жоспарында өзгерістер туындаған жағдайда, қабылдаушы ЖОО-ның факультет бойынша үйлестірушісі қолы мен мөрі бар келісім шарттың қосымша беттіне өзгерістер енгізеді. ЖОЖ  жіберуші ЖОО-мен қайта жасалып қабылдаушы ЖОО жіберіледі.

Келісімге үш тараптан қол қойылады: білім алушы, оқуға жіберуші ресми тұлға және оқу орнына қабылдаушы ресми тұлға. Бұл құжат басқа ЖОО-да на келушінің білім алушының білім беру бағдарламасы бойынша жоспарланған курстарын/модульдерін оқып-үйренуге және білім алушының  сәтті тапсырған, тыңдалған курстары үшін кредит игеруіне кепілдік береді.

Білім алушы өз университетіне қайтып келген соң кафедра меңгерушісі факультет үйлестірушісімен бірге оқу нәтижелерін ресми қабылдауды жүзеге асырады. Келісім және ресми расталған оқыту нәтижелері білім алушының басқа ЖОО-да тыңдалған курстарының толыққандылығына кепілдік береді. Оқу процесінде өзгерістер туындаған жағдайда, келісімнің келесі бетінде үш тараптан қол қойылған өзгеріс еңгізіледі.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ақылы оқыту үшін төлем ақылы жөнелтуші ЖОО немесе білім алушы қабылдаушы ЖОО-ның есеп айырысу шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізіледі. Білім алушы төлемдері (жол жүру, жатақханада тұру, тамақтану, жеке шығындары) жеке қаражатынан төленеді.

Өзара алмасу бағдарламасы бойынша білім алушыларға екі тараптанда төлем ақы жүргізілмейді.

Білім алушының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғанын растайтын қорытынды құжат - транскрипт болып табылады, ол мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады. Транскриптте оқыту бағдарламасы туралы мәліметтер (пәннің коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада және ECTS шкаласында), ҚР (ECTS) игерілген кредит саны еңгізіледі.

Басқа жоғары оқу орындарынан білім алушылардың жазғы семестрге қатысуы мақсатында академиялық ұтқырлық үйлестірушілері жазғы семестр курстарында оқытылатын пәндер туралы ақпараттарды университет сайтында жариялайды және басқа жоғары оқу орындарына ақпараттық хаттар жібереді.

Басқа ЖОО білім алушыларды жазғы семестрге тіркеу ЖОО академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Білім алушының жеке өтініші, жазғы семестр пәндері бойынша төлем түбіртектері және ЖОО арасындағы ынтымақтастықтық туралы шарттар болған жағдайында БАҚКО бұйрық жобасын қалыптастырады.

Құжаттар
ЖОО-лар арасында білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасайтын серіктес жоғары оқу орындарының тізімі
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша статистикасы