Астана қ.,Ы. Алтынсарин 2 (2-й корпус КАТУ), зерт.2208, 2218, 2206, 2002
Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертхана) 2019 жылы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ базасында құрылып, ҚР СТ ISO 17025-2019 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен (аккредитация туралы куәлік № KZ. Т.01.2238, 22.07.2019 ж.).
Агроэкологиялық сынақ орталығы сынамаларды іріктеу мен талдаудың заманауи әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, су мен топырақ үлгілерін алу және зертханалық талдау бойынша кешенді қызметтерді ұсынады.
Агроэкологиялық сынақ орталығының негізгі жұмыс бағыты топырақты физика-химиялық, химиялық және агрохимиялық сараптау, сондай-ақ су үлгілерін толықтай сынау болып табылады.
АСО алған білімі мен дағдылары және жұмыс тәжірибесіне сәйкес құзыретті жоғары білікті басшылық пен техникалық персоналға ие.
АСО нормативтік құжаттардың барлық қажетті базасы бар - МемСТ, техникалық шарттар мен ережелер, зерттеу әдістеріне арналған нормативтік құжаттар. Сонымен қатар орталық топырақтану, агрохимия және экология саласында жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи шетелдік жабдықтармен жабдықталған.
Агроэкологиялық сынақ орталығына 3 зертхана кіреді:
1. Топырақты талдау зертханасы
2. Хроматография және капиллярлық электрофорез зертханасы
3. Спектрометриялық талдаулар зертханасы
Топырақты талдау зертханасы
Топырақты өсімдіктердің қоректену элементтерімен теңдестірілген түрде қамтамасыз ету қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңызды міндет болып табылады. Топырақтың агрохимиялық аясы орташа өнімділікті сенімді болжауға мүмкіндік береді және бұл қаржылық жоспарлау процесіне тікелей әсер етеді. "Топырақты талдау зертханасы" өз тапсырыс берушілеріне заманауи іріктеу және талдау әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, топырақ үлгілерін алу және зертханалық талдау бойынша кешенді қызметтерді ұсынады.
Топырақ үлгілерін талдау үшін спектрофотометриялық, жалындық фотометрия, ионометриялық, кондуктометриялық, атомдық-абсорбциялық, жақын инфрақызыл аймақтағы спектрометрия және т. б. сияқты барлық заманауи әдістер қолданылады.
Топырақ талдау зертханасы аккредитация саласында 20-дан астам көрсеткіш бойынша, сондай-ақ аккредитация саласына жатпайтын 20-дан астам көрсеткіш бойынша топыраққа кешенді агрохимиялық талдау жүргізеді (ауыл шаруашылығы дақылдарын қоректендіруді оңтайландыру мәселесін қарау үшін қосмша өсімдік үлгілеріне талдау жүргізеді):
Аккредитация саласында жүргізілетін талдаулар:
Аккредитация саласынан тыс қосымша көрсеткіштер:
Топырақты кешенді зерттеу үш кезеңнен тұрады:
- Далалық кезең-топырақ үлгілерін алу. Топырақты талдау үшін үлгі алу 25, 10, 5 немесе 1 га элементарлы тор бойынша араластырылған 1 үлгі алу арқылы жүргізіледі. Үлгілер қолмен немесе автомобильдің корпусына немесе кабинасының ішіне бекітілетін үлгі алғыш көмегімен алынады. Үлгі алу тереңдігі 10-нан 120 см-ге дейін. Алынатын үлгілердің дәлдігін қамтамасыз ететін әдісті таңдау өте маңызды. агрохимиялық зерттеу үшін біз Кеңістіктік байланысы бар GPS қабылдағышын, борттық компьютер, автоматты үлгі алғыш және арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген мобильді автоматтандырылған кешенді қолданамыз. Заманауи технологияларды қолдану әр өріс ішінде агрохимиялық көрсеткіштердің кеңістіктік таралуының дәлірек карталарын алуға мүмкіндік береді.
- Аналитикалық кезең-топырақты талдау. Үлгілер талдауға тиімділігі жоғары көпфункционалды зертханаға беріледі. Зертханада топырақтың химиялық және физикалық күйін дәл анықтауға мүмкіндік беретін әдістер қолданылады.
- Камералдық кезең-электрондық карталар мен картограммаларды құрастыру. Агрохимиялық зерттеулердің нәтижелерінде барлық көрсеткіштер бойынша электрондық агрохимиялық картограммалар жасалады, тыңайтқыштарды қолдану бойынша түсіндірме жазба немесе ұсынымдар және тапсырыс берушінің өтініміне байланысты минералды немесе органикалық тыңайтқыштардың енгізілу мөлшері нақты есептелген ұсыныстар беріледі.
ГАЖ технологияларын қолдана отырып топырақ үлгілерін алу сызбасы
Агрохимиялық картограммалар
Бүгінгі таңда топырақ талдау зертханасы "АСКОП" ЖШС, "СЕВЕР АГРО LTD" ЖШС, "Астық-STEM" ЖШС, "Солтүстік Қазақстан АШҒТС" ЖШС, "Көкшетау Астық Инвест ЛТД" ЖШС және т. б. сияқты ірі шаруашылықтар үшін жалпы ауданы 60 000 га астам егіс алқабына агрохимиялық талдау жұмыстары жүргізілді.
2023 жылға дейін топыраққа агрохимиялық талдаулар жүргізілген аумақтар
Хроматография және капиллярлық электрофорез зертханасы мен спектрометриялық зерттеу зертханасы
Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертхана) экологиялық және ауыл шаруашылығы мақсатындағы мәселелеріне тікелей қатысы бар судың физика-химиялық және органолептикалық қасиеттерін анықтау бойынша қызметтер көрсетеді.
Ауыл шаруашылығында әртүрлі су көздері қолданылады. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар және кез - келген ауылшаруашылық тауар өндірушісі оларды білуі керек.
Судың сапасы мен оның құрамы бағаланбайтын факторлар болып табылады; шын мәнінде, олар өсімдіктің дамуына, топырақ құрылымына және тікелей суару жүйесіне әсер етеді.
Сапа критерийлері дақылдарға байланысты өзгеруі мүмкін, өйткені әртүрлі дақылдар белгілі бір минералдарға немесе судың қасиеттеріне әртүрлі сезімталдыққа ие. Қолданылатын судың сапасы қоректік заттардың ерігіштігіне, өсімдіктерге жеткізілуіне тікелей әсер етеді.
Су объектілері бойынша сынақтар аккредитация саласында және аккредитация саласынан тыс 30 дан астам көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
Аккредитация саласында:
Аккредитация саласынан тыс қосымша қызметтер:
Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертхана) зертханада аналитикалық талдау жүргізу бағдарламалары бойынша зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша қосымша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ, АСО қызметкерлері агрохимия және топырақтану, ауыл шаруашылығы дақылдарының минералды қоректенуі, ауыспалы егістерде минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негіздері бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біліктілігін арттыру семинарлары мен курстарын ұйымдастыру мен дәріс оқу жұмыстарын жүргізеді.
Байланыс
Агроэкологиялық сынақ орталығының (зертхана) меңгерушісі- PhD, Ақгүл Касипхан
тел: 8-708-775-69-62
email: sceco_katu@mail.ru
Мекен-жайы: Астана қ., Алтынсарин 2 (ҚазАТУ-дің 2-ші корпусы),
зертх. № 2208, 2218, 2206, 2002, 2213
Агроэкологиялық сынақ орталығының негізгі құрал-жабдықтары
Топырақ үлгісін алатын автоматты Wintex 2000 |
РhotoLa 7100 VIS спектрофотометрі |
Жалынды фотометр BWB XP |
Элементті макро анализатор CNS vario MAX cube |
Микро-толқынды атомды-эмиссиялы спектрометр Agilent 4200 MP-AES |
ИТАН рH-метр/иономері |
Multiwave pro, Anton Paar микротолқынды үлгіні дайындау жүйесі |
Rotanta 560 и Rotanta 460 центрифугалары |
«Капель-105М» капиллярлық электрофорез жүйесі |
АСО көрсететін қызыметтер тізімі
Агроэкологиялық сынақ орталығының (зертхана) қызметкерлері
Касипхан Ақгүл, PhD доктор, Агроэкологиялық сынақ орталығының меңгерушісі |
|
Орынбаева Бота Талғатовна, а.ш.ғ. магистрі, Топырақ талдау зертханасының меңгерушісі |
|
Назарова Айман Жадргеровна, а.ш. магистрі, Топырақ талдау зертханасының ғылыми қызметкері |
|
Михайлов Данила Павлович, топырақтану және агрохимия бакалавры, Агроэкологиялық сынқа орталығының ғылыми қызметкері |
«Су, -жылу, -электр және газбен жабдықтау жүйелеріне масштабты жаңашаландыру жүргізу қажет…»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28.01.2011 жылғы «Болашақты бірге құрайық!» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Орталықтың директоры
Акимжанов Темирболат Балтабаевич
Техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, аға оқытушы
E-mail: takimzhanov@mail.ru
Телефон: 8 778 727 57 11
Энергияны үнемдеу және тарату орталығы «Қазақ ТКШ жаңашаландыру және дамыту орталығы» АҚ және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ арасындағы консорциалды келісім шартқа сәйкес (21.07.2011 ж. №3) 2012 жылдың 8 желтоқсан күні энергетикалық факультетінің базасында қаланған.
Мақсаттары: ҚР «Энергияны үнемдеу және энерготиімділікті жоғарлату туралы» Заңын орындауға, энергияны үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясытты, тұрғын-коммуналдық шаруашылықты жаңашаландыру мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға үлес қосуға, кадрларды дайындау және қайта дайындаудың бірлескен іскерлігіне, тұрғын-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға, білім беру және бизнес құрылымдардың интеграциясын бекітуге негізделген.
Негізгі мәселелері:
- аймақтардағы энергияны үнемдеу саясатын түрлендірудегі жергілікті орындаушы органдарға үлес көрсету;
- ақпараттық-түсіндірме шараларды жүргізу арқылы, аймақтық деңгейде энергияны үнемдеу саясатының пропагандасы;
- тұрақты негізде энерго- және қорды үнемдеу сұрақтары бойынша оқу шараларын жүргізу;
- уйді жаңашаландыру бойынша жобаларды жүзеге асыруда КСК, пәтер иелеріне көмек беру;
- «Энергетикалық менеджмент» мамандығы бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасының аясында мамандарды дайындау бойынша білім бағдарламасының пропагандасы;
- фундаменталдық және қолданбалы зерттеулердің болашақ бағыттары бойынша, сонымен қатар халықаралық конкурстарға қатысу және бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу;
- жобаларды жүзеге асыру үшін кафедралардағы жетекші ғалымдардан және туыс ғылыми ұйымдардан, сонымен қатар магистранттар, докторанттардан шығармашылық ұжымдарды құрастыру;
- білім, ғылым және өндіріс интеграциясы негізінде ТКШ саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізу;
- энергияны үнемдеу технологиясы және инновацияны дамыту сұрақтары бойынша университеттің ПОҚ, белгілі отандық және шетелдік фирмалардың, компаниялардың жетекшілерінің ашық дәріс жүргізулері;
- оқушылар және студенттер үшін «Энерготиімділік, Энергияны үнемдеу және Экология» атты конференцияны ұйымдастыру;
- компаниялардың ЭҮБДО-на жаңа жабдықтарды қайтымсыз беру жолымен университеттің, факультеттің материалдық базасын күшейту.
Серіктестіктері:
ПРООН/ГЭФ, «Асан-Астана» ЖШС, «LENGRAND», ENSI (Норвегия), «Қазақстан құбыр зауыты», «Энергетикалық компания» ЖШС, «ТехноНиколь» корпорациясы, «ПЕНЕТРОН» компания тобы (Ресей), Аймақтық Энергияны үнемдеу Орталығы, «Энергостан» ЖШС, «Danfoss» СК.
Ғылыми іскерліктің негізгі бағыттары
1. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі сенімділікті зерттеу
2. Энергияның жаңарған көздері
3. Энергияны сақтау технологиялары
4. Ғимараттардың энергетикалық аудит
Жобалар
1. 0,38-35 кВ электрлік желістердегі бейсимметриялық және апаттық режімдерді жоюға кететін уақытты төмендету салдарынан АӨК тұтынушыларының электрмен жабдықтау сенімділігін жоғарлату;
2. Гидроэнергетикалық тағайындалудағы құбырлы су лақтыратын гидротехникалық құрылыстардағы судың айқын ағынының ағыс режімдері;
3. Энергияның жаңарған көздерінің негізіндегі энергиямен қамтамасыз ету гибридтік жүйесі бар энергетикалық тиімділіктік үйді әзірлеу; (ҚР БҒМ гранттық қаржыландыратын 055 бағдарламасы – 21 млн.тенге);
4. Тау кәсіпорындарындағы кернеуі 1000-қа дейінгі желістірдегі электр қауыпсіздікті техникалық қамтамасыз ету әдістерін және жабдықтарын әзірлеу; (ҚР БҒМ гранттық қаржыландыратын 055 бағдарламасы – 37 млн.тенге);
5. Телекоммуникациялық қызметтің сапасына әсер ететін байланыс кабельдерінің параметрлерін кешенді зерттеу.
2011-2012 ж.ж. ЭҮДО базасындағы баспалар, семинарлар, конференциялар, дәрістер
- Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «ТКШ жаңашаландыруын ғылыми қамтамасыз ету» ТКШ мәселелері бойынша алғашқы ғылыми-практикалық конференция (8.12.2011 ж.);
- Ш.Ә.Төлегенов, Б.А. Жәкішев «Құрылыс вестнигі №8 (14) 2012»,т ТКШ реформасының рубрикасы;
- 2012 жылдың 14 наурызында пәндердің оқу жоспарының нақты-бағыттау жолын жұмыскерлермен талқылау сұрақтары бойынша дөңгелек үстелі жүргізілді;
- «МЖД энергоаудит, терможаңашаландыру, жоспарлау, тиімді басқару» сұрақтары бойынша біліктілікті жоғарлату курстары. (Сертификаттар: доцент Б.А. Жәкішев, Г.Б. Садуакасова) Ұйымдастырушылар: «ҚазТКШ Орталығы», «Тұран-Профи» МПА, «ИВО (Германия)»; 10-20 мамыр 2012 ж. Астана қ-сы.
- 11 сәуір 2012 ж. Астана қ-сы, «Энергияны үнемдеу және білімді дамыту орталықтарын құру»
Ұйымдастырушы:
- «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ;
- «Қазақ ТКШ дамыту және жаңашаландыру орталығы» АҚ;
- «Қазақ ТКШ дамудың ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС;
- ПРООН/ГЭФ жобалары
Арнайы көмек:
- Құрылыс және ТКШ істері бойынша ҚР агенттігі;
- ҚР Білім және ғылыми министрлігі;
- 2012 жылдың 9-10 сәуір күндері ПРООН/ГЭФ жобасының жетекші менеджерлерімен «Энергияны үнемдеу, энерготиімділіктік құрылыс және қоршаған ортаны қоршау» тақырыбы бойынша 3 дәріс өткізілді;
- «ҚазОрталықКТШ» жетекшілерімен ғимараттр мен құрылыстардың энергоаудит тақырыптары бойынша 4 курс студенттері үшін 3 дәріс өткізілді;
- 2012 жылдың қыркүйек-мамыр айлары Астана қаласы. Норвегиялық компаниямен ENSI-Energy Saving International AS ЭҮБТО базасында «Қазақстан ғимараттарының энергоаудиті» оқыту курстары, «Кәсіптік энергоаудитор» халықаралық үлгі сертификаттары алынды;
Құралмен қамтамасыз ету
Орталықтың келесі бағдарламасы өндірістік объекттер және ғимараттардың энергетикалық кешендік аудитін жүргізуге, ENSI-Energy Saving International AS бағдарламалық өнімдердің негізінде Қазақстан Республикасы үшін энергоаудиттерді дайындауға бағытталған.
КБ директоры – Нөкешев Саяхат Оразұлы
Техника ғылымдарының докторы, профессор м.а.
ҚР АШҒХ академигі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі
E-mail: Snukeshev@mail.ru
Телефон: 8(7172)39-73-30
«Конструкторлық бюро» (КБ) техникалық факультете С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректорының 2011 жылғы 14 қазанындағы №303 бұйрығымен, 2011 жылғы 27 қаңтарындағы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «2010 жылғы ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы және 2011 жылға міндеттері» ғылыми кеңес шешімін орындау және «Ауыл шаруашылық машина жасау орталығының» құрылымдық бөлімшесі ретінде конструкторлық бюро құру үшін жасалған келісімшарт шарттарын орындау, оқу бөлімшесін ұйымдастыру, тәжірибелік базаны, кәсіби байланыстарды және «ҚазНИИМЭСХ» ЖШС-мен біріккен іс-шара жүргізу мақсатында құрылған.
«КБ» Конструкторлық бюроның басты мақсаты болып, білім беру қызметінің сапасын көтеру және университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу және коммерциализациялауға ықпал беру.
Негізгі міндеттер
• ғылыми жобаларды жазу және техника және технологияны жетілдіру, қолданбалы зерттеулерді жүргізу, жасау бойынша конкурстарға, сонымен қатар халықаралық жобаларға қатысу;
• Республикамыздың және Халықаралық бағдарламаларда өз жобаларымызды іске асыру үшін магистрантттар мен доктаранттарды жұмылдыра отырып ғылыми мекемелер мен кафедрадағы жетекші ғалымдардан құралған шығармашылық ұйым қалыптастыру;
• Ғылыми зерттеу әдістемелерімен негізгі тақырыптардың іс жүзінде орындалуына жауапты тұлғаларды бақылау бағдарламаларына қатысу;
• КБ кадрларының потенциалын нығайту мақсатында магистратура мен докторантура түлектерінің арасынан болашағы бар қызметкерлерді іздестіру;
• КБ республикамыздың ғылыми мекемелерімен, жоғарғы оқу орындарымен және шетел ғылыми орталықтарымен қалыптасқан қарым-қатынастың өркендеуін қамтамасыз ету;
• Ең мықты деп танылған ғылыми жетістіктер мен ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу барысында қолдануды насихаттау;
• Жоғарғы курс студенттерін ғылыми жобаларға тарту арқылы аса білікті мамандарды, әсіресе инженер-конструкторларды дайындауда КБ-ның материалды техникалық қорын барынша қолдану;
• КБ-ның ҒЗЖ-на басқа да сырт қаржыларды жұмылдыру және де шаруашылық орындарымен келісім шартқа отыру;
• аяқталған ҒЗ жұмыстарын өндіріске енгізу;
Ғылыми іскерліктің негізгі бағыттары
- топырақ өңдейтін, егін егіп, жинайтын және тыңайтқыш машиналардың жұмысшы мүшелеріне зерттеме жасау;
- Дәл егіншілік саласында топырақ өңдеуді және минералды тыңайтқыштарды себуді саралауға арналған техникалық құралдарды жетілдіру;
- Мал шаруашылығын механикаландыруды дамыту;
- Дербес тұтынушылар үшін фотоэлектрлік жүйеге талдама жасау;
- АСКУЭ жүйесіне арналған ультрадыбыстық газ санағыштарды зерттеу.
Іс жүзінде орындалған ғылыми жобалар
ҚР АШМ Бүкіләлемдік банкпен бірге іске асырылатын «Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру»жобасы бойынша:
- «Космостық бағыттау жүйесін (GPS, ГЛОНАСС) пайдаланып минералды тыңайтқышты саралап қолданудың техникалық құралын және ақпараттық технологиясын жасау»;
- «Топырақты нолдік өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштың негізгі мөлшерін енгізетін техникалық құралын және технологиясын жетілдіру».
Жаңа қаржыландыру
ҚР АШМ 042 бюджеттік бағдарламасы бойынша «АӨК саласындағы Қолданбалы ғылыми зерттеулер»
1. «А. ш. дақылдарын ылғал сақтау технологиясымен өңдеу кезінде астық дақылдарын себумен бір мезгілде минералды тыңайтқыш енгізетін сепкіш жасау» (жетекшісі – т.ғ.д., профессор М. А.Адуов) – жылына суммасы 5 500 000 тг. Орындалу мерзімі – 2012-2014 жж.
бизнес-инкубациялау технологиясы аясында
2. «Дәл егін шаруашылығы жүйесінде минералды тыңайтқышты саралап қолданудың ақпараттық технологиясын енгізу» (жетекшісі – т.ғ.д., профессор м.а. С.О.Нукешев) – суммасы 7 150 265 тг. Орындалу мерзімі – 2012 ж.
ҚР БжҒМ ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру аясында
3. «Механизм тетігі мен машина бөлшектерінің көп жүктелуін жеңілдету және плазмалық өңдеудің инновациялық технологиясын жасау және енгізу» (жетекшісі – т.ғ.д., профессор Канаев А.Т.) – жылына суммасы 5 000 000 тг. Орындалу мерзімі – 2012-2014 жж.
Қаржыландырылған және иницативтік ҒЗЖ іске асыру нәтижесі бойынша:
- минералды тыңайтқышты саралап қолданудың ақпараттық технологиясы және оны іске асыратын орталық сепкіш жүйесі бар культиватор-тыңайтқыш;
- топырақты нольдік өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштың негізгі мөлшерін енгізетін чизель-тыңайтқыш жасалып, өндіріске енгізілді.
2011-2012 жж. таңдамалы мақалалар
1. Нукешев С.О. Технологические и технические решения проблемы ярусного дифференцированного внесения туков. Агропанорама. №2. – Минск: Изд-во БГАТУ, 2012. – С.2-5.
2. Нукешев С.О. Научные основы внутрипочвенного дифференцированного внесения минеральных удобрений в системе точного земледелия (монография). - Астана, 2011. – 358 с.
3. Есхожин Д.З., Нукешев С.О., Тлеумбетов К.М. Некоторые результаты исследований сошника для ленточного внутрипочвенного внесения минеральных удобрений / Достижения науки– агропромышленному производству. Мат. научно-техн. конф. Часть III. - Челябинск: ЧГАА, 2011. – С.132-140.
4. Сыздыков Д.А., Нукешев С.О. Обоснование параметров туковысевающего аппарата удобрителя / Достижения науки– агропромышленному производству. Мат. научно-техн. конф. Часть III. - Челябинск: ЧГАА, 2011. – С.202-208.
5. Есхожин Д.З., Нукешев С.О. Повышение эффективности центрального распределения минеральных удобрений в пневмопроводе / Стратегия развития российского аграрного образования и аграрной науки в XXI веке. Мат. научно-практ. конф., посв. 70-летию Уральской государственной с.х. академии. 4 февраля2010 г. Часть II. - Екатеринбург: Уральская ГСХА, 2010. – С.25-34.
Патенттер
- Патент 19960 РК. Құрамалы сепкіш / жариял. 16.05.2011, бюл. № 5. – 4 с.: ил.
- Патент 22627 РК. Жер өңдейтін құрылғы / жариял. 16.05.2012, бюл. № 5. – 4 с.: ил.
Приборлық қамтамасыз етілуі
- авометр UNIT-T UT70B SERIES;
- сымсыз GPRS модем ModemUSB/G10 (UM1000), 2010 г.;
- GPS-навигатор GPSМАР 276С, 2008 г.;
- электронды таразы CAS MW-II – 300 BR, 2008 г.;
- әмбебап токар станогы CJ 0623, 2011 г.;
- бұрғылау станогы 6Н8, 2011 г.;
- фреза станогы PROMA FPX-20E, 2011 г.;
- әмбебап токарлы-ойма кескіш станогы SPD-1000P;
- гидравликалық баспақ (жаншыма);
Аграрлық ғылымның өркендеуіне мамандарды дайындауғе көп үлестерін қосқан ғылым докторлары, профессорлар Есхожин Д.З., Адуов М.А., Костюченков Н.В., Канаев А.Т., Бабченко Л.А., Нукешев С.О., ғылым кандидаттары, доценттер Сапаров О.С., Качканьян Р.А., Жусин Б.Т., Ахметов Е.С., Каспаков Е.Ж. және т.б
КБ келешекте өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын механикаландыруда техникалық құралдар мен құрылғыларды жетілдіруге бағытталған нано- және ақпараттық құрылғылар саласында да ҒЗЖ-рын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Директоры – Швидченко Владимир Корнеевич, а.-ш.ғ.к., доцент.
E-mail: Shvidchenko50@mail.ru
Агробиологиялық зерттеулердің инновациялық ғылыми-білім беру орталығы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының 26.10.2011 жылғы №323 бұйрығы негізінде «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ агрономия факультеті базасында орындалатын әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың бюджеттік гранттар мен ынталы, келісімшарттық ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қайта құрып, біріктіру жолымен құрылған.
Орталықтың негізгі мақсаты агрономия және ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың биологиясы саласында білім беру қызметінің сапасын арттыру, оқу орнының агрономия факультеті оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми әзірлемелерін коммерциализациялау және оларды өндіріске ендіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- агрономия және биология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуын үйлестіріп ұйымдастыру;
- іргелі және қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттарын дамытудың басымдылықтарын анықтау;
- ғылым мен тәжірибені біріктіру мәселесінің оңтайлы шешімін іздеу;
- «Орталық» қызметін мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен, сондай-ақ шаруашылық келісімшарт тақырыптары және шаруашылық (коммерциялық) қызмет есебінен орындалатын ғылыми бағдарламаларды қалыптастыруда сәйкес ЖОО мен ҒЗИ-лармен үйлестіруге қатысты ұсынымдар жасау;
- агрономия және биология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің басымдылықтары мен маңызды бағыттары бойынша ғылыми жобаларды ұйымдастыру және әзірлеу, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу;
- республикалық және халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру;
- кафедралардың және сәйкес ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары қатарынан студенттер мен магистранттар, докторанттарды міндетті түрде қатыстыра отырып, шығармашылық ұжымдар құру;
- ғылыми зерттеулердің бағдарламалары мен әдістемелерін қалыптастыруға қатысу және олардың іске асырылуына бақылау жүргізу;
- «Орталықтың» кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында жүргізілетін зерттеулерді орындауға ЖОО аяқтасысымен студенттерді, магистратура және докторантура түлектерін белсенді тарту;
- озат ғылыми жетістіктерді насихаттауға ықпал ету және ғылыми зерттеулер нәтижелерін халық шаруашылығына, сонымен қатар оқу үдерісіне ендіру;
- ғылыми-өндірістік конференциялар, семинарлар, мәжілістер ұйымдастыру, кеңес беру қызметтерін көрсету, ғылым мен өндіріс саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
- астық дақылдары – жаздық жұмсақ бидай, арпа және сұлы селекциясында жаңа әдістер әзірлеп ендіру;
- картоп селекциясының жаңа бағыттары үшін генетикалық-селекциялық негіздер әзірлеу – картоптың емдәмдік және емдік тағамдарға арналған арнайы сұрыптарын жасап шығару;
- картоп тұқым шаруашылығына вируссіз негізде жаңа технологияларды жетілдіріп, ендіру.
І
ке асырылған ғылыми жобалар:
- «Вируссіз тұқымды картоп өндірісі технологиясын шығымдылықты, сапаны арттыру және алынатын өнімнің өзіндік құнын біршама төмендетуде таңдаулыларын өндіру мерзімін қысқарту негізінде әзірлеу және ауылшаруашылық тәжірибеге енгізу» (грант туралы келісім № 0201/08/01/11, 2008-2011 жж., ҚР АШМ және Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің бюджеттік бағдарламасы);
- «Аймақта өнеркәсіптік бақ шаруашылығын жандандыру мақсатында жеміс және жидек дақылдарының көшет материалдарын жедел көбейтудің биотехнологиялық әдістерін әзірлеу және Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық тәжірибесіне енгізу» (грант туралы келісім № 2009-147-ГД, 2009-2012 жж., ҚР АШМ және Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің бюджеттік бағдарламасы);
- «Картоптың сауықтырылған in vitro сұрыптарының танап жағдайларындағы қорын жасау» (ҚР АШМ бюджеттік бағдарламасы (042), 2009-2011 жж.);
- «Күздік, жаздық бидай мен тритикаленің сұрыптарын, түрлерін және тізбелерін физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық және гендік-инженерлік тестілерді пайдалана отырып, классикалық селекция әдістері арқылы жасау» (ҚР АШМ бюджеттік бағдарламасы (042), 2009-2011 жж.);
- «Жаздық арпа мен сұлының сұрыптарын, тізбелері мен түрлерін физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық және гендік-инженерлік тестілерді пайдалана отырып, классикалық селекция әдістері арқылы жасау» (ҚР АШМ бюджеттік бағдарламасы (042), 2009-2011 жж.);
- «Отандық диагностикумдар өндірісін жасаудың ғылыми қамтамасыз етілу әзірлемесі» (мем. тақырып №7 (042), 2009-2011 жж., ҚР АШМ).
Жаңа жобалардың іске асырылуы:
- жоба: «Қазақстанның астық егілетін аймақтарында астықтың тұрақты өндірісі үшін арпа мен сұлының өнімділігі жоғары, бейімді жаңа сұрыптарын пайдаланудың әртүрлі бағыттары (жемшөптік, сыра ашыту, тағамдық) бойынша жасау».
- тапсырма: «Қазақстанның солтүстік құрғақ даласы жағдайына жақсы бейімделген арпа мен сұлы сұрыптарын селекциялау үшін теориялық және қолданбалы негіздерін – ауылшаруашылық биотехнология, жыныстық будандастыру және индуцирленген химиялық мутагенездің заманауи әдістері негізінде әзірлеу».
Есеп беру кезеңі: 01.01.2012 - 31.12.2013 ж.
- жоба: «Негізгі вирусты және бактериалды ауруларға төзімді гендерді идентификациялау және картоптың асханалық және емдәмдік бағыттағы өнімділігі жоғары экологиялық икемді жаңа сұрыптарын селекциялау».
- тапсырма: «Ауылшаруашылық биотехнология, жыныстық будандастыру және индуцирленген химиялық мутагенездің заманауи әдістері негізінде картопты селекциялаудың жаңа бағыты – адам денсаулығын қалыпты ұстауға және жақсартуға қабілетті көкөніс өнімдерінің бір түрі ретінде арнайы (емдәмдік) сұрыптарын жасауға арналған бастапқы көлемді материал жасау»
Есеп беру кезеңі: 01.01.2012 - 31.12.2013 ж.
Өнертабыстарға патенттер (2011-2012 жж.):
- «Картоптың шағын түйнектерін in vitro индуцирленген клеткалы құрылымнан алу тәсілі», өнертабысқа инновациялық патент № 23915, ҚР өнертабыстар мемлекеттік реестрінде 29.03.2011 жылы тіркелген;
- Картоп өсімдігін вирус алып жүрушілігіне балау тәсілі», өнертабысқа патент, 15.08.2011 жылғы № 8 бюл.
- «Іn vitro картоптың шағын түйнектерін алу тәсілі», 15.08.2011 жылы жарияланған, № 8 бюл.;
- «Іn vitro каллустық дәнді-дақылдарды сақтау тәсілі», 15.08.2011 жылы жарияланған, № 8 бюл.
Орталықтың келесідей екі танаптық стационары бар:
- Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Нива» шаруа қожалығы базасындағы танаптық стационар;
- Ақмола облысы, Бұланды ауданы, «Журавлевка» ЖШС базасындағы танаптық стационар.
010011, Қазақстан, Астана қаласы,
Алия Молдагұлова көшесі, 27г, 103 каб.
тел./факс 8 (717-2) 31-08-59;
E-mail: nic-fitosanitariya@mail.ru
Фитосанитарлық мониторинг, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-инновациялық орталығы (ФМӨҚКҒИО) «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Басқарма төрағасының 2013 ж. «9» қаңтарындағы № 15 бұйрығы негізінде құрылған.
ФМӨҚКҒИО негізгі қызметтері:
-фитосанитарлық мониторинг және болжау әдістері, өсімдік қорғау және карантиндегі инновациялық технологиялар, пестицидтер, Қазақстан Республикасы мен шетелдерінде (ЕурАзЭБ, ТМД, Еуроодақ, ФАО БҰҰ қамқорлығындағы елдерде) аса қауіпті, қауіпті зиянды және карантинді ағзалар бойынша білім деңгейін қалыптастыру;
-фитосанитарлық мониторинг және зиянды ағзаларды болжау, өсімдік қорғау және карантині, соның ішінде орман қорғау бойынша, сондай-ақ өзекті сабақтас бағыттар бойынша ҒЗЖ орындау;
-гранттық қаржыландыру байқауларына, технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, ҒЗЖ мен коммерциялау жүргізу үшін АҒҚТ және КҒҚТ гранттар бағдарламасына, технологиялық бизнес-инкубаторлау қызметтерін көрсету жобаларына, ҚР министрліктері мен облыстық әкімдіктер бағыты бойынша ғылыми зерттеулер бағдарламаларына қатысу, мүдделі ұйымдардың тапсырыстарын орындау;
-өсімдік қорғау және карантині, соның ішінде орман қорғау бойынша мамандардың біліктілігін арттыруда магистрлер, доктаранттар мен білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауға көмектесу;
-фитосанитарлық мониторинг, өсімдік қорғау және карантині сұрақтары бойынша министрліктерге, агенттіктерге, фирмаларға, ауылшаруашылық кәсіпорындарына және басқа да мүдделі ұйымдарға ғылыми, консультациялық және практикалық көмек көрсету;
-инновациялық технологиялар мен алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерді насихаттауға көмектесу, халықаралық және ұлттық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен форумдарға қатысу және ұйымдастыру;
Қазіргі таңда ФМӨҚКҒИО келесі ғылыми жобаларды орындауда:
1.«Геоақпараттық GLONAS/GPS–технологиялар» негізінде астық өндіруді және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін Қазақстанның солтүстігінде астық тұқымдастарының аса қауіпті зиянды ағзаларын (Apamta anceps Schift, Mayetiola destructor Say) фитосанитарлық бақылауды және болжауды жаңалау» тақырыбы бойынша «өмір туралы ғылым» басымдылығы, «азық-түліктік қауіпсіздік» ішкі басымдылығы бойынша, «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» 055 бюджеттік бағдарламасы бойынша, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 101 ішкі бағдарламасы бойынша, 2012-2014 жж. Ғылыми жетекшісі – б.ғ.д, профессор В.К.Әжбенов.
2.«Астық экспорттау және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін жорғалаушылар кекіресін анықтау және жою әдістерін жаңалау» тақырыбы бойынша, «өмір туралы ғылым» басымдылығы, «азық-түліктік қауіпсіздік» ішкі басымдылығы бойынша, «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» 055 бюджеттік бағдарламасы бойынша, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 101 ішкі бағдарламасы бойынша, 2012-2014 жж. Ғылыми жетекшісі – б.ғ.д, профессор В.К.Әжбенов.
Фитосанитарлық мониторинг, өсімдік қорғау және карантині ғылыми-инновациялық орталығы директоры – Валерий Кенесұлы Әжбенов өсімдік қорғау және карантині саласында тәжірибелі ғалым және профессионал болып табылады. Ол - биология ғылымдарының докторы (1995), ҚР АШҒА корреспондент-мүшесі (1998), С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ профессоры (2002). Ол 1963 ж. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) өсімдік қорғау факультетін бітірген. 1963-2000 жж. Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ кіші, аға ғылыми қызметкері, лаборатория және бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2000-2006 жылдары В.К. Әжбенов ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің шақыруы бойынша «Фитосанитария» РМК бас директорының 1-орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ кафедра меңгерушісі және профессор болып жұмыс істеді, ал 2006 ж. бастап казіргі таңға дейін университетте профессор қызметін атқарады.
Биология ғылымдарының докторы, профессор В.К. Әжбеновтің негізгі ғылыми жұмыстары өсімдік қорғау және карантині, агроэкология, зиянды ағзаларды фитосанитарлық бақылау және болжау өзекті мәселелерін қамтиды. Ол Қазақстанның әр түрлі аймақтарында және іргелес аумақтарында аса қауіпті зиянды ағзалар ошақтарын анықтау бойынша кең мониторингтік зерттеулер жүргізді. Осымен қатар дәнді дақылдардың аса қауіпті зиянды астықтың сұр көбелегін (Apamea anceps Schiff.) болжау жүйесі құрылды, ауылшаруашылық пайдалы жерлерде зиянды ағзаларды фитосанитарлық бақылау және болжау және қоршаған ортаға кері әсерін тигізуді жоятын пестицидтерді ауылшаруашылығында тиімді қолдану бойынша ұлттық жүйе концепциялары ұсынылды. Ғалым 145-тен астам ғылыми жұмыстар жариялады, соның ішінде 3 монография, оқулық, 15 нұсқаулар және әдістемелік нұсқамалар, 3 өнертабысқа авторлық куәліктер бар.
Биология ғылымдарының докторы, профессор В.К. Әжбеновтің жетекшілігімен 6 магистрлық диссертация қорғалды. Ол ҚР «Жаршы» журналының редакция алқасы мен Орта Азиялық этномологиялық қоғамының мүшесі, КазгосИНТИ, ҚР БҒМ, Орта Азия және Қазақстан бойынша Usaid, «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сараптамашысы болып табылады. Шегірткелер бойынша ФАО БҰҰ халықаралық конференцияда (Алматы, 2000), CIRAD орталығында халықаралық симпозиумға (Франция, 2002), Өсімдік қорғау бойынша бүкілресейлік конференцияға (Москва, 2003), Өсімдік қорғау бойынша халықаралық конференцияға (Алматы, 2008), Агроэкожүйелерді фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша халықаралық конференцияға (Новосибирск, 2008, 2010), Аса қауіпті зиянды ағзалар бойынша РФ және ҚР форумына (Оренбург, 2013) баяндамамен қатысты. КСРО ХШЖК Алтын медалімен (1990), «Еңбек ардагері» медалімен (1990), ҚР ҚАШҒА (1992) және ҚР АШМ (2000) құрмет грамотасымен, «Ресей ауылшаруашылық академиясы СБ 40 жыл, 1969-2009» медалімен (2010), «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ 55 жыл» төс белгісімен (2012) марапатталған.
Биология ғылымдарының докторы, профессор В.К.Әжбеновтің бастамасымен университетте алғашқы рет өсімдік қорғау және карантин кафедрасы, фитосанитарлық мониторинг, өсімдік қорғау және карантині ғылыми-инновациялық орталығы (ФМӨҚКҒИО) ұйымдастырылды. Университеттің өсімдік қорғау және карантин бойынша соңғы жылдардағы көптеген жетістіктері оның қажымас қызметімен, ұйымдастыру дарынымен, жеке бас қасиеттерімен байланысты. Ол идеялар тудырушы, ғылымға жаңартпашылықпен келу бастамашысы болып табылады, ҚР АШМ, ҚазӨҚжКҒЗИ, «РФДжБМО» ММ, РКЛ, ҚР химиялық компаниялары мен фирмаларымен, ҚР университеттері мен колледждерімен, РФ «Ресей ауылшаруашылық орталығы» ФМБМ және университеттерімен, өсімдік қорғау және карантин бойынша ФАО БҰҰ ұйымдарымен шығармашылық ынтымақтастықты қолдайды.
1. Ғылыми орталықтың толық атауы: Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми зерттеу платформасы (АБҒЗП)
2. Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:
3. Негізгі міндеттер:
4. Жобалар
Аяқталған ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламалар
2023-2025 жж. Орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламалары
5. 2021-2023 жылдар аралығында шыққан мақалалар
(Web of Science, Springer Link, Scopus, РИНЦ ресурстарына кіретін рейтингті басылымдарда және БҒСБК ұсынған тізімге кіретін нөлдік импакт-факторы бар басқа ғылыми журналдарда шыққан).
6. Патенты
7. Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу платформасының құрылымы
8. Қондырғылармен қамтамасыздандырылуы
Иммунды химия зертханасы:
Молекулалық биология зертханасы:
Микробиология зертханасы:
Балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды үйлестіру үшін және балық шаруашылығын өркендетуге бағытталған басты ғылыми ізденістерге қатысу, сондайақ оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында ҚР «Ғылым» туралы Заңының 10 бабына сәйкес университет жанынан ғылыми бөлім ашуға болатындығына сүйене отырып «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасының 2010. 07. 10 берілген бұйрығымен «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
«Балық шаруашылығы» ҒЗО - балық шаруашылығы саласындағы фундаментальді және қолданбалы ғылымның дамуын ұйымдастырушысы және үйлестіруші ғылыми – зерттеу бөлімшесі болып саналады.
«БШ» ғылыми –зерттеу орталығының басты мақсаттары:
- балық шаруашылығы, кәсіптік балық аулау және аквакультура салаларының даму бағытын анықтау;
- ғылым мен тәжрибені ұштастырудағы негізгі проблемаларды шешу жолдарын іздестіру;
- білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау;
- «БШ» ҒЗО, іргелес жоғарғы оқу орындардың және ҚР Балық шаруашылығы ҒЗИ ғалымдарымен бірлесіп Мемлекеттік бюджеттің қаражатымен орындалатын ғылыми бағдармаларды конкурстық негізде атқаруды қалыптастыру;
«БШ»ҒЗО өзінің күнделікті қызыметінде мынадай мәселелерді атқарады:
• балық шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау жұмыстарын атқару және оларды енгізу;
• елімізде өткізілетін, балық шаруашылығы саласындағы фундаментальді және қолданбалы зерттеулер мен қатар халықаралық жобалардың конкурсына қатысу;
• Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының өзекті мәселелер бойынша иновациялық жобаларды дайындау және негізу;
• республикалық ғылыми тапсырыстарды және халықаралық жобаларды орындау үшін кафедраның, сондай-ақ іргелес ғылыми ұймдардың жетекші ғалымдары мен магистранттары қатарынан ғылыми творчествалық ұжымды қалыптастыру;
• ғылыми бағдармалар мен зерттеулерді қалыптастыруға сонымен қатар осы жұмыс тақырыптарын атқарушылардың іс-әрекеттерін бақылауға қатысу;
• осы салада қызмет атқаратын лауазымдардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
• су қоймаларының биологиялық негіздемелерін жасау;
«БШ» ҒЗО құрамында мынадай ғылыми құрылымдар бар:
• гидробиология және ихтиология зертханасы;
• балықты қолдан көбейтуге арналған шағын цех;
• сәнді балықтар зертханасы;
• «Дударай» оқу-өндірістік аңшылық және балық шаруашылығы.
«БШ» ҒЗО ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін штат құрамы белгіленді. Оның құрамына мына лауазымдар кіреді:
«БШ»ҒЗО директоры: Сыздықов Қ.Н.- в.ғ.к., доцент,
Зертхана меңгерушісі: Джаманбаев Т.Д.. Ғылыми қызыметкерлер: а/ш ғ.к., доцент Григорьев Б.Н., Оразғалиева Қ.С. Әубакирова Г.А. және зертханашы Тамабаева М.К..
Қазіргі кезде «БШ» ҒЗО қызметкерлері жалпы қаражат көзі 3,5 млн теңге болатын, бәсекелестік грант жүйесі негізінде « Тауарлы-көл жағдайында тұқы балықтарын өсіруді жетілдіру» тақырыбы бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын атқарып келеді. Ғылыми – зерттеудің негізгі бағыты ол ғылыми ізденісті өндіріске енгізу.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010011, Астана қ.,Жеңіс даңғ. 62, 716 ауд. Тел.:(7172) 395807, е-mail: kta2006@bk.ru
Аграрлық дамудың экономикалық мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы С.Сейфуллин ат.Қазақ агротехникалық университеті ректорының 18 қаңтар 2005 жылғы № 19 бұйрығы негізінде құрылған. Орталық Агроөнеркәсіптік кешені аймағындағы қолданбалы экономикалық зерттеуді реттеу және олардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақ агротехникалық университеті ректорының Сейфуллин ат. 18 қаңтар 2005 жылғы №19 бұйрығы негізінде құрылған.
АДЭМО С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ғылыми-зерттеу бөлімі болады. Өз қызметінде АДЭМО келесідей негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
• ауылшаруашылығы ресурстарын пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру мақсатында қолданбалы ғылыми -зерттеу жұмыстарын орындау;
• экономикалық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру бойынша инновациялық жобаларды жасау және енгізу;
• экономикалық талдау, ауылшаруашылық ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, әртүрлі меншік иелігіндегі кәсіпорындардың қаржылық есебін жасау және аудиті бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету;
• үздік ғылыми жетістіктерді насихаттау және ғылыми зерттеулердің нәтижесін халық шаруашылығына енгізуге көмек көрсету;
• экономикалық бағыттағы мамандар дайындау сапасын арттыру үшін ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға студенттерді тарту.
2005 жылдан бері кафедрада орындалған ғылыми жобалар:
• 2003-2007жж. «Қазақстанда егістікті сақтандыруды дамыту: сақтандырудың тиімді схемасын іздеу» бірлескен қазақ-германия ғылыми жобасы табысты жүзеге асырылған (неміс жағынан жобаның серіктесі Орталық және Шығыс европа елдерінің аграрлық даму институты болды, Халле қ., ГФР). Қаржыландыру Фольксваген-Штифтунг Қоры тарапынан болды, жобаның қазақстандық бөлігін қаржыландыру көлемі 43700 Евро болды.
Жүзеге асыру үдерісіндегі ғылыми жобалар:
• «Ылғал қорын сақтау технологиясын қолданып егіншіліктің бейімдеу жүйесін экономикалық бағалау » шарасы «Ылғал қорын сақтау технологиясы және жерді пайдаланудың бейімдеу жүйесінқолдану арқылы астық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету» жобасы бойынша 042 «АӨК аймағында қолданбалы ғылыми-зерттеулер» 2009-2011жж.Мемлекеттік бағдарлама аясында – құны 3 000 000 теңге;
• «Ақмола облысы Егіндікөл ауданы «Қоржынкөл-А» ЖШС-де аграрлық сектор өнімдерінің нақты нарығында кәсіпорындардың бәсекелестік позициясын анықтау әдісі», құны- 250 000 теңге.
• Халықаралық жоба «Updating Index-based Crop Insurance Design-Өсімдік шаруашылығында сақтандыру бағдарламасын индекстер негізінде жетілдіру» Institute of Environmental Decisions (ETH Zurish, Швейцария), С.Сейфуллин ат.ҚазАТУ қасындғы АДЭМО, космостық зерттеудің Ұлттық Орталығы (Алматы, Қазақстан), Бүкілресейлік агроклиматикалық зерттеу институты (Обнинск, РФ) қатысуымен. Жобаның қазақстандық бөлігін қаржыландыру көлемі 67000 швейцария франкісі. Жобаның жүзеге асырылу кезеңі:2010-2012 жж.
АДЭМО-ның ғылыми жобалары бойынша серіктестестері-шетелдік ұйымдар:
• Орталық және Шығыс европа елдерінің ауылашаруашылығын дамыту институы –IAMO (Халее қ., ГФР);
• Шөлейт Аймақтардағы Ауылшаруашылық Зерттеудің Халықаралық Орталығы (ICARD Алеппо қ., Сирия);
• Institute of Environmental Decisions-ЕТН (Цюрих қ., Швейцария);
• Бүкілресейлік агроклиматикалық зерттеулер ҒЗИ (Обнинск қ., РФ)
Аграрлық дамудың экономикалық мәселелері Орталығының директоры – экономика ғылымдарының докторы, профессор Талғат Аманжолұлы Құсайынов.
АДЭМО зерттеу жұмыстары құрамында С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ профессорлық-оқытушылар, магистранттар және студенттерден жекелеген тақырыптарды жүзеге асыру үшін құралған шығармашылық топппен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жоғары білікті ғалымдар мен мамандар тобымен жүргізіледі: Құсайынов Т.А., Исмаилова Ә.С., Өтебаев Б.С., Борина Б.Қ., Байдақов А.Қ., Төкенова С.М., Мусина Г.С.
Орталық директоры – ф.ғ.д., доцент Абдина Айнұр Қанапияқызы
Гуманитарлық зерттеулер және білім технологиялары ғылыми зерттеу орталығы «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен 2012 жылдың 30 наурызында құрылды.
2012 жылдың 20 сәуірінде орталықтың ашылуы өтті.
Орталықтың құрылу себебі:
• гуманитарлық салада ғылыми зерттеулер жүргізу;
• білім технологияларын жоғары мектептерде тәжірибеге енгізу;
• білім модернизациясы мәселелерін шешуге көмектесу, білім мекемелерінің инновациялық қызметін ғылыми-әдістемелік қолдау;
• заманауи даму жағдайында жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби деңгейін арттыру.
Орталық өз қызметін ғалымдар, магистранттар мен студенттерден құралған еркін бірлестік ретінде жүргізеді.
Оларды Орталық құрамына кіргізудің негізгі шарттары:
• тұлға қалыптасуының тұтас құндылығын мойындау мен білім модернизациясы үдерісінің қажеттілігі;
• орталықтың ғылыми зерттеу бағыты аясында өзіндік зерттеу тақырыбының болуы.
Орталық қызметінің мақсаты
• Білім модернизациясы мәселесін шешуге бағытталған, жоғарғы оқу орындарындағы білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылыми-әдістемелік қолдау.
Орталықтың негізгі міндеттері
• ғылым мен техниканың дамуында маңызды бағыттардағы жаңа технологияларды игеру мен жаңа білімдерді қалыптастырудың негізі ретінде басым іргелі зерттеулерді дамыту;
• жоғары білімнің дамуы мен қалыптасуында теориялық және әдіснамалық негіздерді зерттеу және ұсыну;
• білім және тәрбие міндеттерін шешуде ғылым ықпалын күшейту, жоғарғы білімнің дамуында ғылымды сипаттаушы базистік көрсеткіштерді сақтау және нығайту;
• әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен өндірістің жаңаруы мәселелерін шешуде жоғары мектептің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану;
• жоғары технологиялар нарығына бағытталған, білім модернизациясы үдерісі мақсатында инновациялық қызметті дамыту;
• әлемдік ғылым және білім жүйесіне ену және ортақ ғылыми-техникалық өнім өндіру мақсатында шетелдік оқу орындары мен фирмалармен халықаралық ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейту;
• зерттеу мен жобалардың қаржылық негізін бюджеттен тыс қаражатты пайдалану мен инновациялық қызметті қолдану арқылы дамыту.
Орталықтың миссиясы
• білім, мәдени, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді зерттеу;
• әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуде перспективті бағдарламаларды ұсыну;
• іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
• әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
• әлеуметтік маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қатысу;
• әлеуметтік маңызды жобаларды консалтингтік қолдау;
• әлеуметтік, этикалық және мәдениеттану саласы бойынша тәуелсіз сараптама өткізу;
• халық арасында әлеуметтік-экономикалық салада ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар атқару.
АӨК-ті цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттілік орталығы Агроөнеркәсіптік кешендегі заманауи геоақпараттық жүйелер мен технологияларды ілгерілетумен, сондай-ақ цифрландыру, Жерді қашықтықтан зондтау, ГАЖ технологиялары, жасанды интеллект, Автоматтандыру және экономиканың түрлі салалары мен қызмет салаларындағы міндеттерді шешуге арналған цифрлық платформалар басым болатын инновациялық технологияларды дамытумен айналысады, оларды қолдану практикасын оқыту арқылы, ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың негізінде қызметтер көрсету, ел экономикасының инновациялық әлеуетін арттыру үшін бизнес құрылымдармен ынтымақтастықта.
Орталықтың құрамына келесі зертханалар кіреді:
- Ауыл шаруашылығындағы ГАЖ технологиялары
- Үлкен деректерді талдау (Big Data)
- Жасанды интеллект
Қызмет бағыттары:
- Ғылыми зерттеулерді іске асыру;
- Бөгде ұйымдардың тапсырысы бойынша жұмыстарды орындау;
- Мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізу АӨК цифрландыруда ГАЖ, ЖҚЗ, жасанды интеллект технологияларын әзірлеу, қолдану және тарату, деректерді талдау;
- ЖҚЗ ГАЖ технологияларын, цифрландыруда жасанды интеллект технологияларын пайдалануға мүдделі Бөгде ұйымдардың мамандарын оқыту бойынша қызметтер көрсету.
Негізгі серіктестер
"Қазақстан Ғарыш Сапары "ұлттық компаниясы"АҚ
TOO "Kaz AeroSpace"
Флорида университеті (АҚШ)
Калифорния университеті, Дэвис (АҚШ)
Корея Университеті (Оңтүстік Корея)
Францияның ұлттық ауылшаруашылық зерттеулер институты (Франция)
Қытай Ғылым академиясы (Шыңжаң Экология және география институты)
Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясы
Берлин техникалық университеті (Германия)
Назарбаев Университеті, NURIS
Айова штатының университеті (АҚШ)
Airbus (Франция)
Монро Қоғамдық колледжі (АҚШ)
Қолданылатын ЖҚЗ деректері
Planet.com (PlanetScope, RapidEye, SkySat)
Landsat – TM, MSS, 7, 8 (30m, USA)
MODIS (Terra, Aqua) – (250m, USA)
Sentinel 1, 2, 3 (ESA, Europe)
Spot 6, 7 (1,5m, France)
GF 1, 2 (2 m, China)
Ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған жүктемелер
Оптикалық камера (Sony)
Көп спектрлі камера (MicaSense)
Жылу түсіргіш (FLIR VUE PRO 640)
Лазерлік лидар (Scout 16)
Гиперспектральды камера (Headwall nano-hyperspec)
Байланыс
+ 7 7172 38 45 29
Астана, пр. Женис 62Б, каб. 4203, 4202
https://www.facebook.com/gis.katu