Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесімен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін ақы төлеуге арналған білім беру грантын беру ережелері негізіне сүйене отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы түрдебілім алатын білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
««Конкурс аралық аттестация қорытындысы бойынша барлық оқу кезеңінде оқу үлгерімінің орташа балл GPA көрсеткіші негізінде білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті беру арқылы жүргізіледі.»
Конкурстың ашықтығы жайлы хабарландыру https://kazatu.edu.kz/kz/notices сайтында «Хабарландыру» бөлімінде кадрларды дайындау бағыты, курсы және бос білім беру гранттары санын көрсете отырып жарияланады.
GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- ("өте жақсы") бағалары, одан кейін – А, А- ("өте жақсы") - В+, В–, С+ ("жақсы") бағалары, одан әрі-оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары білім алу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы демалыс кезінде конкурстық негізде мамандықтар бойынша университетте босаған орындарға жүзеге асырылады.
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру СМЖ 02.2027-2022 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу кезінде босатылған бос білім беру гранттарын тағайындау тәртібі туралы ережеде» жазылған және төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
Үміткер "Platonus"ААЖ (Нұсқаулық) жеке кабинеті арқылы конкурсқа ақылы негізде білім алушы БАҚКО-ға жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді, ресімделген оның GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісімі туралы көрсетеді. Өтінішке оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса береді. Барлық қайта оқу үшін Транскрипт БАҚКО ұсынады.
БАҚКО білім алушының өтініші мен құжаттар пакетін тіркеу журналына қабылдайды және тіркейді;
Уміткерлердін академиялық өнімділігі GPA-дын орта баллы бойынша АИС Platonus-тын білім беру бағдарламалары, курсы, оқу мерзімі және формасынан іріктелінеді. Білім беру бағдарламасы бойынша,үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу және жоғары оқу орнынан кеиінгі білім алу процессінде босаған бос білім беру гранттары дайындық бағытындағы немесе білім саласына таратылады.
БАҚКО үміткерлердің тізімін факультеттің қамқоршылық кеңесінде қарау үшін деканаттарға, содан кейін ЖОО Ғылыми Кеңесінің шешіміне жолдайды.
үміткерлерді іріктеу жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Университет әкімшілігі осы құжаттарды қарап, ғылыми кеңестің және факультеттің қамқоршылық кеңестің шешімімен бірге 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР ҒжЖБМ -ге бос білім гранттарына ауысу үшін үміткерлердің тізімін жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің және факультеттің қамқоршылық кеңестің шешімімен бірге білім алушының транскрипті, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білім беру гранты иегерінің куәлігі (ішкі лицензия) және ЖОО-дан шығарылған бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі;
- ҚР ҒжЖБМ келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде түскен жылын ескере отырып қарайды және оң шешім болған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бос білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары);
- мемлекеттік білім беру грантын қайта ресімдеу туралы ҚР БҒМ бұйрығы негізінде Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің Ұлттық орталығы мемлекеттік білім беру гранты иегерін ауыстыру туралы өтініш берген білім алушының атына куәлік жазады;
- Берілген білім беру грантын беру туралы куәлік және ҚР ҒжЖБМ бұйрығы негізінде білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға ауысу күнін көрсете отырып, университет бойынша бұйрық шығарылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.