Оқу орнымызда студент-жастарды өнерге, шығармашылыққа баулуға ерекше мән беріледі. Бұл бағытта арнайы құрылған шығармашылық дамыту орталығы жұмыс жасайды. Орталықтың көркем жетекшісі Вахитов Н.Х.
Аталған орталықта төмендегі шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді:
Бұл клуб аясында барлық факультеттердің құрама командаларынан бөлек қалалық, республикалық сайыстарға белсенді қатысып, топ жарып жүрген «ҚазАТУ құрамасы», «Аграрка құрама штаттары», «Казагро», «Аграрка қыздары», «Сафари», «Интрига», «Не кипишуй» командалары.
Бүгінде шығармашылық бағытта оқу орнымыз республикалық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы университеттің Көңілді тапқырлар құрама командасы «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген жоғарғы лига сайысында вице чемпион атанды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты республикалық сайыста 20 команданың ішінен ІІ жүлделі орынды, 2016 жылы «Ертіс» лигасы аймақтық КВН ойындарында чемпион атағын жеңіп алды.
2019 жылы құрамалар бірнеше жетістіктерге ие болды, соның ішінде «ҚазАТУ құрамасы» Республикалық КТА ойындарының жоғарғы лигасында 3 орын алды, «Аграрка құрама штаттары» КТА фабрикасының вице-чемпионы атанса, «Не кипишуй» командасы Республикалық «Ертіс» Лигасының» чемпионы болды.
2021 жылы наурыз айында «Александр Масляков пен Компания» ЖШС «Не кипишуй ҚазАТУ» КТК командасын Сочи қаласындағы Халықаралық КВН Одағының Бірінші лигасының фестиваліне қатысуға шақырды, біздің команда 1/8 финалға сәтті өтті және 1/4 финалына шақырылып, ондааудиторияны жеңіп, керемет ойын көрсетіп, келесі кезеңге өтті.
Шығармашылық бағытта «Ақ желкен» студенттік театрының жетістіктерін ерекше айтып өтуге болады. Аталған театр ізденушілері жыл сайын белгілі қазақ және шетел драматургтарының қойылымдарын сахналайды. Қазіргі уақытта бұл студенттік театрдың репертуарында драматург Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», С.Балғабаевтың «Махаббат бар ма?», Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапат», қырғыз драматургы Ч.Ахметованың «Я тоже хочу быть счастливой» және т.б. қойылымдары бар.
2012 жылдан бастап аталған студенттік театр С.Сейфулиннің азаматтық бейнесін насихаттайтын, авторлық тапсырыспен арнайы жаздырған драмалық қойылымдарды сахналауды дәстүрге айналдырды. Авторлық тапсырыспен жаздырған драмалық қойылымдардың авторы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Ғ.Е.Ештанаев.
Бүгінде «Ақ желкен» студенттік театры аталған автордың «Емен – ұзақ жасайтын ағаш», «Жолайырық», «Ақын мен ажал» қойылымдарын сахналады. Алдағы уақытта аталған автор ұсынған С.Сейфулиннің азаматтық бейнесін насихаттайтын «Жол басы» және діни экстремизмнің алдын алу, жастарды теріс пиғылды ағымдардан сақтандыру тақырыбындағы «Менің не жазығым бар еді?» атты драмалық қойылымдарын көрермендерге ұсынуды жоспарлауда.
«Ақ желкен» студенттік театрының тағы бір жетістігі – драмалық қойылымдарды үш тілде сахналауды қолға алуда. Мәселен, 2016 жылы 28 қараша күні Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында «Ақжелкен» студенттік театры бұған дейін қазақ тілінде қойылған «Ақын мен Ажал» трагедиялық қойылымының ағылшын тіліндегі премьерасын өткізді.
Театрдың жетістіктері: Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Жастар Жалыны -2015" байқауының театр аталымы бойынша жоғары оқу орындары арасында 2-орын иегері;
"Жастар Жалыны - 2017" байқауында 1 орын иегері ("Күшік күйеу" комедиясымен).
2019 жылдың сәуір айында Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Елімнің өнерге құштар жастары» атты республикалық студенттік театрлар фестивалінде 12 қатысушының ішінде бас жүлде иегері («Сәкен» трагедиясымен).
2019 жылдың 25-27 қазан күндері Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен республикалық студенттік театрлар фестивалінің 1 орын иегері (Ш. Айтматовтың «Жәмилә» премьерасымен).
«Шаттық» би ансамблі де жыл сайын түрлі байқауларға белсенді қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мәселен, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Жастар жалыны» байқауының Ұлттық би номинациясы бойынша 4 дүркін чемпиондық атағын жеңіп алды.
Біздің оқу орнымыздың өнерлі жастары «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Елорданың жоғары оқу орны студенттері арасында ауқымды көлемде «Жастар жалыны» телевизиялық жастар шығармашылық фестивалінде екі жыл қатарынан Гран при иегері атанды («Жастар жалыны – 2015», «Жастар жалыны – 2016»). Аталмыш шараға бас қаладағы ЖОО-ындағы мыңға жуық студенттер қатысты.
Байқау ережесі бойынша 10 номинация арасында бәйге болды. Олар: «Эстрадалық ән», «Халық биі», «Үздік жанкүйерлер», «Үздік студенттік клуб», «Үздік еріктілер жобасы», «Авторлық мәнерлеп оқу», «Квест» ойыны, «Үздік бейнеролик», «Үздік музыкалық аспапта ойнау» және «Не? Қайда? Қашан?» номинациялары.
2018 жылдың қараша айында өткен «Розы Казахстана-2018» VI Халықаралық хореографиялық фестиваль-конкурсында «Шаттық» би ансамблі «Халық биі» номинациясынан І орын және «Жоғары орындаушылық шеберлік» номинациясын еншілеп, Болгария еліне жолдама алды. Ал ансамбль жетекшісі Шамшиев Алмат Шердарұлы «Үздік балетмейстер жұмысы» дипломымен марапатталды.
«Жаңа толқын» жастар фестивалі өтті 26-27.10.2022
Білім күніне орай өткізілген университеттік іс-шара 01.09.2022
Білім күніне орай өткізілген университеттік іс-шара 01.09.2022
Отан қорғаушылар күніне орай патриоттық әндер байқауы өтті 18.05.2022
Наурыз мейрамына арналған концерт өтті 21.03.2022
8 - Наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай концерт ұйымдастырылды
8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өткізілді
«Сәкен әндері - Сарыарқаның қазынасы» атты ән байқауы өтті 24.02.2022
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.