Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Аңсабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызы
Аңсабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызы

Аңсабекова Гүлбақыт Нұрлыбекқызы

 

«Электр энергетикалық  жүйелер мен тораптар» мамандығы бойынша ғылым магистрі, аға оқытушы

Кабинет 1202, байланыс телефоны: 8(7172)388836.

Электрондық мекен жай: g.ansabekova@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылық саласы

Электр тораптарының топологиясы, электр энергиясының балама көздері.

Оқытатын пәндері

Электр тораптары және жүйелері

Электр энергетикадағы өтпелі процестер

Асқын кернеулер және оқшаулама

Электр тораптарындағы бейсимметриялық режимдер

Электр энергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік модельдеу

Білімі

1994-1999 жж. Алматы энергетикалық және байланыс институты, мамандығы «Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар», біліктілігі «Инженер-электрик».

1999-2000 ж.ж. Алматы энергетикалық және байланыс институты, магистратура, мамандығы «Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар», академиялық дәрежесі «Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар» мамандығы бойынша ғылым магистрі.

Енбек өтілі

2000 ж. Көкшетау қаласы, «Көкшетау Энерго» ЖШС, Орталық электр техникалық қызметінің ЭБЖ секторының 1 кат. технигі.

2003ж. Көкшетау қаласы, «Көкшетау Энерго» ЖШС, Перспективті дамудың техникалық бөлімі, жөндеу жұмыстарын жобалау инженері.

2005ж. Астана қ. , «С.Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ», «Электрмен жабдықтау» кафедрасы,  аға оқытушы, магистр.

Марапаттары, құрмет грамоталары

2005ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Алғыс хаты

2012ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Құрмет грамотасы

Біліктілігін арттыру

2012ж. «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Қашықтықтан оқыту әдістері» біліктілігін көтеру курсы.

2013, 2014ж.ж. ҚР БжҒМ, «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ: Оқу әдебиеттерін және оқу құралдарын әзірлеуші-авторлармен өткізілген семинар.

2013ж. «Заманауи жоғарывольтты қондырғылармен таныстыру курсы, «КЕGОС» АҚ АЖЭТФ, кернеуі 500 кВ «ЦГПП» ҚС.

2016ж. «Қашықтықтан оқытуда «Платонус» ААЖ функционалдық мүмкіндіктерін қолдану» семинар-тренинг.

2016ж. Ресей Федерациясы, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті», «Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр станциялары мен тораптарын жобалаудың, модельдеудің және пайдаланудың заманауи технологиялары» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы.

Басылымдар

  1. Ансабекова Г.Н., Мельников В.Ю. Күн батареялары – электр энергиясының балама көздері. Энергия қорын үнемдеу технологиялары-индустриалды-инновациялық дамудың негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Павлодар қ., 2008ж..
  2. Ансабекова Г.Н., Сарбасов Н.Н. Күн батареялары – электр энергиясының балама көздері. Университеттің 55-жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары - 8» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 2-том, 3-бөлім, Астана 2012.
  3. Туркебаева З. Т., Ниязбаева Х. К., Ансабекова Г. Н. «Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электржабдығы» - оқулық, 2015 ж.