Басты бет / Факультеты и кафедры / Бауыржан Момышұлы атындағы Аудитория
Бауыржан Момышұлы атындағы Аудитория

Бауыржан Момышұлы атындағы Аудитория

 



Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы — Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған қолбасшы, әскери стратег әрі жазушы. Ол соғыс өнері туралы терең ой-пікірлер айтып, тәжірибесімен бөлісіп кеткен. Оның соғыс өнері саласындағы ерекшеліктерін бірнеше негізгі бағытпен сипаттауға болады:

1. Тактикалық шеберлігі

Бауыржан Момышұлы әсіресе Мәскеу түбіндегі шайқастарда өзінің тактикалық дарынымен көзге түсті. Ол: Шегіне отырып шабуыл жасау (маневрлік қорғаныс) әдісін тиімді қолданған. Қорғанысты ұйымдастыруда орман, жыра сияқты жер бедерінің ерекшеліктерін шебер пайдаланған. Ауыр жағдайларда жауынгерлерге психологиялық тұрғыдан сенім мен шыдамдылық сыйлаған.

2. Партизандық әдістерді меңгеруі

Ол жиі күтпеген жерден шабуыл жасап, жауды шатастыру, кішігірім топтармен соғысып, қайта шегіну сияқты әдістерді қолданған. Бұл жауға үнемі қауіп төндіріп отырған.

3. Әскери этика мен тәртіп

Момышұлы әскери тәртіп пен моральға ерекше мән берген. Оның ұстанымдары:

Жауынгер тек қана қарумен емес, рухпен де күресуі керек.
Командир тек бұйрық беруші емес, үлгі көрсетуші тұлға болуға тиіс.
Патриотизм — ерлікке бастар жол.
 

4. Жазбаларындағы әскери философия

Бауыржан Момышұлының соғыс өнері туралы жазған еңбектері — болашақ ұрпаққа қалдырылған құнды мұра. Оның «Ұшқан ұя», «Артымызда Мәскеу», «Соғыс психологиясы» сияқты шығармалары әскери тәжірибе мен философияны ұштастырады.

Бауыржан Момышұлының Мәскеу түбіндегі шайқас кезінде қолданған тактикалық шешімдері мен «Соғыс психологиясы» еңбегіндегі мысалдардан көруге болады: 

-Мәскеу түбіндегі шайқас (1941)
-Негізгі жағдай:
1941 жылдың күзінде неміс фашистері Мәскеуге лап қойды. Осы кезде Бауыржан Момышұлы командирлік еткен 316-атқыштар дивизиясы (кейінірек 8-гвардиялық дивизия) Волоколам бағытында қаланы қорғап тұрды.

Тактикалық шешімдері:

Шегіне отырып соғысу:

Момышұлы жауға тік шабуыл жасаудан гөрі, жауды тереңге кіргізіп алып, кейін шабуылмен талқандауды таңдады. Бұл тактика арқылы жаудың алдыңғы шебі бөлініп, тылмен байланысы үзіледі.

Күтпеген шабуылдар: Түнде немесе тұман кезінде жасырын шабуыл жасап, жауды үрейлендіріп отырған.

Қоршауда қалса да берілмеу: Бірнеше рет жау қоршауында қалса да, батальонын аман сақтап, жаудың шебін бұзып шыққан.

Бауыржан Момышұлы мен Фидель Кастро — екеуі де өз елінің тарихында ерекше орын алған тұлғалар. Олар әр түрлі географиялық, тарихи, саяси ортада өмір сүрсе де, кейбір ұқсастықтарымен қатар, түбегейлі айырмашылықтары да бар. 

Бауыржан Момышұлы мен Фидель Кастро - әрқайсысы өз жолымен ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар. Бірі - майдан даласындағы ерлігімен, екіншісі - саяси күресімен тарихқа енген. Оларды байланыстыратын ортақ қасиет - халыққа деген адалдық, батырлық және рухани лидерлік.

Бауыржан Момышұлының жастарға өсиеті

 

«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі»

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»

«Туған елдің қадірін шетте жүрсең білесің»

«Тәуелсіздікке тек намысты, рухы биік ұрпақ қана жете алады»

 «Талап пен еңбек, тәртіп пен ұстамдылық – өміріңнің негізі»

Бауыржан Момышұлының өсиеттері — жастар үшін рухани бағдаршам. Ол бізге тек әскери тактика емес, адамдық пен елдік туралы өмірлік сабақтар қалдырды. Оның сөздері уақытпен тозбайды, қайта ұрпақ санасын тәрбиелейтін рухани қазына бола береді.

ҚАЗАҚСТАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ:ТАРИХТЫ ТҰҒЫРЛАҒАН ЕРЛЕР

Ұлы Отан соғысы — адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қайғылы кезеңдердің бірі. 1941 жылғы 22 маусымда басталған бұл қанды қақтығыста Кеңес Одағының барлық халықтары секілді қазақстандықтар да ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Қазақстанның халқы майдан мен тылда жеңіске елеулі үлес қосты.

Қазақ ССР-інен майданға 1 миллион 200 мыңнан астам солдат, 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды. Қазақстандықтар көбінесе майданның ең қауіпті аймақтарына түсіп отырды. Соғыстың алғашқы айларында Брест қорғаушыларының қатарында да жүздеген қазақстандықтар болды.

Қазақстан мен Қырғызстанда құрылған генерал И.В. Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты. 50 неміс танкісінің соққысына төтеп бере отырып, 28 жауынгер-панфиловшы 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково стансасының бойында төрт сағаттық ұрыс жүргізді, олардың астанаға бұзып-жарып өтуіне жол бермеді. Олардың бәрі қаза тапты, бәріне өлгеннен соң Совет Одағының Батыры атағы берілді. Сол дивизияның жауынгерлері, бір ұрыста 150 фашистің көзін құртқан даңқты автоматшы Төлеген Тоқтаровтың және Бородино селосының жанында бір күнде бес рет немістердің шабуылының бетін қайтарған Мәлік Ғабдуллиннің ерліктері ұмытылмақ емес. Мәлік Ғабдуллинге 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Москва үшін шайқаста, Батыр атағын 1990 жылы ғана алған, аға-лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон табандылық көрсетті. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары – қарағандылық ұшқыш Н. Әбдіров, минометші  Қ. Сатпаев, лейтенант Г. Рамаев Отан үшін ерлікпен қаза тапты.

1941 жылдың 6 қыркүйегінен бастап қазақ әскери бөлімдері Ленинградты қорғауға белсене қатысты. 1942 жылдың жазында қазақстандықтар Сталинград шайқасының алғы шебіне енді. Курск шайқасында және басқа да майдандарда қазақ бөлімдері мен құрамалары шайқасты, олар Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдованы, Украинаны және Шығыс Еуропа елдерін басқыншылардан азат етті.

Қазақстанда құралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер Ұлы Отан соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл кезде Ақтөбеде жасақталған 312-ші дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Шымкент қаласында құрылған 102-ші дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды.

Сталинград түбіндегі ұрыстарда Жамбыл қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы – желтоксанның басында бұл дивизия Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс-фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші атқыштар бригадасының батальондары Элиста-Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер бөлімдерінің жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда көптеген шығындарға ұшыраған неміс-фашист әскерлері Астраханьға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты.

Қазақстандық жауынгерлер Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдерін атауға болады. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

1943 жылы 5 тамызда 72-ші және 8-ші дивизия жауынгерлері қатысқан Батыс және Брянск майдандарының әскерлері Орел және Белгородты немістерден азат етті. Сол жылғы күзде 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы Калинин майданындағы 3-ші екпінді армия құрамында Невель қаласын азат ету операциясына қатысты. 1943 жылы 17-ші қыркүйек – 10-қазан аралығында 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы 4-ші екпінді армия құрамында Демидово қаласы маңындағы жаудың бекінісін бұзып өтіп, Смоленск және Витевск облыстарының 158 селосы мен деревнясын жаудан тазартты. Батыс майдан әскерлерінің құрамында сондай-ақ қазақстандық 30-ші гвардиялық және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. Украина жерін азат ету кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін 123 қазақстандық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әртүрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатыскан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, К. Омаров, А. Жұмағалиев, 3. Хұсайынов, Б. Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә. Шөріпов, Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т.б. бар.

Қазақстандықтар Еуропа халықтарын неміс езгісінен азат ету ісіне де үлкен үлес қосты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде ерекше көзге түскен қазақстандық 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасты. Фашисттік Германияның мызғымас қамалы Померанияда қазақстандық 456-шы және 209-шы атқыштар, 173-ші артиллерия полктері шайқасты. Мұндағы әскери операцияның табысты болуына Қазақстанда жасақталған 310-шы Новгородтық аткыштар дивизиясы елеулі үлес қосты. 1945 жылдың 16 сәуірінен бастап – 2 мамырға дейін қазақстандық жауынгерлер Германияның астанасы Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Булатовпен бірге алғашқылардың бірі болып, Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

Қазақстан жауынгерлер соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А. Голубев баскарған тобы Аргунь өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150-ші пулемет батальонының жауынгері Л.Г. Кравченко «Лесной» деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165-ші аткыштар полкінің командирі Н.Д. Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың корғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің құрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі Жапонияның Квантун армиясын 15-20 күн ішінде талқандауын және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағына барлығы 11 мың 649 адам ие болған, соның ішінде 615 қазақстандық сарбаздар мен офицерлер Кеңес Одағының Батыры аталған, солардың қатарында 109 жауынгер («Халық Қаһарманы» атағын алғандарды қосқанда) қазақтар болған.

Осы ержүрек қаһармандардың қатарында қазақтың кыздары бар. Майданда көрсеткен жанкешті ерліктері үшін Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батырлары, Хиуаз Доспановаға 2004 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 

Жамал Сафарбекова Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы бола жүріп, Ленинград майданында 39-дан аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке əйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды

Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т.Бегелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганскийге екі реттен берілді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде осы атаққа екі мәрте ие болғандардың қатарына тағы үш бірдей қазақстандық азаматтар қосылды. Олар - Павлодар облысының тұрғындары Кравченко Григорий мен Воробьев Иван, үшіншісі – Қазақстанда құрылған 38-ші атқыштар дивизиясының командирі полковник Козак Семен. 142 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Соғыс Қазақстан үшін өте қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі орасан зор. Ерлік пен батырлықтың бұл даңқты беттері ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс — Қазақстан халқының мәңгілік мақтанышы.

Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы — 30 желтоқсан 2006, Алматы) — Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. 1940 жылы Павлодар қалалық әскери комиссариаттың шақыруымен әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941   жылы 498-ші артиллерия полкінің құрамында Киев түбінде, Черкасс маңында алғашқы әскери шабуылды қабылдады. Отряд командирі ретінде жүзден астам жауынгерлік операциялар мен диверсияларға қатысты.. 

Рақымжан Қошқарбаев (1924 жылғы 19 қазанда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Тайтөбе ауылы - 10 тамыз 1988, Алматы) - Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес әскерінің офицері. участник Великой Отечественной войны, офицер Красной Армии. Халық Қаһарманы (7.05.1999).
1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа шабуыл кезінде Рейхстагтың негізгі кіреберіс баспалдақтарына алғашқылардың бірі болып қызыл жалауша тағылды. 29.04.1945 жылғы шайқаста взвод алғашқылардың қатарында жаудың қатал қарсылығын бұзып, Шпри өзенінен өтті. Одерден Рейхстагқа дейінгі шайқас күндері взвод 200-ден астам неміс солдаттары мен офицерлерін жойып, 184-ін тұтқындады, 14 далалық мылтықты, 27 ауыр пулеметті және басқа да көптеген қару-жарақтарды басып алды.
150 дивизияның әскери қимылдар журналының жазбасында Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов 1945 жылдың 30 сәуірінде сағат 14 сағат 25 минутта  "ғимараттың орталық бөлігіне еңбектеп келіп, негізгі кіреберістің баспалдақтарына қызыл жалауша қойды" деп жазылған. Кеңес Одағының Батыры И.Ф. Клочков өзінің "біз Рейхстагқа шабуыл жасадық" кітабында "лейтенант Р. Қошқарбаев бағанға қызыл жалаушаны бірінші болып бекітті"деп жазады.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — кеңестік шабуылдаушы ұшқыш, екі рет Кеңес Одағының Батыры (1944, 1945), 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңдағы Жеңіс шеруінің қатысушысы. КСРО-да полковник (1975) және Қазақстанда генерал-майор (1992) әскери атақтары болған.  
1944 жылы 26 қазанда гвардия аға лейтенанты Талғат Якубекұлы Бегелдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын азат ету кезінде әуе шайқастарында жаудың 4 ұшағына  атып түсірген ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Гвардияның капитан Бигельдинов Талғат Якубекұлы"Алтын Жұлдыз" екінші медалін  1945 жылы 27 маусымда Краков, Оппельн (Қазіргі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалалары үшін шайқастарда жау әскерлері мен техникаларын шабуылдау кезінде эскадрильяны шебер басқарғаны және жауынгерлік ерлігі үшін алды.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі (1992-1995), Кеңес Одағының батыры (1945), Қазақстанның «Халық қаһарманы (1994), Қазақстан Республикасының армия генералы. 
1942 жылы мектепті бітірген соң Қызыл Армия қатарына шақырылып, Кушка (Түркімен КСР) қаласындағы 1-Түркістан пулеметшілер училищесіне жіберілді.
Оқуын бітіріп, 1943 жылы сәуірде Ұлы Отан соғысы майданына аттанады. Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылы 27 ақпанда «Польша аумағында жаудың қатты бекінген қорғанысын бұзып өту кезінде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және осы жолда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін» оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 25 қазан, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы) — мерген, Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-Прибалтика майданының 22 армиясының 54-жеке атқыштар бригадасында қызмет жасады.  Кеңес Одағының Батыры (1944). 1943 жылдың қазан айынан майданда болған. Ондаған жауды өлтірді. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысы, Новосокольники ауданы Казачиха деревньясы үшін болған шайқаста автоматымен жаудың бірнеше солдаты мен офицерін өлтіріп, жауынгерлерді атакаға көтерді. Осы шайқаста қаза тапты. Сол ауданның Монаково деревнясында жерленген. Батыр атағы 1944 жылы 4 маусымда берілген. 

Мәншүк  Жиенғалиқызы Мәметова (23 қазан 1922, Батыс Қазақстан облысы Жасқұс ауылы – 15 қазан 1943, Невель, Калинин облысы) — Калинин майданының 3-армиясы 100-атқыштар бригадасының пулеметшісі, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген тұңғыш қазақ қызы. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылғы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына жазылып, 100-атқыштар бригадасының алғашында кеңсе хатшысы, кейінде медбикесі болды. Майданда пулеметтік курс бітіріп, ұрыстарға қатысты. Аға сержант болып әскери қызмет етті. Ерекше мергендігімен назарға ілінді.  Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Соңғы минуттарына дейін қақтығысып, 70 солдаттың көзін жойған. Невель қаласында жерленген. Батыр атағы 1944 жылы 1 наурызда берілген. 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАҚТАЛҒАН ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР – МАЙДАНДАҒЫ ЕРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

81-атты әскер дивизиясы

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Қызыл армиясы құрамында қызмет еткен атты әскер дивизиясы. 1941 жылы тамыз айында Тараз қаласында 216, 227, 232-ші кавалериялық полктердің, 16-атты артдивизионның жауынгерлік және тылдық қамтамасыз ету бөлімшелерінің құрамында жасақталды. 1941 жылдың қарашасынан бастап дивизия 4-атты корпусының құрамына кірді. Бастапқыда Кушка маңында орналасып, дайындықтан өтті. 1942 жылдың күзінде дивизия 51-ші армия құрамында Сталинград майданына жіберілді. Ол Сталинград шайқасында, әсіресе «Уран» операциясы кезінде маңызды рөл атқарды. Дивизия Котельниково стансасына бағытталған шабуылдарда қатысып, неміс әскерінің қоршаудағы 6-шы армиясына көмек көрсету жоспарын бұзды. 1942 жылдың қазан айының 11-нен 1943 жылдың мамыр айына дейін тұрақты әрекет етуші әскердің құрамында болды. 1943 жылдың көктемінде Далалық әскери округтің шешімімен 81-ші дивизия таратылып, құрамы 15-гвардиялық атты әскер дивизиясына қосылып, Берлинге дейін жетті. Дивизиядағы майдангерлер тапсырманы орындауда қабілеттілік пен жүректілік таныта отырып, ел есінде айбынды әскер ретінде танылған. 

81-атты әскер дивизиясының Сталинград шайқасындағы рөлі:

«Уран» операциясы: 81-дивизия 1942 жылдың қараша айында Сталинград маңындағы шайқастарға қатысып, аса маңызды рөл атқарды. «Уран» операциясы барысында дивизия 6-шы неміс армиясын қоршауға алып, оның шайқасқа қосылуын болдырмауға тырысты. Котельниково стансасы маңындағы ұрыстарда дивизия ерекше ерлік көрсетіп, немістердің қоршаудағы күштерге көмек көрсету жоспарын бұзды. Бұл операция Сталинградтың қоршауына алып келді, әрі осы кезеңнен бастап немістердің жеңілісін қалыптастырды.

Қорғаныс және қарсы шабуылдар: 81-атты әскер дивизиясы немістердің Сталинградқа жақындауын тоқтату үшін ауыр ұрыстарға қатысты. Олар Сталинград қаласының жанында орналасқан қорғаныс шептерін ұстап, қарсы шабуылдар жасап, жауды алға жылжытпай қойды. Бұл уақытта дивизияның жылқыларымен бірге артиллериялық қолдау көрсетуі маңызды болды.
Сталинград қоршауы: Дивизия қоршауда қалған Кеңес әскерлеріне көмек көрсетуге әрекет етті және жаудың қоршау әрекетін үзу үшін шабуылдарға шықты. 81-ші атты әскер дивизиясы қоршау бұзылған сәтте ерекше батылдық танытып, немістердің қоршаудағы әскерлеріне көмек көрсету жоспарын толығымен бұзды.

105-атты әскер дивизиясы

105-атты әскер дивизиясы – Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда құрылған ұлттық әскери құрамалардың бірі. 1941 жылы желтоқсанда Жамбыл (Тараз) қаласында жасақталды. 1941 жылы 21- қарашасында еңбекшілер депутаттары Облыстық советінің атқару комитеті мен Облыстық партия комитетінің бюросының қаулысы негізінде Жамбыл қаласында 105-дербес ұлттық әскер дивизиясын жасақтау туралы шешім қабылданады. Осы шешім бойынша барлық аудандарға ұлттық дивизияны қажетті адаммен және өзге де жабдықтарды жедел түрде қамтамасыз ету тапсырылды. Осы маңызды міндетті орындау үшін облыста қауырт тірлік қолға алынған. Дивизияның 1-полкі Свердлов ауданы Буденовка селосының колхоз ғимаратында орналасқан. 2-полк осы ауданның «Қызылша» совхозының аумағында орын тепті. 3-полкке қазақ сыра зауытының аумағындағы кеңсе, қамбар, қойма мен мал базасы берілді. Дивизияны жасақтау барысында Жамбыл облысының тұрғындары үлкен еңбек сіңірді. Олар әскери киім-кешек, азық-түлік және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етуде белсенділік танытты.

1942 жылы дивизия толық құрамда Батыс майданның 1-гвардиялық атты әскер корпусын толықтыруға жіберілді. Сол жылдың тамыз айында дивизия 6-гвардиялық әуе-десанттық дивизия болып қайта құрылды. 6-гвардиялық әуе-десанттық дивизия ретінде ол алғаш рет 1943 жылдың наурызында Старорусса маңында жаяу әскер ретінде ұрысқа қатысты. Кейіннен Курск шайқасына, Днепр үшін шайқасқа, Кировоград және Корсунь-Шевченковск операцияларына қатысты. Сонымен қатар, Умань-Ботошан, Яссы-Кишинев, Дебрецен, Будапешт, Братислава-Брно және Прага операцияларына қатысып, соғысты Чехословакия аумағында аяқтады.

105-атты әскер дивизиясының тарихы – Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесінің бір көрінісі. Ол ұлттық құрамалар қатарында құрылып, майдан даласында ерлікпен шайқасты. Дивизияның қайта құрылуы мен соғыс жолы – қазақ жауынгерлерінің батырлығы мен табандылығының дәлелі болды. 

106-атты әскер дивизиясы

1941 жылы 10 желтоқсанында Ақмола қаласында құрылды. Дивизияның жеке құрамы Қазақстанның алты облысынан: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодардан әскери қызметкерлерді жұмылдыру арқылы жасақталды. Жылқы қоры да осы аймақтардың халық шаруашылығынан алынды. Сонымен бірге жергілікті ұлттар арасынан кадр тапшылығын ескере отырып, кіші командалық құрам мен арнайы бөлімшелердің мамандарын орыс ұлтының әскери қызметкерлерімен жасақтау көзделді. Жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету үшін әскери дайындықтан өткен әскери қызметшілер де (50%), 1922 жылы туған жаңадан шақырылғандар да (50%), жарақаттан айыққан жергілікті жауынгерлер де әскери есепке алу мамандықтарына сәйкес бөлінген жауынгерлік бөлімдерге жіберілді. Құрылған сәттен бастап 1942 жылдың 25 наурызына дейін дивизияға Қазақ КСР-і қаржылай қолдау көрсетті, бұл республиканың еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға қосқан елеулі үлесін айғақтайды. 

Дивизияның ұйымдық-штабтық құрылымы сол кездегі атты әскер бөлімшелеріне тән болды және құрамына мыналар кірді: дивизия басқармасы (командалық және штаб), 77-ші жеке байланыс жартылай эскадрильясы, 105-ші химиялық қорғаныс жеке эскадрильясы, 105-ші санитарлық-санитарлық взвод (медициналық санитарлық эскадрилья), көліктік-техникалық бөлімшелер, госпитальдық бөлімшелер. взвод (вагон пойызы), артиллериялық парк, екі батареядан тұратын 95-ші жеке ат артиллериялық дивизиясы, сондай-ақ үш атты әскер полкі: 269-шы, 288-ші және 307-ші.

1942 жылы дивизия бірнеше эшелонмен Харьков аумағына барды. Сол жылдың мамырында дивизия Оңтүстік-Батыс майданның 6-атты әскер корпусының құрамына енгізілді. Бұл дивизияға Ақмола, Қара¬ғанды, Көкшетау, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті басшы органдары таңдап алған азаматтар жіберілген еді. Дивизия командирі болып майдангер, майор Михаил Панков тағайындалып, майданға барғаннан кейін басқа бөлімге ауыстырылады. Сол кездегі тәртіп бо¬йынша дивизия сияқты үлкен құрамаға саяси жетекшілікке тәжі¬рибелі, лауазымды қызметтегі адамдар тағайындалатын. Осыған сәйкес 106-дивизияның комиссары болып, бұрын әскери саяси қызметте болған, 1939 жылдан Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі халық комиссары, Ақмола облысының тумасы Нұрқан Сейітов тағайындалады. 106-атты әс¬кер дивизиясының саяси бөлімінің бас¬тығы қызметіне сол кездегі Ақмола облыс¬тық партия комитетінің хатшысы Сағадат Құлмағанбетов басшылық етеді. Дивизия 1941 жылғы қарашаның 15-інен 1942 жылы наурыздың соңына дейін жасақталып бітті.

312-атқыштар дивизиясы

312 атқыштар дивизиясы — әскери құрамандығы 1941 ж. шілде — тамыз айларында Ақтөбе қаласында жасақталып (командирі А.Ф. Наумов), майданға жөнелтілді. Дивизия құрамы Ақтөбе, Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстары азаматтарынан құралғанымен, көпшілігі ақтөбеліктер (6654 адам) болды. Дивизияның құрамына негізінен Ақтөбе облысынан және Батыс Қазақстан аймақтарынан шақырылған әскери міндеттілер қабылданды. Сонымен бірге Қостанай, Орал (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) сияқты өңірлерден де жауынгерлер келіп қосылды. Құрылуынан кейін 312-дивизия Калуга облысының аудандарында, атап айтқанда, Таруса және Ферзиково маңында шоғырланып, дайындықтан өтті.

Дивизия қазан — қараша айларында Солтүстік-Батыс майданның 52-дербес армиясының құрамында Калуга облысы Малоярославец бағытында кескілескен ұрыстарға қатысып, неміс-фашист әскерлерінің Мәскеуге жасаған шабуылына тойтарыс берді. Дивизия бөлімдері көп шығынға ұшырап, 11 қазанда Мәскеу әскери округінің құрамына кірді. Кейіннен Батыс майданына қарасты 43-армияның құрамында болды. Батыс майданы қолбасшысының 23 қазандағы бұйрығы бойынша 312, 17, 58-атқыштар дивизиялары біріктіріліп, ол 312 атқыштар дивизиясы деп аталды. Мәскеу түбіндегі ауыр ұрыстардан кейін бұл дивизия да басқа құрамалармен біріктіріліп, 1941 ж. 27 желтоқсаннан 53-дивизия деп аталды. Бұл дивизияның 12-атқыштар полкі қазақстандықтар болды. Ол Харьков түбіндегі шайқасқа, Днепрден өтуге, Украина, Румыния мен Венгрия жерлеріндегі шайқастарға қатысып, соғысты Австрия астанасы Венада аяқтады.

458-атқыштар дивизиясы

1941 жылы 25 желтоксанда  Семей мен Аягөз қалаларында негізінен Қазақстанның шы¬ғыс өңірінен шақырылған жауынгерлерден 458-ші атқыштар дивизиясы құрылған. 1942 жылы ол 8-ші атқыштар дивизиясы болып аталды. Дивизия соғысқа 1942 жылдың 23 наурызында кіріп, 1945 жыл¬дың 9 мамырына дейін Воронеж, Шығыс Карпат, Прага бағытындағы шабуыл операцияларына, сондай-ақ Курск иініндегі шайқасқа қатысқан. Днепр, Десна, Припять өзендерін кешіп өтіп, Украина қала¬ларын азат етуде үлкен ерліктер көрсеткен.

Тұңғыш командирі - полковник Г.И. Зверев. 1942 жылы 1 сәуірде Брянск майданына жіберілді. Алғаш ұрысқа 1942 жылы 8 шілдеде 13- армияның құрамында жаудың Ливны және Елец калалары бағыттарына жасаган шабуылын тоқтатқан корғаныс ұрыстарында кірді. 1942 жылы 18 қаңтарда дивизияға Сегізінші атқыштар дивизиясы ауылы деген атақ берілді. 1943 жылы 26 қаңтар - 2 ақпан аралығында Воронеж-Косторно операциясына қатысып, Курск облысындағы 48 елді мекенді азат етті. Курск шайқасында Десна, Припять өзендерінен өту кезіндегі ерліктері үшін дивизияның көптеген жауынгерлері орден, медальдармен марапатталып, 46 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Украинаны азат етуде көрсеткен ерліктері үшін Сегізінші атқыштар дивизиясына 1944 жылы 5 наурызда «Ямпольскілік» құрметті атағы берілді. 1944 жылдың жазында дивизия Карпат өңірі, Словакия, Польша жерлерін азат ету ұрыстарына қатысып, 1945 жылдың 19 ақпан және 3 мамырында Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен марапатталды. Соғысты Чехия жерінде аяқтап, 1945 жылы 29 маусымда таратылды. 

459-атқыштар дивизиясы 

1941 жылғы 5 желтоқсанда бұрынғы Ақмола қаласында 459-шы атқыштар дивизиясы (Орта Азия әскери округінің 04.12.1941 ж. № 00121 бұйрығы) құрыла бастайды. 1942 жылы 29-атқыштар дивизиясы деп аталды. Ақмолада қысқы казармалар мен үй-жайлардың жетіспеушілігіне байланысты дивизия бөлімшелерінің бір бөлігін Қарағандыда пәтерге орналастыруға тура келді. Дивизия штабы бұрынғы көпес С.Хлебниковтың ағаштан жасалған жекежайында орналасты. 

Алғашында 459-атқыштар дивизиясы аталып, 1942 ж. 18 қаңтарда реттік саны 29-ға өзгертілді. 16 — 24 шілде (1942) аралығында Сталинград түбіне келіп жетіп, 5 — 10 тамыз аралығында Ақсай — Есаулов ауданында жаудың 2 жаяу әскер, 1 моторлы дивизияларының шабуылына төтеп берді. Кейін жау қоршауын бұзып өтіп, 2 қыркүйекте Сталинградтың оңтүстігндегі Бекетовка кентіне келіп жетті. 20 қарашада қарсы шабуылға шығып, Сталинградтың орталық және оңтүстік аудандарын азат етті. Сталинград майданындағы (1942, шілде — 1943, ақпан) көрсеткен ерліктері үшін 1943 ж. 1 наурызда 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1943 ж. наурызда Воронеж майданы құрамында Харьков түбінде Германия әскерлерінің шабуылын тойтарса, мамыр айынан бастап Белгородтың оңтүстік-шығысына Дала майданының құрамына жіберілді. Курск шайқасы кезінде жаудың 2 жаяу әскер, бір танк дивизиясының шабуылын тойтарып, Харьков, Красноград қалаларын азат етуге қатысты. Осы үшін 1943 ж. 19 қыркүйекте “Красноград” дивизиясы құрметті атағы берілді. 23 қыркүйекте Днепр өзенінің арғы бетіне өтті. Өзеннен өту және оны қорғау кезіндегі ерліктері үшін дивизияның 25 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1943 — 45 ж. Жетпіс Екінші Гвардиялық Атқыштар Дивизиясы Днепр, Серета, Прут, Тисса, Дунай, Морава бойындағы ұрыстарға қатынасып, жауынгерлік жолын Прага қаласының түбінде аяқтады. Дивизия «Қызыл Ту орденімен» марапатталған. 

460-атқыштар дивизиясы

1941 жылы қыста Алматыда құрылған. Дивизия қатарына Алматы, Жетісу өңірінен және басқа да оңтүстік аймақтардан (Шымкент, Тараз) мобилизацияланған әскерилер қабылданды. Қазақ жауынгерлерінің үлесі жоғары болды. 1942 жылы Курск облысына, 28-армия құрамына жіберілді. Сол жылдың наурызынан бастап 38-атқыштар дивизиясы деген атау берілді. 1942 ж. наурыз – 28-армияның құрамында Оңтүстік батыс майданға аттанды. 1942 ж. 12 мамыр күні Харьков облысының Волчанский ауданында алғаш рет жаумен шайқасты. 1942 ж. 31 шілдеде Сталинград бекіністерінің сыртқы қорғаныс шебіне орналасты. 21 тамызда дивизия бөлімдері жау қоршауында ауыр ұрыстар жүргізе отырып, 28 тамызда қоршауды бұзып шықты да 64-армияға қосылды. Қыркүйек пен қарашаның басында дивизия бөлімдері Сталинградты оңтүстік батыс жағынан табандылықпен қорғады.1943 ж. 10 қаңтар – 2 ақпан аралығында Сталинград түбінде қоршауға алынған жауды толық жою жолындағы ұрыс қимылдарына қатынасты. Сталинград түбіндегі қиян-кескі шайқастарда асқан ерлігі мен ұйымшылдығы үшін дивизия КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының 1943 ж. 1 наурыздағы бұйрығы бойынша 73-гв. дивизия болып құрылды. Кейін бұл дивизия (командирі ген.-майор С.А. Козак) Воронеж майданындағы 57-армияның құрамында неміс-фашист басқыншыларының 1943 жылғы жазғы шабуылын тойтарудағы ұрыстарға қатысты. Белгородты, кейінірек Харьков, Красноград қалаларын азат етті. 1944 ж. Кеңес Армиясының шабуылдарында ол Оңтүстүк Украина мен Молдавияны, Югославияның астанасы Белградты азат етіп, Венгрияның Балатон оңтүстігінде кескілескен ұрыстар (1945 ж. наурыз) жүргізді. Дивизия өзінің жауынгерлік жорығын

Австрияның Альпі тауларында жеңіспен аяқтады.

Атқыштар дивизиясы 16 рет Жоғары бас қолбасшының алғысын алды, Белградты азат етудегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизияға жергілікті халықтың тілегі бойынша Сталинградтық және Дунайлық деген қосымша атақ берілді, оның 36 жауынгері мен командирі Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Козак 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры және Югославияның Халық Батыры атағымен марапатталды. Дивизия соғыстан кейін 1946 ж. 5 маусымда таратылды.

462-атқыштар дивизиясы

1941 жылдың 29 қарашасында Шымкентте 462-атқыш дивизиясы құрылды. Құрамына Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда аймақтарынан мобилизацияланған жауынгерлер қабылданды. Жауынгерлердің басым бөлігі қазақтар және Орта Азия халықтарының өкілдері болды. Дивизия Луганск облысына шоғырланды. 1942 жылы тамыз айында дивизия таратылып, құрамы 275-атқыштар дивизиясымен біріктірілді. 1942 жылдың басында дивизияны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 462-дивизияның базасында 2-ші құрылымның 102-атқыштар дивизиясы жасақталды. 

Жалпы алғанда, 102-ші атқыштар дивизиясының үш құрылымы болған:
І құрылым — соғысқа дейн жасақталып, 1941 жылдың қыркүйек айында таратылған.
II құрылым — 1941 жылдың 29 қарашасында Шымкентте 462-атқыштар дивизиясы болып құрылып, кейіннен 1942 жылы қаңтарда 102-атқыштар дивизиясы болып қайта өзгертілді.
ІІІ құрылым — 1942 жылдың қазан айында Қиыр Шығыста НКВД әскерлерінің құрамына енген.

Шымкенттік 102-ші дивизияның басшылық құрамы: дивизияның әскери комиссары болып аға батальон комиссары Алексей Тимофеевич Мусатов тағайындалды; штаб бастығы-подполковник Иван Илларионович Вырыпаев; саяси бөлімнің бастығы батальон комиссары Яков Давыдович Кравченко болды.

1942 жылы 10 сәуірде 102 атқыштар дивизиясы толығымен жасақталып, Қызыл Армия құрамалары басқармасының өкілімен қабылданды.

Дивизия құрамына енгендер:
410-шы, 467-ші және 519-шы атқыштар полкі,
346 артиллериялық полк,
240 жеке танкке қарсы дивизион,
162-ші жеке миномет дивизионы,
412-ші жеке зениттік артиллериялық батарея,
154-ші жеке мотоатқыштар барлау компаниясы,
15-ші жеке химиялық қорғаныс компаниясы, штаб батареясы, коменданттық компания, бөлу мектебі,
196-шы жеке саперлік батальон,
211-ші жеке байланыс батальоны,
163-ші жеке медициналық-санитарлық батальон,
185-ші жеке автокөлік,
103-ші далалық наубайхана,
926-шы ветеринарлық аурухана,
1707-ші далалық пошта станциясы,
Мемлекеттік Банктің 1103-ші далалық кассасы. 

Дивизияда барлығы 11373 адам болды: оның ішінде 6268 орыс, 2521 украин, 780 өзбек, 693 қазақ, 430 татар, КСРО-ның басқа ұлт өкілдері. 8821 жауынгер, яғни штат санының 96,4 пайызы тікелей мамандықтарға іріктелгені дивизияның жоғары деңгейдегі құрылуы мен жауынгерлік тұтастығын көрсетеді. Шымкенттегі жаңадан құрылған 102-атқыш дивизиясының әскери командиры болып – генерал-майор Петр Ермолаевич Ловягин тағайындалды.

Осы кезде дивизияны Луганск облысының аумағына (сол кездегі Ворошиловград облысы) шоғырландырды. Негізгі міндеті — Донбассты қорғау және немістердің шабуылын тежеп, стратегиялық бағыттарды ұстау болды.1942 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскерлері Донбасста ірі шабуыл ұйымдастырды. Сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты 462-дивизия ауыр шығындарға ұшырады. 1942 жылы тамызда 462-дивизия ресми түрде таратылды, қалған тірі күштер 275-атқыштар дивизиясына қосылды. 275-дивизия құрамында бұрынғы 462-дивизияның жауынгерлері кейіннен Сталинград шайқасына және Донбасс операцияларына қатысты.
 

81- атты әскер дивизиясы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов
106-атты әскер дивизиясы 106-атты әскер дивизиясы. 

 

ҚАЗАҚСТАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЕРЛІК ІЗДЕРІ

Ауған соғысы -  КСРО әскерлерінің Ауғанстан аумағында жүргізген әскери қақтығысы. Соғыс 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерінің толық шығуымен аяқталды.

Соғыстың басталу себептері:
- 1978 жылы Ауғанстанда Сәуір төңкерісі болды. Соның нәтижесінде билікке коммунистік бағыттағы Хафизулла Амин келді.
- Елде азаматтық соғыс басталып, жаңа үкімет халықтың қолдауына ие бола алмады.
- КСРО үкіметі коммунистік үкіметті қолдау және АҚШ пен Қытайдың ықпалын шектеу үшін әскер кіргізді.
- Кеңес басшылығы (Леонид Брежнев бастаған) «коммунизмді сақтаймыз» деген сылтаумен араласты.

Соғыс барысы:
- 1979 жылы КСРО арнайы жасағы (КГБ және ГРУ бөлімшелері) Ауғанстан президенті Хафизулла Аминді өлтіріп, орнына Бабрак Кармалды қойды.
- Кеңес әскері мен ауған үкіметі моджахедтер (исламшыл көтерілісшілер) деп аталған қарсы топтармен соғысты.
- Моджахедтерге АҚШ, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Қытай қару-жарақпен көмектесті.
- Соғыс өте ауыр өтті: таулы аймақтарда партизандық шабуылдар көп болды, Кеңес әскері үшін бөтен ортада күресу қиын болды.

Кеңес әскерінің саны:
Әр жылдары Ауғанстанда 100 000-ге жуық кеңес жауынгері болған.

Қорытындысы:
- КСРО 1986 жылдан бастап әскерді шығару жоспарын қарастырды.
- 1989 жылы 15 ақпанда соңғы кеңес солдаты Ауған жерінен шықты.
- Соғыстың КСРО экономикасына және беделіне үлкен зиян келтірді.
- Бұл соғыс КСРО-ның ішкі дағдарысын тереңдетіп, кейінгі ыдырауына себептердің бірі болды.

Зардаптары:
- Кеңес Одағының 15 мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты.
- Жүздеген мың ауған азаматы қырылды.
- Мыңдаған қазақ солдаттары да соғысты бастан кешірді.
- Қазақстанда Ауған соғысының ардагерлері бар, олардың көпшілігі ауыр жарақат алды немесе мүгедек болып қалды.

Ауған соғысы туралы қосымша фактілер:
- Соғыс кезінде АҚШ моджахедтерге «Стингер» зымырандарын берді, олар Кеңес тікұшақтарын құлатты.
- Бұл соғыс «Кеңестік Вьетнам» - деп аталды (яғни АҚШ-тың Вьетнамдағы сәтсіз соғысына ұқсастырылды).
- 1989 жылдан кейін Ауғанстанда азаматтық соғыс жалғаса берді, кейін «Талибан» қозғалысы пайда болды.

Қысқаша айтқанда, Ауған соғысы - Кеңес Одағының жеңіске жете алмаған, ауыр зардаптар қалдырған сыртқы соғыстарының бірі.

Жалпы алғанда, Ауған соғысы – тек кеңестік саясаттың емес, сонымен бірге мыңдаған жас жауынгерлердің тағдырына әсер еткен ауыр тарихи кезең. Бұл соғысқа Кеңес Одағынан 620 мыңнан астам адам қатысса, оның 525 мыңы тікелей соғыс даласындағы сарбаздар болды. Кеңес армиясы тарапынан 15 мыңға жуық адам қаза тауып, 50 мыңнан астам жауынгер жараланды, 300-ден аса адам хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан бұл соғысқа 22 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың 924-і майдан даласында қаза тапты, жүздеген сарбаз түрлі жарақат алды. 1000-ға жуығы соғыс құрбаны атанып, Қазақстан аумағында жерленді. Жалпы шығындардың 362-сі – қазақ ұлтының өкілдері болды. Ауған жеріндегі шайқаста ерлік көрсеткені үшін 200 мыңнан астам жауынгер мемлекеттік марапаттарға ие болды, олардың қатарында 1300 әйел де бар. Олардың арасында жалғыз қазақ қызы - Саржанова Ләззат Ілиясқызы бар. 

Ауған соғысы – жас жігіттер үшін күрделі сынаққа толы ауыр жылдар болды. Шайқас алаңында жеңістер мен жеңілістер, ерлік пен орны толмас қасіреттер қатар жүрді. Көптеген ержүрек сарбаздар жат жерде қаза тауып, ерлікпен мәңгілікке ел есінде қалды: Жаңатай Жақыпбеков, Марат Төребеков, Әли Сүлейменов, кейін ауған соғысының батыры атанған, полковник Байғали Қоқымбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты болған Бақтыбек Смағұлов, журналист-ғалым Біржан Белғара, 9 жауынгерлік операцияға қатысқан, жеке құрамын соғыс іс-қимылдарынан еш шығынсыз алып шыққан және  тәуекелшіл әрекеттері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Геннадий Фалеев, 5-гвардиялық дивизия қатарында әскери дәрігер болып қызмет атқарған, жаралылар мен науқастарға және Ауғанстанның жергілікті халқына медициналық білікті көмек көрсетіп, сауабы мол іс атқарған, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері отставкадағы Сәбит Аймағанбетов, ауған жеріндегі соғыс қимылдарында ерекше ерлігімен көзге түскен, Кандагар қаласында мотоатқыштар взводының командирі қызметін атқарып жүріп ауыр жарақат алған «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызыл Ту» ордендерінің иегері запастағы Асқар Қожабергенов, ауған жерінде бір жарым жылға жуық қызмет етіп, ерлік үлгілерін көрсеткен, жеке құрам ішінде ерекше абыройға ие болған, «Ауған халқының  интернационалист жауынгерге алғысы» медалімен марапатталған, күрең берет иесі отставкадағы майор Павел Семенюк, түрлі жауынгерлік іс-қимылдарды сапалы байланыспен қамтамасыз еткен, Ауғанстанның қатерлі жолымен  18 рет автомобиль легін алып жүрген жаужүрек жауынгер отставкадағы «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ауған халқының  интернационалист жауынгерге алғысы» медальдарының иегерлері майор Виктор Линок және Ұлттық ұлан қатарынан зейнетке шыққан запастағы медицина қызметінің полковнигі  Бұралхиев Қалыбек Амангелдіұлы, т.б. бар. Бұл есімдер – Ауған соғысының шежіресінде алтын әріппен жазылған ерлер.

Кеңес әскері бұл соғыста 100 әскери ұшақтан, 313 тікұшақтан, 147 танкіден, 1300-ден астам брондалған техникадан айырылды. Бұл қантөгіс екі халықтың да рухани тарихында ауыр жара болып қалды.

Бүгінде Қазақстан мен Ауғанстан арасында бейбіт әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнаған. Бұрын әскери киіммен барған қазақ балалары, енді бұл елге қалам мен білім, тауар мен технология апара алатын тәуелсіз елдің азаматтарына айналды. Ауған соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлердің есімі тарихта алтын әріппен жазылып, ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.

Ауған соғысында ерлік көрсеткен қазақстандықтар:
1. Бақытжан Ертаев - Генерал-лейтенант. Ауған соғысының ардагері, Қазақстанның Қарулы күштерінің құрметті әскери қайраткері.
2. Сәлім Шәкіров - Қарағанды облысынан.  Ерлігі үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
3. Амангелді Әбдікерімов - Тараз қаласынан шыққан батыр. Соғыстан кейін әскери салада еңбек еткен.
4. Талғат Сегізбаев - әскери ұшқыш, тікұшақпен ауыр операцияларға қатысқан.
5. Ғазиз Байтасов - Ауған соғысының ардагері (кейіннен Ішкі істер органдарында ерлікпен қаза тапты, бірақ алғашқы ерліктері Ауғанстанда басталған).
Қаза тапқан және ерлігімен есте қалған қазақстандықтар: (ескерткіштерге аты жазылғандардың кейбірі)
1. Сағидолла Ақмырзаев
2. Ермек Серкебаев
3. Сағындық Салабаев
4. Жеңіс Ыбыраев
5. Мұрат Ибраев
6. Бейбіт Ыдырысов
Олар түрлі шайқастарда ерлікпен қаза тауып, Ауған жерінде жерленген немесе кейін елге жеткізілген.

Нақты тізім:
- Ауған соғысында қаза тапқан 924 қазақстандықтың аты-жөні толық арнайы кітаптар мен ескерткіштерде сақталған («Ауғанстан: Қазақ жауынгерлерінің ерлігі» сияқты жинақтарда).
- Әр облыста ардагерлер ұйымдары бұл тізімді сақтап, жыл сайын еске алу рәсімдерін өткізеді.

 

Борис Төкенұлы Керімбаев (12 қаңтар 1948, Аққайнар, Алматы облысы, Қазақ КСР — 12 ақпан 2019, Алматы) - КСРО Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі. Ауған соғысының қатысушысы (1979–1989). Кеңес әскерлері мен Ахмад Шаһ Масұт жасақтары арасындағы қарсыласудың негізгі қатысушысы.

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ташкент жоғары әскери училищесін оқып бітірген соң, Германиядағы совет әскері қатарында қызметін бастаған. 1973 жылы барлау ротасының командирі болды. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал, кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. Борис Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан «мұсылман батальоны» аталып кеткен. 1989 жылы отряд Ауғанстаннан ең соңғы болып шықты. Борис Керімбаев 1990 жылдардың басында Қазақ ССР азаматтық қорғаныс штабына жұмысқа ауысып, 1992 жылы полковник шенінде отставкаға шыққан. Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ортяд сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 2018 жылы Алматыда Борис Керімбаевтың 70 жылдығы аталып өткен болатын. Онда Борис Керімбаев: «Мен қарамағымдағыларды барлауға көбірек үйреттім. Жүгіріп, атысуға мүмкіндік болмады. Менің басты міндетім – оларды операцияға ертіп апарып, үйлеріне тірі қайтару. Екі жыл екі айда мен 45 адамды жоғалттым. Соғыс құрбансыз болмайды» деген болатын. Борис Керімбаев 2019 жылы 12-ақпанда 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бақытжан Ертаев - Генерал-лейтенант. Ауған соғысының ардагері, Қазақстанның Қарулы күштерінің құрметті әскери қайраткері.

Бақытжан Ертайұлы Ертаев (25.07.1952 жылы туған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылы) - қазақ, әскери қайраткер, генерал-лейтенант. (1998), Халық қаһарманы (2008).
Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Мәскеу Әскери академиясын (1985), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның 4 айлық курсын бітірген. 1969-70 жылы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищеде курсант болып бастап, ол оқу орны Алматыға көшірілгеннен кейін сондағы жоғары жалпыәскери командалық училищесін 1973 жылы бітірді. 1980 жылға дейін Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводы, рота командирі, 1980-82 жылы Түркістан ЭО (Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент жеке мотоатқыштар бригадасы мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар полкі батальонының командирі, одан кейін М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы (1982- 85), Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотополк командирінің орынбасары, Батыс әскери тобы полк командирі міндеттерін атқарды (1985-92), ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамындағы әскери оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімшесінің бастығы, мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия командирі (1992-96), РФ ҚК Бас штаб Әскери академияның тыңдаушысы болып жүргенде ҚР Президентінің шешімімен кері шақырылып, армия корпусының командирі болып тағайындалды (1976-97), ҚР Қорғаныс министрінің 1 орынбасары -ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының 1 орынбасары (1997— 2000), Шығыс ЭО әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Әскери академиясының бастығы (2000-2002), ТМД қатысушы-мемлекеттер әскери ынтымақтастығын реттеу бойынша ҚР ҚК-нің өкілі (2002-03), ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери дайындық бойынша орынбасары, әскери дайындық бас басқармасының бастығы, әскери дайындықты ұйымдастыру және бақылау Бас инспекциясының Бас-инспекторы (2002-2008), ҚР ҚМ ШБК төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК Бас инспекциясының бастығы (2008- 2011). Қазір ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы.

ҚР «Халық Қаһарманы» мен Алтын Жұлдыз белгісі, Отан орденінің иегері және Қызыл Жұлдыз ордені, «Үздік жауынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», т.б. медальдермен марапатталған.

Бақытбек Смағұл - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.«AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» Фракциясының мүшесі.Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі.ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі. «Қазақстан Республикасының әскери-қолданбалы патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы.«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының» Әскери-патриоттық тәрбиені дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары.
1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
1975–1978 жж. Қазалы қаласындағы кәсіптік техникалық училищені «Ауыл құрылысының шебері» мамандығы бойынша бітірген.
1979–1981 жж. арнайы дайындықтан өтіп, 1979 жылғы 27 желтоқсанда Совет Армиясы қатарында Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын атқаруға аттандырылды.
1982–1985 жж. Алматы құрылыс техникумын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
2000–2004 жж. Орталық Азия Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған.
2004–2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
1985–1989 жж. Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасында инженер-техқадағалаушы қызметін атқарды.
1989–2005 жылдар аралығында бизнес-құрылымдарда, кәсіпкерлік салада әртүрлі жоғарғы лауазымдар атқарған.
2005–2011 жж. Үкіметтік емес ұйымдардағы қызмет: Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» Қауымдастығы төрағасының орынбасары.
2012 жылдан бастап, бүгінге дейін Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап, V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.
2016 жылғы 25 наурыздан бастап, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтардан бастап, VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қызылорда облысының Қазалы ауданының және Алматы облысының Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы».Қазақстан Республикасының II-ші дәрежелі «Айбын», «Құрмет» ордендерімен, көптеген мерекелік медальдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердің наградаларымен марапатталған.Таэквондодан (тхэквондо) 5-ші дан, қара белбеу иегері.

Елбасының тапсырмасымен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің Мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасаушы.

Бақытбек Смағұл – ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №187 Жарлығымен бекітілген «Армысыңдар, айбынды сарбаздар!» атты әскери сәлемдесудің авторы (оған дейін әскерде «Сәлеметсіздер ме?» сәлемдесу рәсімі қолданылған). Бақытбек Смағұл – ҚР Қорғаныс министрі бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Ар-Намыс кодексінің» теңавторы.

Бақытбек Смағұл – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Ауғанның от жалыны», «Оқ пен Отан» өлеңдер жинақтарының; «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қазақтың Қара майоры», «Король Панджшера», «Қаһарман», «Герой», «Тағдыр тозағы», «Ад судьбы», «Қолбасшы күнделігі – Дневник полководца», «Үш қырлы жебе», «Трехгранная стрела», «Н.Назарбаев.Алтын ғасыр» секілді орыс және қазақ тілдерінде шыққан кітаптардың авторы. 2020 жылы оның таңдаулы шығармаларының ІІІ томдық жинағы жарық көрді.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбай Бақытбек Смағұлды «толғау жанрын дамытушы ақын» ретінде жоғары бағалаған. Қазіргі кезде Б.Смағұлдың 30-дан астам өлеңі әнге айналған және олар еліміздің танымал әншілерінің репертуарына кірген. Композитор Сәкен Қалымов Бақытбек Смағұлға «Қазақтың қасқыр ұлы» патриоттық әнін арнаған.

2011 жылы «Қазақфильм» киностудиясы Бақытбек Смағұлға және оның ерлік істеріне арнап, Ауғанстан Ислам Республикасында «Мен көрген соғыс» фильмін түсірді. 2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы кәсіпкерлердің демеушілігімен және қаржылай қолдауымен Б.Смағұлдың ерлік жолының және туындыларының ізімен, «Ауғанстан: бақтың кілті бітімде» атты деректі фильм түсірді. 

Ләззат Ілиясқызы Саржанова – ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ қызы. Соғыс кезінде жарақат алған офицерлерге, жауынгерлерге медициналық қызмет көрсетті. Әскери борышын мінсіз атқарғаны үшін Ләззат Ілиясқызы бір жылдан кейін еңбек демалысын алып әке-шешесінің, туған-туыстарының ортасына келеді. Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Басши ауылының тұрғыны, Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы»Ләззат Саржанова одан кейін де «Жауынгер интернационалист» жауынгер ерлігі үшін грамотасымен, Ауғанстаннан Кеңес армиясының шығарылуының 15 жылдығына орай орден, медальмен, Қазақстан ардагерлер ұйымының Ауғанстаннан Кеңес армиясының шығарылуының 20 жылдығына арналған медальмен марапатталған. Бүгінде зейнеткер болса да медицина мамандарының жетіспеушілігіне байланысты Басши ауылының ауруханасында медбике болып жұмыс істейді. ( https://kaz.inform.kz/news/augan-sogysyna-katyskan-zhalgyz-kazak-kyzy_a3761748/)

Біржан Белғара- 1966 жылы Талас ауданы С. Шәкіров ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектепті аяқтап, 1985 жылы әскер қатарына алынады. 1985-87 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде әскери борышын өтеген. 1988-1992 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімінде оқыған. 1992-94 жылдары Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас маманы, төраға көмекшісі, Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің бас маманы қызметтерін атқарған. "Жас қазақ"газеті бас редакторының орынбасары, 1995-96 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі. 1996-98 жылдары Алматы қалалық Тіл басқармасының бастығы болды. 1998-99 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз хатшысы, 1999-2002 жылдары МАҚКМ БАҚ департаментінің бас маманы, Тілдерді дамыту департаментінің бөлім бастығы, 2002-2003 жылдары Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының директоры. 2003-2004 жылдарыАқпарат министрлігі БАҚ департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы, 2004-2005 жылдары "Заң" АҚ Астана қаласындағы өкілдігінің директоры, "Жас өркен" ААҚ вице-президенті қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік тіл саясаты бөлімінің бастығы. 2006-2007 жылдары "Ана тіл-Ата тарих" баспа-зерттеу орталығының атқарушы директоры, 2007-2011 жылдары Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры болған. "Қазақстан баспасөзіндегі мемлекеттік тіл мәселесі (1989-1999)" монографиясының, "Жаңа толқын" мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешені"(2007),"Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия" (2007), "Қазақ тілінің ресми стилін меңгеруге арналған кіші оқу-әдістемелік кешені"(2008), "Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшылерге жеделдете деңгейлік оқытудың Тұжырымдамасы, Стандарты, типтік бағдарламасы" (2008) және басқа да еңбектерінің авторы. "Қазақ тілі" сабақтары журналының бас редакторы(2007-2011). Филология ғылымының кандидаты. Ауған соғысының ардагері.

Аймағанбетов Сәбит Имандосұлы- 1953 жылы 21 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақтас ауылында қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1983 жылы Ауған Демократиялық Республикасына аттанды. 1970 жылы Теміртау қаласында орта мектепті ойдағыдай тамамдаған соң Сәбит ауыл шаруашылығындағы жұмыстарға қалды. Екі жыл өз ауылында еңбек етіп, 1972 жылы Ақтөбе медициналық институтына оқуға қабылданды. Аталған оқу орнында төрт жыл оқыған соң 1976 жылы Томск қаласындағы медициналық институттың әскери медицина факультетіне ауысып, аяқтаған. Өз естелігінде «Мен Ауғанстанның Баграм елді-мекенінде тоқтаған жеке барлау батальонында дәрігер болып қызмет еттім. Ауған жеріне аяғымыз тигеннен бері бір ай уақыт өткен кезде кезекті «капитан» шенін алдым. Оған бірақ мән беріп, масаттанып жататын уақыт емес. Белгіленген тәртіп, жүйе бар. Сол бойынша медициналық қызметті ұйымдастырдық. Мәселен, жолға шыққан әрбір лек құрамында міндетті түрде медицина маманы болуы керек. Адам саны рота деңгейіндегі бөліністерде медициналық қамтамасыз етуге офицер тағайындалады. Солай қарбаласпен уақыт өтіп жатты. Аз ғана уақыттан соң қорқыныш сезімін ұмыттық. От пен оққа салқынқандылықпен қарай бастадық. Тіпті, бізге қарай атылған миналардың шамамен қай жерге келіп құлайтынын сезіп отыратындай дәрежеге жеттік. Қазір ойлап отырсам, соның барлығына жастық жалынмен, жас жігерімізбен ғана тойтарыс берген екенбіз». https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/281182-enbek-adamy-el-tiregi-polkovnik-sabit-imandosuly

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА АТСАЛЫСҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАҺАРМАНДАР

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында болған апат адамзат тарихындағы ең жойқын ядролық апаттардың бірі ретінде тарихта қалды. Бұл қайғылы оқиға тек КСРО аумағымен шектелмей, бүкіл әлемді алаңдатты және миллиондаған адамның өміріне жойқын әсер етті. Жарылыс нәтижесінде тараған радиациялық бұлт Қазақстан аумағына да жетіп, біздің елімізге де қауіп төндірді.

Апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 276 әскери бөлімшенің бірі – Қазақстаннан жіберілген 27-ші химиялық қорғаныс полкі болды. Бұл полк тек жеке құрамымен ғана аттанды. Ерекше атап өтерлігі, олардың қатарында әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар азаматтық сала мамандары, әйелдер мен студенттер де болды.

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға 32 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Олар апаттың алғашқы сәттерінен бастап апат ошағында жүріп, өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отырып, өз борыштарын адал орындап, адамзат үшін ерлік көрсетті. Радиоактивті аймақтарда жұмыс істеген қазақстандық ликвидаторлар жарылыс ошақтарын оқшаулау, радиация деңгейін төмендету, арнайы техниканың көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету секілді әртүрлі міндеттерді үлкен абыроймен атқарды.

Бұл адамдар жай ғана сандық көрсеткіштер емес. Олар – өмір мен өлім арасындағы шепте тұрған азаматтар, болашақ үшін бар күшін салған батырлар. Қазақстандық дәрігерлер мен әскери мамандар апат аймағында күндіз-түні еңбек етіп, адамзатты апаттың одан әрі таралуынан қорғау үшін барын салды.

Чернобыльге қатысқан көптеген қазақстандықтар денсаулығынан айырылып, ауыр дертке шалдықты. Көптеген отбасылар жылдар бойы осы трагедияның салдарын сезінді. Алайда сол кезеңдегі ерлік пен жанқиярлық Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселелеріне ұлттық көзқарасының қалыптасуына негіз қалады.

Осы тарихи тәжірибе Қазақстанның 1991 жылы Семей ядролық полигонын жабу және ядролық қарудан өз еркімен бас тарту секілді маңызды шешімдер қабылдауына жол ашты. Бұл – тәуелсіз елдің бейбітшілікті басты құндылық деп таныған тарихи таңдауы болды.

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан қазақстандықтар – халқымыздың мәңгі есінде сақталатын нағыз қаһармандар. Олардың ерлігі – елге үлгі, ұлттың мұрасы және бейбіт өмірдің қаншалықты қымбат екенін еске салып тұратын асыл тәжірибе.

Бұл трагедияның салдарын жоюға 600 мыңнан астам адам қатысты, олардың ішінде 31 743 қазақстандық болды. Қазақстаннан жіберілген 27-ші химиялық қорғаныс полкі – апат аймағына Орталық Азиядан жіберілген жалғыз әскери бөлімше еді. КСРО

Қорғаныс министрі Д.Язовтың №045 құпия бұйрығына сәйкес, апат салдарын жою жұмыстарына 30 жасқа толған, отбасылы және екі немесе одан да көп баласы бар азаматтар ғана қатысуы тиіс болатын. Алайда бұл талаптар сақталмай, 20 жасқа толмаған көптеген жас жігіттер де апат аймағына жіберілді.

27-ші химиялық қорғаныс полкінің құрамында қызмет еткен қазақстандықтардың бірі – Мирболат Молдабеков. Ол 1986 жылы апаттан кейін қауіпті аймаққа жіберіліп, радиациямен қатты ластанған аудандарда жұмыс істеді. Оның міндеттері радиоактивті қалдықтарды көму және ластанған техниканы тазалау болды. Мирболат аман-есен елге оралды.

Тағы бір қаһарман – Бақытжан Тұяқбаев, ол ластанған аумақтарды дезактивациялау жұмыстарымен айналысты. Ол радиация деңгейі өте жоғары қауіпті аймақтарда белсенді еңбек етіп, өз міндетін абыроймен орындады.
Асанбек Сейдахметов өрт сөндіру, радиоактивті қалдықтарды көму және станция аумағын тазалау жұмыстарымен айналысты. Сверхжоғары радиация жағдайында еңбек еткен ол кейін ауыр сырқаттарға шалдықты және өмірінің соңына дейін денсаулықпен күресті.

Марат Қасымов станция айналасындағы топырақты және құрылыс қалдықтарын зарарсыздандыру жұмыстарына қатысты. Оның міндеті радиоактивті заттардың таралуын шектеу болды.

Қазақстандық ғалым Шахмардан Есенов Чернобыль аймағындағы радиация деңгейін өлшеу және қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты. Оның ғылыми негізделген шешімдері апаттың салдарын жеңілдетуге үлкен үлес қосты және ғылыми қауымдастықта жоғары бағаланды.

Мырзахан Әбілқасымов, 27-ші полктің солдаты, радиациямен ластанған техниканы тазалау және дезактивациялау жұмыстарын жүргізді. Ол төтенше жағдайда сабырлы әрі жауапкершілікпен еңбек етті.

Қанат Байкенов – апаттың алғашқы күндерінен бастап Чернобыльге жіберілген әскери қызметкер. Ол реактор маңында жұмыс істеп, өміріне қауіп төнсе де өз міндетін абыроймен орындады. Оның ерлігі көптеген марапаттармен атап өтілді.

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан қазақстандықтардың тағдыры ауыр болды. Көптеген ликвидаторлар радиацияның әсерінен әртүрлі ауруларға шалдықты, ауруларын өз балаларына және жақындарына жұқтырды және әлі күнге дейін оның салдарын бастан кешіруде. Чернобыль ликвидаторларының ерлігі ұмыт қалған жоқ. Олар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, апатты тоқтатуға тырысты. Алайда олардың көбісі тікелей реактор маңында болып, өлімге әкеп соққан радиациялық дозаны алды және ауруханада көз жұмды.

Бүгінде Қазақстанда Чернобыль апатының ликвидаторларының құқықтарын қорғау, медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау бойынша арнайы ұйымдар жұмыс істейді. Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында Чернобыль ликвидаторларына арналған ескерткіштер орнатылған.

Қазақстандық батырлардың Чернобыльдегі ерлігі – тек әскери міндетті орындау емес, бүкіл адамзаттың өмірі мен болашағы үшін жасалған ұлы құрбандықтың символы. Олар радиацияның бар қауіптілігін толық түсінбей-ақ, адамзатты құтқару үшін өмірлерін бәйгеге тікті. Бұл батырлардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмауы тиіс.

 

1988–1992 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАРАБАХТАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МИССИЯСЫ

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс – посткеңестік кеңістіктегі алғашқы әрі ең ірі этносаралық соғыс болды. Бұл тек Әзірбайжан мен Армения арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар бүкіл кеңестік жүйенің күйреуі мен жаңа мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды айқындайтын қанды текетіреске айналды.

Қақтығыстың салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналды.Осы күрделі кезеңде Қазақстан өз бейтараптығын сақтай отырып, екі тараппен де тең қарым-қатынаста болып, алғашқы күннен бастап бітімгершілік бағыт ұстанды. 1991 жылы қыркүйекте Қазақстан Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев пен Ресейдің сол кездегі Президенті Б. Ельцин Әзірбайжан мен Армения астаналарына және Степанакертке арнайы сапармен барып, келіссөздер жүргізді. Бұл сапар нәтижесінде 23-қыркүйекте Железноводскіде үш ел басшылары қол қойған бірлескен коммюнике жарияланып, қақтығысты бейбіт жолмен реттеудің жол картасы ұсынылды.

Қазақстан бейбітшілікке шақырып қана қойған жоқ, сонымен қатар 1992 жылы 17 сәуірде Президенттің №107 Жарлығына сәйкес, Таулы Қарабақ аймағына бітімгерлік мақсатта әскери контингентін жіберді. Бұл – жас мемлекетіміздің халықаралық миссияларға белсенді араласуының алғашқы мысалдарының бірі болды.

Осы оқиғаның барысы туралы шағын хронологияны назарларыңызға ұсынамыз. 

1918–1920 жылдар: Этникалық тазарту және кеңестік биліктің орнауы. 

Әзербайжан Демократиялық Республикасы кезеңінде армян күштері Зангезур, Нахчыван және Карабах аймақтарында әзербайжан халқына қарсы жаппай қырғын жасады. Армян қолбасшылары Андраник пен Нжде Зангезурдан әзербайжан халқын ішінара жойып, ішінара қуып шықты. Бұл оқиғалар еуропалық журналистер тарапынан құжатталған.1920 жылдың 27 сәуірінде Кеңестік Ресейдің XI Қызыл Армиясы Бакуге басып кіріп, Әзербайжан Демократиялық Республикасын құлатты. Келесі күні, 28 сәуірде, республика аумағында кеңестік билік орнағаны жарияланды.

1987–1991 жылдар: Қақтығыстың өршуі және этникалық шиеленіс. 

1987 жылдың 1 желтоқсанында Таулы Карабахтағы армян өкілдері НКАО-ны Әзербайжан құрамынан шығарып, Арменияға қосу туралы өтінішпен КСРО Компартиясының Орталық Комитетіне жүгінді. 1988 жылдың 8 қаңтарында олар КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары П. Демичевке екінші өтініш пен азаматтардың қолдарын тапсырды.

1988 жылдың 25 қаңтарында армяндардың әзербайжан елді мекендеріне жасаған шабуылдары нәтижесінде, Әзербайжанға Армян КСР-нің Кафан және Мегри аудандарынан алғашқы жүздеген босқындар келе бастады.

1988 жылдың 12 ақпанында Ханкендиде «Крунк» сепаратистік ұйымы ұйымдастырған алғашқы митинг өтті, онда НКАО-ны Арменияға қосу талап етілді. 1988 жылдың 19 ақпанында Ереванда «Арменияны түріктерден тазарту!» және «Арменияда тек армяндар тұруы керек!» деген ұрандармен митинг өтті.

1988 жылдың 20 ақпанында НКАО облыстық кеңесінің армян депутаттары НКАО-ны Әзербайжан КСР құрамынан шығарып, Армения КСР-не қосу туралы шешім қабылдады. КСРО Компартиясының Орталық Комитеті бұл шешімді «ұлтшыл элементтердің арандатуы» деп бағалады.

1988 жылдың 22-23 ақпанында Баку мен Сумгаитте «НКАО – Әзербайжанның ажырамас бөлігі» деген ұранмен алғашқы митингтер өтті. 1988 жылдың 24 ақпанында Аскеран ауданында армяндар екі жас әзербайжанды өлтірді.

1988 жылдың 28 ақпанында армян ұлтшылдарының белсенді қатысуымен Сумгаитте ұлтаралық тәртіпсіздіктер орын алды.

1988 жылдың 24 наурызында КСРО Компартиясы Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі 1988-1995 жылдары Әзербайжан КСР-нің Таулы Карабах автономиялық облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету шаралары туралы қаулы қабылдады.

1988 жылдың 21 мамырында НКАО халық депутаттары кеңесінің сессиясында НКАО-ны уақытша Әзербайжан құрамынан шығару туралы өтініш қабылданып, Армения Жоғарғы Кеңесі бұл шешімді мақұлдады.

1988 жылдың 15 маусымында Армения Жоғарғы Кеңесі НКАО халық депутаттары кеңесінің өтінішіне оң жауап беріп, НКАО-ны Әзербайжан КСР құрамынан шығарып, Армения КСР-не қосу туралы шешім қабылдады. 1988 жылдың 17 маусымында Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесі

Армения Жоғарғы Кеңесінің бұл шешімін заңсыз деп таныды.

1988 жылдың 12 шілдесінде НКАО халық депутаттары кеңесінің сессиясы автономиялық облысты Әзербайжан КСР құрамынан шығару туралы шешім қабылдады. 1988 жылдың 13 шілдесінде Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бұл шешімді заңсыз деп жариялады.

1988 жылдың 18 шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының кеңейтілген отырысында Армения мен Әзербайжан Жоғарғы Кеңестерінің Таулы Карабахқа қатысты шешімдері талқыланып, қолданыстағы шекаралар мен ұлттық-аумақтық бөліністі өзгерту мүмкін еместігі мойындалды.

1988 жылдың 19 шілдесінде НКАО халық депутаттары кеңесінің сессиясы тағы да НКАО-ны Әзербайжан құрамынан шығару туралы антиконституциялық шешім қабылдады.

1988 жылдың 24 тамызында НКАО халық депутаттары кеңесінің сессиясы НКАО-ны Әзербайжан әкімшілік бағыныштылығынан шығарып, Арменияға беру туралы шешімді қолдады.

1988 жылдың 7 желтоқсанында Арменияда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен кейін Арменияға гуманитарлық көмек ретінде шетелден көптеген оқ-дәрілер жеткізіліп, олар әртүрлі жолдармен Таулы Карабахқа тасымалданып, әзербайжан халқына қарсы қолданылды.

1988 жылдың 11 желтоқсанында Әзербайжанның Республикалық әскери комиссариаты мен Азаматтық қорғаныс штабы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ленинаканға «ИЛ-76» ұшағын жіберді, бірақ ұшақ Гюмри маңында әдейі атып түсірілді. Ұшақта 69 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, тек бір адам тірі қалды. Апаттыңсебептері тергелмеді.

1989 жылдың 23 қыркүйегінде Әзербайжан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Әзербайжан КСР-нің егемендігі туралы» конституциялық заң қабылданды.

1989 жылдың 28 қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесі НКАО-дағы жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы қаулы қабылдап, НКАО-ның ерекше басқару комитетін таратып, облыстық халық депутаттары кеңесінің қызметін қалпына келтіру және Әзербайжанда НКАО бойынша республикалық ұйымдастыру комитетін құру туралы шешім қабылдады.

1989 жылдың 1 желтоқсанында Армения КСР Жоғарғы Кеңесі Әзербайжан КСР-нің егемендігін өрескел бұзып, «Армения КСР мен Таулы Карабахтың қайта бірігуі туралы» қаулы қабылдады.

1989 жылдың 4 желтоқсанында Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Әзербайжан КСР-нің Таулы Карабах автономиялық облысындағы жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы» қаулы қабылдады.

1989 жылдың 7 желтоқсанында Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Армения КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 1 желтоқсандағы шешімін Әзербайжан КСР-нің егемендігіне қол сұғу және оның аумақтық тұтастығына қауіп төндіру деп таныды.

1990 жылдың 9 қаңтарында Армения КСР Жоғарғы Кеңесі НКАО-ның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын Армения КСР-нің 1990 жылға арналған жоспарына енгізді.

1990 жылдың 10 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Армения КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 1 желтоқсандағы және 1990 жылғы 9 қаңтардағы шешімдерінің КСРО Конституциясына сәйкес еместігі туралы қаулы қабылдады.

1990-1991 жылдар: Кеңестік құлдырау аясында жағдайдың ұшығуы мен тәуелсіздікке ұмтылыс. 

1990 жылғы 11 қаңтарда Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Армения КСР Жоғарғы Кеңесінің 9 қаңтардағы қаулысын республиканың егемендігіне жасалған өрескел қол сұғу және қайта құруға қарсы бағытталған әрекет ретінде бағалады.

1990 жылғы 13–14 қаңтарда Бакуде армян  азаматы екі әзербайжанды өлтіргеннен кейін қақтығыстар басталды. Сол уақытта Бакуде орналасқан КСРО ІІМ-нің 12 мыңдық қарулы жасағы бұл оқиғаларға бейтарап қарап отырды. 

1990 жылғы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиум төрағасы М.С. Горбачев НКАО мен басқа да аймақтарда төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесіне Баку, Гянджа және басқа да елді мекендерде коменданттық сағат енгізуді қоса алғанда, тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

1990 жылғы 19 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз Баку қаласында 20 қаңтардан бастап төтенше жағдай енгізу туралы жарлық шығарды.

1990 жылғы 20 қаңтарда КСРО Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің әскерлері Бакуге кіріп, бейбіт тұрғындарға қарсы қатыгез жазалау операциясын жүргізді. 

1991 жыл: Мемлекеттік егемендік және әскери қақтығыстың басталуы. 

1991 жылғы 30 тамызда Әзербайжан Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіргенін жариялады.  

1991 жылғы 2 қыркүйекте Степанакертте өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабах Республикасы құрылды. Ресми Баку бұл актіні заңсыз деп таныды.

1991 жылғы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық акт қабылданды.

1991 жылғы 26 қарашада Әзербайжан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Таулы Қарабах автономиялық облысын тарату туралы» заң қабылдады.

1991 жылдың соңында армян-әзербайжан қарулы қақтығысының алғашқы кезеңі басталды.

1988-1991 жылдар: Этникалық тазарту мен жаппай қуғын-сүргін. 

1988–1991 жылдары Армения аумағында орналасқан 185 әзербайжан ауылынан этникалық тазарту нәтижесінде 250 мыңға жуық әзербайжандық қуғындалды. Нәтижесінде Армения моноэтникалық мемлекетке айналды.

Армяндар тарапынан 217 әзербайжан азаматы өлтірілді, олардың ішінде 57 әйел, сәби және 18 бала болды. Олардың 49-ы армяндардан қашып жүріп тауда үсіп өлді, 41 адам ұрып өлтірілді, 35 адам азапталып өлтірілді, 115 адам тірідей өртелді, 16 адам атып өлтірілді, 10 адам жүрек талмасынан қайтыс болды, 2 адам ауруханада дәрігерлер тарапынан өлтірілді, қалғандары түрлі азаптармен өлтірілді. 

Осы жылдары 1154 адам жараланып, жүздеген адам азаптауға ұшырады. 
Аталған кезеңде Таулы Қарабахта 2559 қақтығыс, 315 қарулы шабуыл тіркеліп, 514 адам қаза тауып, 1318 адам жараланды, 119 нысан мен 1134 әзербайжан үйі қирады.

Бұл қақтығыс НКАО-дағы әзербайжан қауымдастығы үшін ғана емес, Армян КСР-індегі шамамен 200 мың әзербайжан үшін де ауыр трагедияға айналды. Өздерінің тарихи жерлерінде өмір сүріп жатқан әзербайжандар XX ғасырда үш рет жаппай жер аударуға ұшырады. Алғаш рет бұл жерлер 1918 жылдың мамырында Оңтүстік Кавказдағы алғашқы армян мемлекетінің құрамына кіріп кеткен еді.
НКАО-дағы қақтығыс 1985-1986 жылдары қайтадан шиеленісе бастады. 1987 жылдың басында КСРО басшысы М.С. Горбачевке Нагорный Карабахты Бакуден шығарып, Ереванға қосу туралы талаппен хат жолданды.

Осы оқиғаларға байланысты, 1988 жылғы 23 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы №9822-XI жарлығын қабылдады, онда «Әзербайжан КСР мен Армения КСР-де, сондай-ақ Таулы Қарабахта қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар» қарастырылды.

Қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуы.            

Таулы Қарабах қақтығысына Қазақстаннан 3600 әскери қызметкер қатысқан. Ресми деректерге сәйкес, төрт жыл ішінде 38 қазақстандық сарбаз қаза тауып, отандарына табытпен оралды. Олардың 65-ке жуығы 1-, 2- және 3-топтағы мүгедек болып оралды. Із-түзсіз жоғалғандар саны – 14 адам.

Қазақстандық жауынгерлер 1992 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің №107 Жарлығына сәйкес Таулы Қарабах аймағынан шығарылды.

Таулы Қарабахтағы қанды қақтығыстардың салдары ондаған жылдар бойы ұмытылмас жара болып қалып, оған қатысқан жауынгерлердің тағдыры – бүгінгі ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. 

Бүгінде Қазақстанның әрбір облысы мен қаласында ардагерлер кеңестері жұмыс істейді. Бұл ұйымдар Таулы Қарабах соғысына қатысқан ардагерлердің әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайын қорғауға бағытталған. Ардагерлер кеңестері қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Олар әскери-тарихи іс-шараларға, еске алу күндеріне, кездесулер мен ашық сабақтарға ұйытқы болып келеді. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ардагерлерге медициналық көмек, материалдық қолдау және психологиялық кеңес беру шараларын жүзеге асырады.

Ардагерлер кеңестерінің ел игілігі жолындағы қызметі мен қоғамдық өмірге қосқан үлестерінен үзіндіні төмендегі фотосуреттерден байқауға болады. 

Сериков Сайлау Досумович (1940-1991 жж.)
Қарабах этносаралық әскери қақтығысының батыры, генерал-майор,  
ҚР ІІм орынбасары 

ҚАРАБАХТА МИ-8 ТІКҰШАҒЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ

1991 жылғы 20 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:42-де НҚАО-ның Ходжавенд (Мартуни) ауданына қарасты Қаракенд ауылынан үш шақырым қашықтықта КСРО ІІМ ішкі әскерлеріне тиесілі №72 бортты Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипаж мүшелерін қоса алғанда 22 адам болған. Қаза тапқандардың арасында Әзербайжанның жоғары лауазымды үкімет өкілдері, журналистер, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бітімгерлік миссиясының мүшелері болды. 

Тікұшақ Агдам қаласынан Қарабақтағы аудан орталығы Мартуниге бағыт алған. Бұл жерде бір күн бұрын қала тұрғындары мен әзербайжандар қоныстанған Ходжавенд маңының тұрғындары арасында ауыр қақтығыстар орын алған еді. Теміртау коммюникесіне сәйкес НҚАО-да жұмыс істеп жүрген Ресей мен Қазақстаннан келген бақылаушылар Әзербайжан басшылығының өкілдерімен бірге осы өңірдегі шиеленіскен жағдаймен танысу мақсатында Мартуниге бара жатқан болатын.

Қаза тапқандардың арасында генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің сол кездегі орынбасары Сериков Сайлау Досұмұлы да бар еді. Ол 1940 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай облысы Қарасу ауданына қарасты Ключи ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Досұм Серіков 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері, алған жарақаттарының асқынуынан 1953 жылы қайтыс болған. КСРО ІІМ академиясын 1978 жылы тәмамдаған соң, Сайлау Серіков Алматы қаласы ІІБ-нің қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары, кейін Фрунзе аудандық ішкі істер басқармасының бастығы болып қызмет етті. 1982 жылы Алматы қалалық атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Екі жылдан соң көліктегі Шығыс ІІБ бастығы болып тағайындалды. 1985 жылы Қазақ КСР ІІМ министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сериков Сайлау Досұмұлы Алматы қаласының Орталық зиратында жерленген.

Оның есімі құрметіне Алматы қаласындағы бір көше атауы берілген. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрмет кітабына мәңгілікке енгізілген.

Барынбетов Ербол (1974-1994 жж.) 
№ 776 әскери бөлімі барлау батальонының командирі
(Баку қаласындағы (Әзербайжан) Шехидтер құрметті зиратында 2-ші аллеяда жерленген)

Султанбеков Муратхан Үмбеталиевич
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының 
Қарабах ардагерлерінің Астана қалалық мүшесі, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ жанындағы әскери кафедрасында жастарға ерлердің ерлік есімдерін насихаттау мақсатында Б. Момышұлы атындағы дәрісхананың ашылуына жанашырлықпен жетекшілік етіп, демеушілік ұйымдастырды

Аманбаев Мұрат Төленбайұлы
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының 
Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Шымкент қаласы филиалының төрағасы 

Смагулов Өміртай Ондасынович
                    Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы
 

Абдулаханов Алихан Насырович
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының
Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Алматы облысы Қарасай ауданы филиалының төрағасы

Қарасай ауданы бойынша Таулы Қарабах ардагерлерінің тізімі
1. Абдулаханов Алихан Насырович
2. Байназаров Тыныбай Аллаярович
3. Баубеков Сержан Асылбекович
4. Булыгин Андрей Геннадьевич
5. Жунусбаев Сабыр Нурсултанович
6. Жусупов Тлеуле Габдульмитакерұлы
7. Заманбеков Еркінбек Рамазанұлы
8. Каналиев Адилбек Алимбаевич
9. Козловский Олег Викторович
10.Куандыков Айдар Бигожаевич
11. Кумганбаев Аманкелді Статбекович
12. Оразбаев Алтынбек Орынбасарович
13. Ордабаев Саламат Джуманиязович
14. Орманов Мақсет Мухамбетжанович
15.Салибеков Калдыбай Мадиханович
16. Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы
17. Сметуллаев Азамат Бегдуллаевич
18. Тажибаев Нурбек Оразбаевич
19. Тоймуратов Абай Токсанбаевич
20. Телибаев Бекдаулет Оспанбаевич
21. Тлеубаев Ермек Каскемперович
22. Тұңғышбекұлы Амангелді
23. Туешиев Махсетбай Муратбайұлы
24. Унгаров Жеткербай Сарсенбаевич
25. Шагиев Сакен Кабижанович

Дарибаев Махмуд Усенұлы
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы 

Мырзахметов Бейбіт Төлешұлы 
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы 

Изтилеуов Даурен Турганалиевич 
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы 

Амандосов Батырхан Сидазимович
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы 

Төлегенов Болатбек Шынбайұлы
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы

Сыр өңірінің Таулы Қарабах ардагерлері

1986-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабақтағы қақтығыстарға қатысқан сырбойылық сарбаздар азаматтық борышын абыроймен өтеген нағыз ерлер. 300-ден астам жауынгердің 238-і бүгінде ресми түрде ардагер мәртебесіне ие.
2021 жылы Қызылорда облысында Таулы Қарабахтағы ұрыстарға қатысқан ардагерлердің қоғамдық бірлестігі құрылды. Оның төрағасы – Болатбек Шынбайұлы Төлегенов. Бірлестік ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қатар, елдік пен ерлікке тәрбиелеу бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. 
2022 жылдан бастап бұл ұйым республикалық ардагерлер одағының мүшесі ретінде қызмет атқаруда. Одақтың Қызылордадағы кеңесшісі Арман Бақытұлы Бимағанбетов ардагерлер ісіне үлкен үлес қосып келеді. Бірлестік көмегімен 100-ден аса ардагер заңды мәртебе мен жеңілдіктерге қол жеткізді. Қолда бар естелік ретінде Шиелі ауданында арнайы ескерткіш орнатылып, Қызылорда қаласында тағы бір ескерткіштің құрылысы басталды. Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 28 іс-шара ұйымдастырылып, ардагерлер өңірдің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып келеді. Ардагерлер ерлігі - ұрпаққа үлгі, елге аманат.

Нурханов Толеу Кашенович
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Екібастұз қаласы бойынша филиалының төрағасы

Кувандыков Балта Джакетович
Басқа мемлекеттер аймағындағы ұрыс қимылдарының Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының Жаңаөзен қаласы бойынша филиалының төрағасы

ХОДЖАЛЫ ҚАСІРЕТІ – ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ 

1992 жылғы 25-тен 26 ақпанға қараған түні Әзербайжан тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі -  Ходжалы қасіреті орын алды. Армян қарулы жасақтары мен бұрынғы Кеңес армиясының 366-мотострелкалық полкының қатысуымен Ходжалы қаласы күшпен басып алынды. 
Блокадаға, ауыр тұрмысқа және сыртқы әлеммен байланыстың толық үзілуіне қарамастан, қала тұрғындары өмір сүріп, қарсыласуын жалғастырды. Алайда қайғылы оқиға болдырмай қоймады. Шабуыл кезінде және одан кейінгі уақытта 613 бейбіт тұрғын қаза тапты, олардың ішінде 63 бала, 106 әйел және 70 қарт бар. 8 отбасы түгелдей жойылды. Мыңнан астам адам тұтқынға алынып, жүздеген адам жараланды, 150 адам хабар-ошарсыз кетті. 
Стратегиялық маңызы бар, мыңдаған босқынды қабылдаған бұл қала сыртқы әлемнен мүлде оқшауланды. Электр жарығысыз, ауыз сусыз және байланыссыз жағдайда Ходжалы соңғы күнге дейін берілмей тұрды. Қаланың қорғанысын басқарған Алиф Гаджиев ерлік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетті.
Ходжалы қасіреті – бұл жай ғана соғыс эпизоды емес. Бұл – әзербайжан халқының жүрегінде мәңгілікке сақталған терең жара, бейбітшіліктің бағасын және адам өмірінің қасиеттілігін еске салатын үн.
Ходжалы құрбандарын еске алу – ұрпақтар жадында мәңгілік сақталады.

ҚАРАБАХ АРДАГЕРЛЕРІ – ЕЛГЕ ҮЛГІ ЕРЛЕР

Астана қаласындағы Таулы Қарабах ардагерлері С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ жанындағы әскери кафедрада жастарға ерлік пен отансүйгіштікті насихаттау мақсатында ашылған Б. Момышұлы атындағы дәрісхананың жабдықталуына қол ұшын беріп, үлестерін қосып, демеушілік етті: 
1. Макажанов Бауыржан Куандыкович
2. Султанбеков Муратхан Умбеталиевич 
3. Ахметов Ануарбек Кайратович 
4. Жанабеков Амангельды Бориевич
5. Дюсекеев Нурлан Кенесович 
6. Конысбаев Еркингали Саденович
7. Жабикеев Ерканат Булатович
8. Байдаулетов Мейрам Махметович
9. Енсебаев Мадияр Хамитович
10. Искаков Талгат Жанатович
11. Бигельдиев Нуртуган Карбозович
12. Бурашев Амантай Серикович
13. Конкаков Даурен Серикбаевич
14. Елеусизов Ахылбек Сунятсонович
15.Султанов Садык Кожахметович
16.Ташмаков Асылбек Серикович
17. Камеров Руслан Каиржанович
18. Жадгеров Думан Кабулдинович
19. Жургембаев Мереке Копенович
20. Кенжина Насиха Гумаровна
21. Хашенов Төлеу
22. Куандыков Балта

Төменде  Қарабах ардагерлері мен олардың өңірлік филиалдары ұйымдастырған түрлі іс-шаралардан фотосуреттер ұсынылған. Мұнда ардагерлердің елдікке қызметі, жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене араласуы көрініс табады. Әр сурет – ерлік пен бірліктің, батырлық пен бейбітшілікке ұмтылудың жарқын белгісі.