Қарулы Күштер үшін резервтік командалық құрамды даярлау мақсатында Целиноград ауыл шаруашылық институтында әскери кафедра құрылды.
Кафедра ең қажетті оқу-материалдық базаны құрап, 1958 жылдың қазан айынан бастап әскери дайындықты өткізе бастады (1958 жылдың 16 қыркүйегіндегі ЦАШИ № 237 бұйрығы). 1961 жылы Қарулы Күштердің қатарын қарусыздандыру және қысқарту бойынша шаралар қабылдау кезінде әскери кафедра таратылды.
1965 жылы «суық соғыс» қарсаңында офицерлік кадрлар даярлау қажеттілігі туындап, әскери кафедра қайта ашылды. Кафедра бастығы болып полковник Ф.Д. Петриченко тағайындалды. Ол әскери кафедраның құрылуы мен дамуы үшін көп еңбек сіңірген болатын. Кафедрада циклдардың құрылуы (тактикалық – 1969ж., оттық – 1971ж.) және де автомобильдік бейінде (1975ж.), студенттерді оқыту мен тәрбиелеу ісінде маңызды рөл атқарды.
1976 жылы «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» жаңа әскери-есептік мамандығы ашылды.
1985 жылы кафедрада дамудың жаңа кезеңі басталды: оқу сыныптары, зертханалар және қосалқы үй-жайлары, сондай-ақ жабық тұрақ - әскери техниканы, автомобильдерді сақтау паркі, техникалық қызмет көрсету пункі, 50 метрлік атыс тирі бар 4-қабатты оқу ғимараты салынып, іске қосылды.
2009 жылғы ақпан айынан бастап әскери кафедрада екі жаңа әскери-есептік мамандық: «Көп мақсатта пайдаланылатын автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу» және «Топографиялық жұмыстар» ашылды.
2012 жылғы қыркүйек айынан бастап «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» және «Көп мақсатта пайдаланылатын автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу» екі әскери-есептік мамандығы бойынша мемлекеттік тілде оқыту басталды.
2018 жылы «Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы және 2020 жылы «Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есептік мамандығы ашылды.
2020 жылы запастағы сержанттарды даярлау циклы ашылып, алты әскери-есептік мамандықтар бойынша студенттерді дайындайды.
Әскери кафедра офицерлік құраммен толықтай қамтылды. Барлық офицерлердің әскери тәжірибесі болды және штаттық тағайындауларға сәйкес келді.
Әр түрлі жылдары әскери кафедраның басшылары болғандар:
16.09.1958ж.– полковник Савелий Падоевич Джабиев
04.08.1965ж. – полковник Федор Дмитриевич Петриченко
24.11.1975ж. – полковник Вионор Георгиевич Белинский
29.11.1985ж. – полковник Владислав Владимирович Лосев
14.12.1993ж. – полковник Анатолий Петрович Бородовицын
24.11.1997ж. – полковник Альберт Игнатьевич Рихтер
18.10.1999ж. – подполковник Әділхан Қуанышбайұлы Далабаев
12.01.2002ж. – полковник Владимир Николаевич Соловьев
03.06.2008ж. - полковник Совет Қайыркенұлы Әлжапаров
1.04.2014ж. бастап запастағы полковник Төлеген Ағыбайұлы Дуламбаев тағайындалды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.