Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Костюченков Николай Васильевич
Костюченков Николай Васильевич

Костюченков Николай Васильевич

 

ҚР АШҒА нақты мүшесі (академик), техника ғылымдарының докторы (05.20.01 мамандығы),

профессор, «Аграрлық техника және технология» кафедрасының профессоры

Кабинет 3208, тел. 8(7172) 38-03-36 

E-mail: n.kostyuchenkov@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми қызығушылық саласы

Өсімдік шаруашылығындағы механикаландырылған үрдістерді жобалау және енгізу.

Оқытатын пәндер

Патенттану және кәсіби шығармашылық негіздері, жылжымалы агрегаттардың эксплуатациялық қасиеттері, ғылыми зерттеу негіздері, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және патенттану, дипломдық жобалау, диссертацияларға жетекшілік.

Жетекшілік ететін магистранттары мен докторанттары

Загайнов Н.,  Қайырбек Ж.

Білімі

1969 - 1974

Целиноград ауыл шаруашылық институты (ЦАШИ), ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті

1979-1982

Челябинск ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының (ЧАШМЭИ) аспирантурасы

1982

Патенттану және өнертапқыштық сұрақтары бойынша жетекшілік, инженерлік-техникалық және ғылыми жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатудың жоғарғы мемлекеттік курстары (ВГКПИ).

1986

техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды

1989

машина трактор паркін пайдалану кафедрасы бойынша КСРО ЖАК-сы доцент ғылыми атағын берді

1999

РФ техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация сәтті қорғалды және 2000 жылы РФ техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді

2000

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетінің профессоры академиялық дәрежесі берілді

2001

ҚР  техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді

2004

ҚР ЖАК-сы «Агроинженерлік жүйелердің үрдістері және машиналары» мамандығының профессоры ғылыми атағын берді

2010

ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдарының нақты мүшесі

 

Еңбек өтілі:

1974-1979

ЦАШИ МТПЭ кафедрасының ассистенті, Целиноград қ;

1979-1982

ЧАШМЭИ МТПЭ кафедрасының аспиранты, Челябинск қ;

1982-1985

кіші, кейін аға ғылыми қызметкер

1985- 1986

ЦАШИ МТПЭ кафедрасының ассистенті

1986-1993

ЦАШИ сырттай оқу факультетінің деканының орынбасары

1993-1995

ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің деканы

1995-2000

ЦАШИ МТПЭ (АШТЭ) кафедрасының доценті

2000-2014

С. Сейфуллин ат. ҚАТУ «Техникалық сервис» кафедрасының меңгерушісі

2002-2004

С. Сейфуллин ат. ҚАТУ бірінші проректоры

2015 –

С. Сейфуллин ат. ҚАТУ «Аграрлық техника және технология» кафедрасының профессоры

 

Марапаттар, құрмет грамоталары:

1978

БКЖЛКО ОК құрмет грамотасы

1980

«Құрмет белгісі» ордені

1984

көшет отырғызғыш машинаны жетілдіргені үшін тұңғыш жеке сыйақысы және қырыққабат жинауға арналған машиналар кешенін жасағаны және енгізгені үшін КШМ РКФСР тұңғыш сыйақысы

1985

«КСРО ауыл шаруашылығының үздік өнертапқышы» төс белгісі

1985

РКФСР жоғарғы және орта білім министрлігінің «Бүкілресейлік конурстың лауреаты» дипломы

1988

ҚазКСР халықтық білім министрлігінің құрмет грамотасы

1989

ҚазКСР халықтық білім министрлігінің құрмет грамотасы

1994

ҚР білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы

2001

Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хаты

2007

ҚР БҒМ құрмет грамотасы

2008

академик А.И. Бараевтың 100 жылдығына орай мерейтойлық медаль

2013

профессор М.А. Гендельманның 100 жылдығына орай мерейтойлық медаль

2013

«С.Сейфуллин ат. ҚАТУ 55 жыл» төс белгісі

2013

Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері

2016

«Университтің құрметті жұмысшысы» төс белгісі

 

Біліктілікті жоғарылату

ЧМАА, Челябинск қ., НМАУ, Новосибирск қ., Тимирязев ат. РМАУ-ТАША, Мәскеу қ., РФ, Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті, Санкт-Петербург – Пушкин қ., РФ, «CLAAS» фирмасы, Германия, Кубань мемлекеттік аграрлық университеті, Краснодар қ., Минск трактор зауыты, Минск қ., БР, «Трисдорф» ЖМ – қолданбалы ғылымдар университеті, Вайнштефан қ., т.с.с. (30 астам сертификаттар).

Басылымдар

Барлығы 200-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбек жарияланды, соның ішінде 30 астам электронды құралдар және 20 астам өнертабысқа авторлық куәліктер мен патенттер,2 зияткерлік жеке меншік куәлігі, 5 монография және 12 оқу құралы, соның ішінде 3 ҚР БҒМ белгісімен және 3 мамандық бойынша РОӘК белгісімен.

1 Костюченков Н.В. және т.б. Қырыққабат жинағыш машина. Өнертабысқа алдын ала патент №16746 15. 11..2005.;

2 Костюченков Н.В. және т.б. Автомобильдерді техникалық пайдалану негіздері. Оқу-әдістемелік құрал,  Астана, 2006, 170 б.;

3 Костюченков Н.В., Плаксин А.М. «Жылжымалы агрегаттардың эксплуатациялық қасиеттері». ҚР БҒМ белгісі бар оқу құралы Астана, 2010, 204 б. 

4  Костюченков Н.В., Козак А.И., Плаксин А.М.  «Ауыл шаруашылығындағы техникалық сервис». ҚР БҒМ белгісі бар оқу құралы Астана, 2011. 200 б

5 Костюченков Н.В. және т.б. Өнертабысқа инновациялық патент № 25909 Шынжырлы кескіш аппарат. жар.   15.08. 2012 ж. бюл. № 8.

6 Костюченков Н.В. және т.б. Өнертабысқа инновациялық патент № 26370. Қиды қалыптауға арналған құрал. Жар. 15.11. 2012 ж. бюл. №11.

7 Костюченков Н.В. және т.б. Өнертабысқа инновациялық патент № 25997. Жаһандық жер серіктік бағдарлану технологиясын GPS/ГЛОНАСС пайдалана отырып аса қауіпті дәнді дақылдар зиянкестерін фитосанитарлық мониторинг әдісі. Жар. 14.09. 2012 ж. бюл. № 9.

9 Костюченков Н.В. және т.б., Кекіремен кешенді күресу әдісі және оны жүзеге асыруға арналған құрал. Патент № 29797 Приоретет 24. 04. 2014. Тірк. В ГРИРК 15.04.2015 ж.

10 Костюченков Н.В. және т.б. Шегірткелердің ошағын анықтау әдісі және аса қауіпті зиянкестердің шабуылын фитосанитарлық бақылау И Патент № 30505 приоритет 30.07.2014 ж. тірк. В ГРИ РК 20.10.2015 ж.

11 Қырыққабаттың физика-механикалық қасиеттерін зерттеуге арналған стенд. Патент № 29917Приоретет 17. 04. 2014. тірк. В ГРИРК 19.05.2015 ж.

12 Костюченков Н.В. және т.б. «ПРАМТ» - Тартқыш агрегатты және алқапты модельдеу арқылы механикаландырылған технологияны есептеу бағдарламасы. Авторлық құқық объектілеріне құқықты мемлекеттік тіркеу куәлігі шығ. № 002451 тірк. №1661 16 тамыз 2015 ж.;

13 Костюченков Н.В. және т.б. Дипломдық жобаларды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.  РОӘК белгісі бар оқу құралы С. Сейфуллин ат. ҚАТУ. Астана, 2016, 111 б.  

14 Н.В. Костюченков, А.И.  Козак,  А.М. Плаксин,  А.В. Новиков, О.Н.  Костюченкова,  Т.А.  Непарко,  Д.А. Жданко.   «Ауыл шаруашылығындағы техникалық сервис». Оқу құралы  ҚР БЖҒМ-нің грифімен Астана қ., 2016.

15 Н.В. Костюченков, О.Н. Костюченкова,   В.В.  Сапожникова, А.Г. Демиденко,  А.В.  Новиков.  «Дипломдық жобаларды жалпы ресімдеуге қойылатын талаптар».  Оқу құралы. Астана, 2016.

16 Н.В. Костюченков,  О.Н.  Костюченкова,  И.Ф.  Яковенко,  А.И.  Козак,  А.М. Плаксин,  А.В.  Новиков,    Т.А. Непарко.  «Мысалдармен және есептермен келтірілген трактордың, автомобильдің және машина пайдаланудың теориясы». Оқу құралы. Астана, 2016 .

 

p