Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Мәди Перизат Шаймуратқызы
Мәди Перизат Шаймуратқызы

Мәди Перизат Шаймуратқызы

 

Техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы 
электр жабдықтарын пайдалану кафедрасының
аға оқытушысы
e - mail: peri@mail.ru
1118 кабинет

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы
Энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, автоматтандыру және басқару, талшықты-оптикалық техника және технологиялар, байланыс және телекоммуникациялар, желіге ЖЭК енгізу, энергетикадағы объектілер мен процестерді модельдеу 

Оқылатын пәндер
Автоматтандыру жүйелеріндегі бағдарламалық-аппараттық кешендер, жұмыс режимдерін оңтайландыру әдістері мен құралдары, энергиямен қамтамасыз ету және автоматтандыру жүйелерінің диагностикасы, АБК Электрмен жабдықтаудың арнайы мәселелері, электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу

Зерттеудің негізгі бағыттары:
Тау-кен секторларында деформацияның талшықты-оптикалық датчиктерін пайдалана отырып, бақылаудың зияткерлік кешендерін (АБК) құру жөніндегі зерттеулер. Энергия көздерінің жаңа түрлерін іздеу және құру, талшықты-оптикалық техника мен технологияны дамыту.

Басшылықпен жұмыс істейтін магистранттар 
7M07101 Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы бойынша
Долин Д.Д - Сыртқы жылу беру қозғалтқышы негізінде электр энергиясын өндірудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу

Білімі

1997-2001 жж. «Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары» мамандығы бойынша орта техникалық білім туралы диплом, Қарағанды политехникалық колледжі, техник-электрик біліктілігі, Қарағанды қ.
2001-2005 жж. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы диплом, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, біліктілігі инженер-электрик, Қарағанды қ.
2005-2007 жж. «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы диплом, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, біліктілігі электр энергетикасы магистрі, Қарағанды қ.
2018-2022 жж. «Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі, Томск қ.
2023 ж. Томск политехникалық университетінің Диссертациялық Кеңесінде 2.2.8 - Материалдарды, заттар бұйымдарын және табиғи ортаны бақылау және диагностикалау әдістері мен құралдары ғылыми мамандығы бойынша «Тталшықты-оптикалық датчиктерді пайдалана отырып, карьер борттарының тұрақтылығын бақылаудың аппараттық - бағдарламалық кешені» диссертациясын қорғау, Томск қ.
2023 ж. Техника ғылымдарының кандидаты, РФ ҒжЖБМ ҒЗИ ТПУ, Томск қ.
2023 ж. 8D071 «Инженерия және инженерлік Іс» бағыты бойынша PhD докторы, ҚР Ұлттық біліктілік шеңбері, ҚР ҒжЖБМ

Еңбек өтілі

2001-2004 жж. Қарағанды политехникалық колледжінің энергетикалық пәндер кафедрасының оқытушысы
2004 -2005 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің электрмен жабдықтау және электротехника кафедрасының зертханашысы, инженері
2005-2007 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің "Энергетика" кафедрасының ассистенті
2007-2009 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің "Энергетика" кафедрасының оқытушысы
2009-2012 жж. Қарағанды политехникалық колледжінің энергетикалық пәндер кафедрасының оқытушысы
2012-2015 жж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушысы
2015-2023 жж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы

 

Жетістіктер мен Құрмет грамоталары
ҚР инженер-энергетиктер одағы мен «Chevron» компаниясы ұйымдастырған энергия үнемдеу және баламалы энергия көздері жөніндегі жобалардың бірінші Республикалық конкурсында «Жас мамандар» номинациясы бойынша екінші орын, 2009 ж.
ҚР инженер-энергетиктер одағы мен «Chevron» компаниясы ұйымдастырған энергия үнемдеу және баламалы энергия көздері жөніндегі жобалардың Екінші Республикалық конкурсында «Жас мамандар» номинациясында бірінші орын, 20010 ж.
Байқоңыр Халықаралық ғарыш мектебі мен ғарыш айлағы базасында байқау жеңімпазын дайындағаны үшін № 22 мектеп-гимназия әкімшілігінің алғыс хаты, 2013 ж.; 
ҚарМТУ университеті ректоратының грамотасы, 2015 ж.
ҚарМТУ университеті ректоратының алғыс хаты, 2016 ж.
Case-in халықаралық инженерлік чемпионатының командасын ғылыми басқарғаны үшін сертификат, Электр энергетикасы лигасы, 2016 ж.

Басылымдары:
120-дан астам ғылыми еңбектердің, 1 монографияның, 20-дан астам оқу-әдістемелік әзірлемелердің, соның ішінде электрондық оқыту құралдарының авторы. Хирш индексі: Scopus - 4, Web of Science-2, РИНЦ-3.  
Жарияланымдар туралы мәліметтер:
SCOPUS Author ID: 57058722100
ORCID ID: 0000-0001-5930-8112
Web of Science Researcher ID: ААТ-7741-2021
Elibrary SPIN-код: 3605-3405
Google Scholar Citations: https://scholar.google.com/citations?user=WIS19DIAAAAJ&hl=ru