Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Ноғаев Әділбек Айдарханұлы
Ноғаев Әділбек Айдарханұлы

Ноғаев Әділбек Айдарханұлы

 

Агрономия факультеті,егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD
Кабинет 5220, тел. +7-701-662-78-94
E-mail: a.nogayev@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы 
Ауыл шаруашылығы және биология ғылымдары, далалық және жайылымдық мал азығын өндіру, органикалық ауыл шаруашылығы

Оқытатын пәндері 
Мал азығын өндіру, агрономиядағы ғылыми зерттеулер негіздері, кәсіби бағытталған шет тілі

Зерттеулердің негізгі бағыттары 
далалы аймақтағы жайылымдарды тиімді пайдалану әдістерін зерттеу, мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз ету үшін шикізат конвейерлерін зерттеу және әзірлеу, дәстүрлі емес мал азықтық дақылдарды еңгізу, биологиялық егіншілік жағдайында мал азықтық дақылдарды өсірудің бейімделген технологиялық шешімдерін зерттеу

Ағымдағы зерттеу жобалары 
2021-2023 жылдарға арналған ҚР АШМ бағдарламалы-нысаналы қаржыландыруы аясында жүргіліп жатқан "АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне цифрландыруды енгізудің әрбір саласы бойынша кемінде 3 цифрлық шешімді қолдана отырып, ғылыми негізделген Смарт-фермаларды (табын жылқы шаруашылығы, етті мал шаруашылығы) әзірлеу және құру және фермерлік және шаруа қызметкерлерін оқыту үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру және білім алушыларға цифрлық білім тарату " атты ғылыми-техникалық бағдарламаның "Жерді қашықтықтан зондтауды пайдалана отырып, жайылымдарды тиімді пайдалану жүйесін жасау" іс-шарасының негізгі орындаушылардың бірі болып табылады.

Білімі
2003-2008 жж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, агрономия факультеті, ғалым агроном
2008-2010 жж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде агрономия факультетінде «Агрономия» мамандығы бойынша магистратура
2011-2014 жж. Монғол мемлекеттік аграрлық  университетінде «Агрономия» мамандығы бойынша докторантура 

Еңбек өтілі
2010-2014 жж.    С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, агрономия факультеті,Егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы кафедрасының ассистенті
2014-2021 жж.    С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, агрономия факультеті,Егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы
2021-2023 жж.    А.И.Бараев ат. АШҒӨО-ның егіншілік бөлімінің меңгерушісі
2023 бастап қазіргі уақытқа дейін    С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, агрономия факультеті,егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

Марапаттары, құрмет грамоталары
«Үздік ғылыми қызметкер» атты «Казагроинновация» АҚ-ның құрмет грамотасы, 2012     
2017 ж. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР АШМ құрмет грамотасы
2017 ж. Дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік стипендиясы, ҚР БҒМ
2020-2022 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне арналған граннтық жобасының иегері;
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Білім және ғылым министрінің алғысы, 8 желтоқсан 2021 жыл (21-1-7-01/000553);
2023 жылғы" ЖОО үздік оқытушысы " атағының иегері.

Біліктілікті көтеру
2022 ж. - "2022 жылға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР-дағы Мемлекеттік сатып алу (практикум)" сертификаты, 16 академиялық сағат, Қазақстан профи орталығы, 2022 ж.;
2022 ж.- 12-16 желтоқсан аралығында "Ауыл шаруашылығы жануарлары үшін қауіпсіз сапалы жем жасау саласындағы заманауи агротехнологияларды трансфер және бейімдеу" тақырыбында К.А.Тимирязев ат. РМАУ-МСХА ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат;
2022 ж.- 12-16 желтоқсан аралығында "Жемшөп дақылдарын өндіру және ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру" бағыты бойынша К.А.Тимирязев ат. РМАУ-МСХА академиялық ұтқырлыққа қатысу туралы сертификат;
2023 г. - International Forum on High-quality Development of Grassland Agriculture, August 7-9, 2023, in Jinchang, Gansu, China.

Республикалық және халықаралық кездесулер 
V. International Agricultural, Biological & Life Science Conference, Turkey, Edirne. 2023;

Басылымдары 
Зерттеу бағыты бойынша соңғы жылдардағы негізгі басылымдар:
1. Stybayev, G.,Serekpayev, N.,Yancheva, H.,Baitelenova, A., Nogayev, A. , Khurmetbek, O.,Mukhanov, N. Succession dynamics, quality, and production in improved and natural pastures in Northern Kazakhstan.Bulgarian Journal of Agricultural Science, 27, 95-102. (2021).Retrieved from www.scopus.com процентиль 43.
2. Akhylbekova, B., Serekpayev, N., Nogayev, A. & Zhumabek, B. (2022). Pasture Productivity Depending on the Method of Pasture use in the Steppe Zone of Northern Kazakhstan. OnLine Journal of Biological Sciences, 22(4), 476-483. https://doi.org/10.3844/ojbsci.2022.476.483 , процентиль 45
3. Adilbek Nogayev, Nurlan Serekpayev, Gani Stybayev, Aliya Baitelenova, Nurbolat Mukhanov. Yield and nutritional value of forage crops for dairy goat production in the steppe of Northern Kazakhstan. International Journal of Ecosystems and Ecology Science (IJEES) Volume 12, issue 4, 2022.  https://doi.org/10.31407/ijees. ISSN: 2224-4980, Q4 WoS
4. Stybayev, G.; Zargar, M.; Serekpayev, N.; Zharlygassov, Z.; Baitelenova, A.; Nogayev, A. , Mukhanov, N.; Elsergani, M.I.M.; Abdiee, A.A.A. Spring-Planted Cover Crop Impact on Weed Suppression, Productivity, and Feed Quality of Forage Crops in Northern Kazakhstan. Agronomy 2023, 13, 1278. https://doi.org/10.3390/agronomy13051278 JCR - Q1 (Agronomy) / CiteScore - Q1 (Agronomy and Crop Science). процентиль 79
5. Lulu Hou, Xiaoping Xin, Haixia Sun, Yi Tao, Jiquan Chen, Ruirui Yan, Xiang Zhang, Beibei Shen, Ahmed Ibrahim Ahmed Altome, Yousif Mohamed Zainelabdeen Hamed, Xu Wang, Serekpaev Nurlan, Adilbek Nogayev, Akhylbekova Balzhan, Maira Kussainova, Amartuvshin Amarjargal, Wei Fang, Alim Pulatov,Grazing-induced cattle behaviour modulates the secondary production in a Eurasian steppe ecosystem. Science of The Total Environment, Volume 889, 2023, 164191, ISSN 0048-9697, https://doi.org/10.1016/j.scitotenv.2023.164191. (https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0048969723028127),JCR - Q1 (Environmental Science), процентиль 95
6. Hou, L.; Xin, X.; Shen, B.; Qin, Q.; Altome, A.I.A.; Hamed, Y.M.Z.; Yan, R.; Nurlan, S.; Adilbek Nogayev, Balzhan, A.; et al. Effects of Long-Term Grazing on Feed Intake and Digestibility of Cattle in Meadow Steppe. Agronomy 2023, 13, 1760. https://doi.org/10.3390/agronomy13071760, JCR - Q1 (Agronomy) / CiteScore - Q1 (Agronomy and Crop Science). процентиль 79