Іріктеу «Әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы №1576 бұйрығына және «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап үлгі бойынша ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
Өтінішті қабылдау оқуға түскен (қабылданған) жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған азаматтар әскери кафедраға оқуға түскен жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан бастап сабаққа кіріседі.
Әскери даярлық мерзімі:
1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 2 жыл 5 ай;
2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 1 жыл 5 ай болып белгіленеді.
4.1.4 Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
бірінші курста – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
бірінші, екінші курстарда – 5 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.
Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
бірінші курста – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
бірінші, екінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
бірінші, екінші және үшінші курстарда – 5 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар.
Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) әскери билеті бойынша конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.
Әскери кафедра қызметкері ӘК оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент құжаттарды берген күні құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Студент құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау нысаны (жазбаша/ауызша), уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу процесі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
төртінші кезең – Университеттің Басқарама Төрағасы-Ректорымен жасалған және бекітілген рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу, бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын бітірген студенттер үшін үлгерімнің орташа балы дипломға қосымша негізінде айқындалады.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі. Алдағы кезеңнен өтпеген түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге ӘК-де ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі (бұдан әрі – 8-нысан). Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 сәуірінен бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 8-нысан бойынша медициналық куәландыру нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға беріледі.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
Студенттердің дене шынықтыру дайындығы дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады (6-қосымша). Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ӘК-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ынталандыру, стреске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және дене шынықтыру дайындығы нәтижесі комиссия мүшелері қол қоятын ведомоста ескеріледі.
Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және "әскери даярлыққа жіберілсін", "өтеулі негізде оқуға ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің біреуін қабылдаумен хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.
Әскери кафедрада өтеусіз негізде оқу үшін бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
Қорытынды рейтинг балл тең болған жағдайда келесі кезектілік бойынша басымдық болып табылады:
Конкурс кезеңінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде (еркін нысанда) өтініш береді.
Өтініштің мәнісі бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 1 күн ішінде "қанағаттандырылсын" немесе "бас тартылсын" деген тұжырыммен қабылданады.
Конкурс нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін ӘК-нің ақпараттық стендіне орналастырылады.
1 Қосымша
Өтініш
Сізден мені әскери кафедрада запастағы офицерлерді (запастағы сержанттарды) даярлау бағдарламасына оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мен іріктеу және әскери дайындық кезеңінде жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
"____"______________ 20___ қ. ________________________ (студенттің қолы) |
|
|
|
Қосымша 2
|
Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) Сізге ___________________________________________________________ сәйкес өтінішті тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз. Өтінішті тіркеуден бас тарту себебі: ________________________________________________________________ (егжей-тегжейлі себеп) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы ______________________________________________________________________ Орындаушы __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) Телефоны ______________________________________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. |
|
3-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына оқуға түсу үшін кандидат ретінде қабылдау туралы хабарлама ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) оған________________________________________________________________ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының атауы) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасына оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны туралы берілді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының бастығы ______________________________________________________________________ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының атауы) ______________________________________________________________________ (тегі және инициалы) Орындаушы _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) Телефоны ___________________
Сізге ағымдағы жылғы "__" ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін ЖЖОКБҰ-ға келуіңіз қажет. Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. |
Қосымша 4
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама ______________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) Сізге ______________________________________________________________ ________________________________________ сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз. Қызметті көрсетуден бас тарту себебі: ___________________________________________________________________ (егжей-тегжейлі себеп) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әскери кафедрасының бастығы ___________________________________________________________________ (оқу орнының атауы) ___________________________________________________________________ (тегі және инициалы)
Орындаушы __________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) Телефоны ______________________________________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. |
Қосымша 5
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін
талап етілетін құжаттар:
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасаған жағдайда:
1) белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) институт пен мамандықты көрсетіп, ЖЖОКБҰ-да нақты оқығаны туралы анықтама.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, электрондық фотосуретті, жеке тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, факультеті мен мамандығы көрсетілген ЖЖОКБҰ-да нақты оқуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
6-қосымша
Дене шынықтыру бойынша нормативтер
студент – жігіттер үшін
|
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
|
"5" (өте жақсы) |
«4» (жақсы) |
«3» (қанағаттанарлық) |
||
|
1. |
100 метрге жүгіру (с) |
14,2 |
14,5 |
15,0 |
|
2. |
3000 метрге (мин) жүгіру |
13,00 |
15,00 |
16,00 |
|
3. |
Биік белтемірде тартылу (бір рет) |
12 |
10 |
8 |
студент–қыздар үшін
|
№ р/с |
Бақылау жаттығулары |
Балл |
||
|
«5» (өте жақсы) |
«4» (жақсы) |
«3» (қанағаттанарлық) |
||
|
1. |
100 метрге жүгіру (с) |
16,0 |
16,5 |
17,0 |
|
2. |
1000 метрге (мин) жүгіру |
4,50 |
5,10 |
5,30 |
|
3. |
Денені шалқасынан жатқан қалпынан, қолды бастың артына көтеру (рет саны) |
25 |
20 |
15 |