МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ
«Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: автомобиль взводының командирі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың міндеті - автотехникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, техникалық дұрыс пайдалануды ұйымдастыру, эвакуациялау және автокөлік құралдарын уақытылы және сапалы жөндеу. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыру үшін «Жалпыәскери мақсаттағы автомобиль бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есептік мамандығында сапалы әскери дайындықтан өткен резервті запасын дайындау.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
ҚР ҚК әскери жөндеу шеберханаларында әскери машиналардың жұмысын ұйымдастыру, әскери жөндеудің технологиялық процесі туралы негізгі ережелерді және автомобиль жабдықтарын әскери жөндеу бойынша жұмыстарды орындаудың практикалық дағдылары бар, құрылғыны және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерттеген ЗИЛ-131, КамАЗ-4310 (Урал-4320) көліктері, олардың агрегаттары, механизмдерін әскери жөндеу шеберханаларының жабдықтарын қолдана отырып зерделеуге ерекше назар аударылады:
- көлік құралдарының қозғалмалы қаруы мен әскери техниканың жалпы құрылғысы;
- мүмкін болатын ақаулар және оларды жою тәсілдері.
Цикл бастығы: Сугирбеков Жанибек Калдыбекович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)
МАМАНДЫҚ АТАУЫ
«Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: автомобиль техникаларын жөндейтін взвод командирі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың мақсаты «Көп мақсатты қолданымдағы автомобильдік техниканы жөндеу және пайдалану» әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-үйретілген резервті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдарын мобилизациялық өрістету үшін сапалы даярлау болып табылады.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
Әскери техниканың ҚР ҚК әскери жөндеу шеберханаларында, әскери жөндеудің технологиялық процесінде жұмыс істеуін ұйымдастырудың негізгі ережелерін зерделеуге ерекше назар аударылады және әскери жұмыстарды орындау тәжірибелік дағдылары бар әскери жөндеу шеберханаларының жабдықтарын қолдана отырып, автомобиль ЗИЛ-131, КамАЗ-4310 (Урал-4320) көліктерін, көпмақсаттағы шынжыр табанды МТ-ЛБ-ны жөндеу мен олардың қондырғыларын, механизмдерін, агрегаттарын және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерттеу;
- жөндеу жүйесі, машиналар мен олардың агрегаттарын жөндеу түрлері мен тәсілдері;
- жөндеуге арналған әскери жөндеу бөлімшелерін, олардың материалдық бөлімін ұйымдастыру;
-әскери жөндеу шеберханаларының жабдықтарын пайдалану арқылы бөлшектерді қалпына келтіру әдістері
- мүмкін болатын ақаулар және оларды жою тәсілдері;
-автомобильдер мен агрегаттардың техникалық жағдайын тексеру, қажетті жөндеу түрлерін және жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
- кептелген автокөліктерді эвакуациялау, қондырғының материалдарын қолдана отырып, зақымдалған көлік құралдарын тасымалданатын жағдайға келтіру;
Цикл бастығы: Сугирбеков Жанибек Калдыбекович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)
МАМАНДЫҚ АТАУЫ
ӘЕМ- 250300 «Азық-түлікпен қаматамасыз етуді ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: Азық-түлік қызметінің бастығы
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Азық-түлікпен қаматамасыз етуді ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың міндеті - әскери бөлімдер мен бөлімшелерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында азық-түлікпен, жабдықтармен және азық-түлік қызмет көрсететін жабдықтармен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастырудың практикалық дағдыларын ұйымдастыру және дамыту. Түлектердің ұйымдастырушылық қабілеттерін, дербестігін, тапқырлығын, өзіне және қарамағындағыларға деген талаптылығын дамыту, кез-келген жағдайда қызметтік міндеттерін орындауға деген саналы көзқарасты тәрбиелеу.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
Тылдағы мамандарсыз соғыста жеңу қиын. Пәндерді оқып-үйрену кезінде тыңдаушылардың бейбіт және соғыс уақытында әскери бөлімдер мен бөлімшелерді азық-түлікпен, жабдықтармен және азық-түлік қызмет көрсету жабдықтарымен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастырудың практикалық дағдыларын дамытуға басты назар аударылады. Түлектердің ұйымдастырушылық қабілеттерін, дербестігін, тапқырлығын, өзіне және қарамағындағыларға деген талаптылығын дамыту, кез-келген жағдайда қызметтік міндеттерін орындауға деген саналы көзқарасты тәрбиелеу.
Азық-түлік қызметінің бастығы - бұл ерекше мамандық. Маман құрамаларды, әскери бөлімдерді, кемелерді, мекемелерді, әскери оқу орындарын, армия мен флоттың кәсіпорындары мен ұйымдарын азық-түлікпен, жем-шөппен, жабдықтармен және азық-түлікке қызмет көрсететін құрал-жабдықтармен үздіксіз қамтамасыз ету және белгіленген стандарттарға сәйкес әскери қызметшілер мен қызметкерлерге тамақтануды ұйымдастыру туралы әскери заңнаманың негіздерін білуі керек.
Аға оқытушы: Турмухамбетов Мұратбек Болатбекович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)
МАМАНДЫҚ АТАУЫ
«Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: Мотоатқыш взводының командирі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
Студенттерді әскери даярлаудың мақсаты өз Отанына, Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайлаған Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына адал, соғыс уақытында кіші командалық бөлім командирлері лауазымдарында міндеттер атқаруға қабілетті, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдарына запастағы офицерлерді даярлау болып табылады.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
Мотоатқыш взводының командирі бейіні бойынша студенттерді дайындау ерекшеліктері осы мамандық бойынша запастағы офицерлерге қойылатын талаптардан құралады. Жауынгерлік жағдайда тәрбие жұмысын жүргізе білу; жауынгерлік іс-әрекеттерді ұйымдастыру және шайқастың барлық түрінде взводты басқару, мотоатқыш взводы мен ротасының жауынгерлік техникасы мен қару жарағын дұрыс пайдалану; взводтың шайқаста оқ атуын басқару, атыс қаруынан, БМП (БТР) қару-жарағынан нысанаға дәл тигізу, қаруды шайқасқа дайындау және нысанаға алу; әртүрлі жағдайларда взвод машиналарын дұрыс пайдалану мен сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың техникалық жағдайына бақылау жасау, жауынгерлік машиналарды жолмен және жолдан тыс жүргізу, техникалық дайындық бойынша нормативтер орындау, радиостанцияларда жұмыс істеу, командир взводының жалпы міндеттерін орындауда, ішкі, гарнизондық және қарауыл қызметін атқаруда, бөлімшенің өмірі мен тұрмысын ұйымдастыруда ҚР Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары талаптарын қолдану, қатаң жарғылық тәртіп пен жоғары әскери тәртіптің ұстанылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жауынгерлік дайындықтың барлық пәндері бойынша взводпен сабақты әдістемелік сауатты ұйымдастыру және өткізу.
Цикл бастығы: Жаксылыков Меирхан Мауленович
Тел.: +7-7172- 394-028 (210)
МАМАНДЫҚ АТАУЫ
«Топографиялық жұмыстар» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: Инженер-топограф
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
Студенттерді әскери даярлаудың мақсаты «Топографиялық жұмыстар» әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-үйретілген резервті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдарын мобилизациялық өрістету үшін сапалы даярлау болып табылады.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
Картаны құрайтын мамандарсыз соғысты жеңу қиын. Қарсыластардың объектілері салынған картамен артиллеристер отты дұрыстайды. Жердің жоспары мен топографиялық карталардың көмегімен тылшылар жылдам түзетулер жасайды, көпірлер, бекіністер, доттар, жасырылған пунктер мен басқа да стратегиялық және тактикалық объектілер салады.
Әскери топограф – бұл ерекше мамандық. Маман орналасуын тез анықтауы, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды, электронды 3D-картаны және жердің белгілерін пайдалану арқылы бөгде жерлерде бағытын жақсы білуі, геодезиялық жүйелерді құруы және басқа да күрделі инженерлік тапсырмаларды орындауы керек. Сонымен қатар кез келген басқа әскери қызметші сияқты әскери өмірдің қиындықтарын басынан кешіреді.
Аға оқытушы: Қадырғазы Бауыржан
Тел.: +7-7172- 394-028 (210)
МАМАНДЫҚ АТАУЫ
«Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есеп мамандығы
Біліктілігі: Взвод командирі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
Студенттерді әскери даярлаудың мақсаты «Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану» әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-үйретілген резервті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құралымдарын мобилизациялық өрістету үшін сапалы даярлау болып табылады.
Дағдылардың қысқаша мазмұны
Картаны құрайтын мамандарсыз соғысты жеңу қиын. Қарсыластардың объектілері салынған картамен артиллеристер отты дұрыстайды. Жердің жоспары мен топографиялық карталардың көмегімен тылшылар жылдам түзетулер жасайды, көпірлер, бекіністер, доттар, жасырылған пунктер және басқа да стратегиялық және тактикалық объектілер салады.
Әскери топограф – бұл ерекше мамандық. Маман орналасуын тез анықтауы, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды, электронды 3D-картаны және жердің белгілерін пайдалану арқылы бөгде жерлерде бағытын жақсы білуі, геодезиялық жүйелерді құруы және басқа да күрделі инженерлік тапсырмаларды орындауы керек. Сонымен қатар кез келген басқа әскери қызметші сияқты әскери өмірдің қиындықтарын басынан кешіреді.
Аға оқытушы: Қадырғазы Бауыржан
Тел.: +7-7172- 394-028 (210)
МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ
«Атқыштық» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: мотоатқыштар бөлімінің командирі
Оқу мерзімі: 1 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Атқыштық» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы сержанттарды даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың міндеті мотоатқыштар бөлімшесінің жауынгерлік басқаруын ұйымдастыру және жүзеге асыру, жаяу әскердің жауынгерлік машинасын техникалық дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды және уақтылы және сапалы жөндеуді ұйымдастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыру үшін "Атқыштық" әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-оқытылған резервтің запасын сапалы дайындау.
Дағдылардың қысқаша сипаттамасы
Мотоатқыштар бөлімшесінің жекпе жекті ұйымдастырудың негізгі ережелерін зерделеуге ерекше назар аударылады;
- бөлімшенің отын басқару;
- жаяу әскердің жауынгерлік машинасының жалпы құрылымы, оған қызмет көрсету және жөндеу;
- мүмкін болатын ақаулар және оларды жою жолдары.
Цикл бастығы: Габдуллин Игорь Кудашкенович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)
МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ
«Автомобильдер» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: автомобиль бөлімінің командирі
Оқу мерзімі: 1 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Автомобильдер» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы сержанттарды даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың міндеті автомобиль бөлімшелерін басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру, автомобиль техникасын техникалық дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды және уақтылы және сапалы жөндеуді ұйымдастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыру үшін "Автомобильдер" әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-оқытылған резервтің запасын сапалы дайындау.
Дағдылардың қысқаша сипаттамасы
Оқ–дәрілерді, жанар-жағармай материалдарын, азық-түлікті және басқа да материалдық құралдарды тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі ережелерін зерделеуге ерекше назар аударылады;
- автомобиль бөлімшесін басқару;
- автомобиль техникасының жалпы құрылымын, оған қызмет көрсетуді және жөндеуді білу;
- мүмкін болатын ақаулар және оларды жою жолдары.
Аға оқытушы: Латыпаев Руслан Ахметович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)
МАМАНДЫҚТАР АТАУЫ
«Граната атқыштық (танкіге қарсы қол граната атқыштар)» әскери-есептік мамандығы
Біліктілігі: граната атқыштық бөлімінің командирі
Оқу мерзімі: 1 жыл
Оқу түрі: күндізгі
Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы
«Граната атқыштық (танкіге қарсы қол граната атқыштар)» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы сержанттарды даярлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мамандықтар классификаторында белгіленген жоғары білім мамандықтарының бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.
Студенттерді әскери даярлаудың міндеті грантаметтік бөлімді басқару, маскировканы ұйымдастыру, атыс позициясын таңдау, мақсатқа дейінгі қашықтықты анықтау, мақсатқа басымдық беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыру үшін "Граната атқыштық (танкке қарсы қол граната атқыштар) әскери-есептік мамандығы бойынша әскери-оқытылған резервтің запасын сапалы дайындау.
Дағдылардың қысқаша сипаттамасы
РПГ–7, АГС–17 құрылғысының негізгі ережелерін және оларға қызмет көрсетуді зерттеуге ерекше назар аударылады;
- атыс позицияларын бүркемелеуді ұйымдастыру.
Оқытушы: Аяпергенов Адамат Нигаметович
Тел.: +7-7172- 394-028 (206)