Студенттік өмірі

Студенттік өмірі

 

Әскери кафедрада тәрбие жұмысының әртүрлі нысандары мен әдістері қолданылады.

Студенттерді патриоттық сезімге, Отанға, мемлекеттік тілге және Республикамыздың рәміздеріне деген сыйластық пен махаббатқа тәрбиелеу мақсатында әскери кафедрада әр күн жеке құрамды сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады. Оқу ғимаратының дәліздерінде Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде және әскери тақырыпта стендтер ілінген.

Сондай-ақ, студенттермен аптасына бір рет ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие құрылымдары ұсынған тақырыптар бойынша 20-минуттық ақпараттық әңгіме жүргізіледі. Үнемі әскери-патриоттық жұмыс шегінде Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен, 68665 әскери бөлімімен және қамқорлыққа алынған № 25 орта мектеппен байланыс орнатылады.

Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп ұлы Жеңістің кезекті жылдығына арналған,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу – салтанатты іс-шарасы өткізіледі.

Сонымен қатар, Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңына қарай ақпан айында студенттердің Ауғаныстанда совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамында интернационалдық парызын орындаған кафедраның ардагер - офицерлері запастағы полковник Қ.Д. Ерғалиев, запастағы полковник М.М. Жақсылықов және запастағы майор  Қ.Қ. Рахымғұловпен, олардың жауынгерлік операцияларға, солдаттар мен офицерлердің, қаза тапқан жолдастарының ерлігі жөнінде әңгіме жүргізіледі.

Студенттер әскери кафедрадағы оқуын 68665 әскери бөлімі базасында дала жағдайында өткізілетін оқу жиынымен аяқтайды.

Салтанатты түрде курсанттардың әскери ант қабылдау рәсімі өткізіледі.

Спорт ойындарының, оқу атыстарының және т.б. іс-шаралардың қорытындылары жарияланатын «Ұлан» қабырға газеті, оқу взводтарының жауынгерлік парақтары шығарылады. Қоғамдық-саяси және әскери тақырыптарға дәрістер, әңгімелер ұйымдастырылады, кинофильмдер көрсетіледі, әскери – есептік мамандықтарды ескере отырып 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізіледі.

Студенттерге сабақтан тыс мәдени бос уақыт ұйымдастырылады, шахмат бойынша жарыстар өткізіледі, волейбол ойнауға алаң бар. Студенттер ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери техника музейіне барады.