Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ ғалымы Түркиядағы халықаралық жазғы мектепке қатысты
ҚАТЗУ ғалымы Түркиядағы халықаралық жазғы мектепке қатысты

Просмотров: 35

Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., тарих ғылымдарының докторы (PhD) Оспанова Ақмарал 2026 жылғы 23–30 тамыз аралығында Түркия Республикасының Конья қаласында өткен халықаралық жазғы мектеп бағдарламасының іріктеуінен өтіп, жас ғалымдарға арналған халықаралық бағдарламаға қатысты.

Жазғы мектеп Түркия Ғылым академиясы, Түркі академиясы және Селжұқ университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Селжұқ университетінің базасында өтіп, түркі дүниесінің тарихы, мәдениеті, өнері мен өркениетіне қатысты өзекті ғылыми мәселелерді қамтыды.

Бағдарламаның негізгі бағыты «Түркітану, өнер және өркениет тарихы» тақырыбына арналды. Жазғы мектеп аясында Түркия мен түркі әлемінің белгілі ғалымдары дәрістер оқып, түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы, өркениеттік даму үдерістері, өнер тарихы, мәдени сабақтастық және қазіргі түркітану ғылымының өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жас зерттеушілер үшін ғылыми пікірталастар, тәжірибе алмасу кездесулері, танымдық және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Жазғы мектеп қатысушыларға халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, жаңа ғылыми идеялар мен зерттеу бағыттарымен танысуға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық жазғы мектепке қатысқанын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.

Университет ғалымдарының осындай халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысуы олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, ғылыми байланыстарын кеңейтуге және ҚАТЗУ-дың халықаралық ғылыми кеңістіктегі ықпалдастығын нығайтуға ықпал етеді.