Басты бет / 2025 жылдың 11 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дің техникалық факультетінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Шараны шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Қосмағанбетова Г.К. және Хамзина З.Б. ұйымдастырды.
2025 жылдың 11 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дің техникалық факультетінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Шараны шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Қосмағанбетова Г.К. және Хамзина З.Б. ұйымдастырды.

2025 жылдың 11 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дің техникалық факультетінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Шараны шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Қосмағанбетова Г.К. және Хамзина З.Б. ұйымдастырды.

Кештің қонағы ретінде Астана қаласының Юридикалық консультанттар палатасының заңгер-консультанты Айтбаев Д.С. шақырылып, сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы, оның түрлері, салдары мен алдын алу шаралары туралы айтты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерін және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында техникалық факультет студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте жазаны күшейту немесе қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру қайсысы тиімдірек?» тақырыбында дебаттар ұйымдастырылды. Студенттер екі топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жолдары туралы өз пікірлерін білдірді. Бір топ жазаны күшейту қажеттілігін, ал екінші топ қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын дәлелдеді. Дебаттар қызықты әрі мазмұнды өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілін қабылдай отырып, жазаның қатал болуы мен қоғамда адалдық пен жауапкершілікті тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Бұл іс-шара студенттерге сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сыни тұрғыдан ойлау мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Жастар адал және әділ қоғам құруға дайын екендіктерін көрсетті.