Басты бет / 2025 жылдың 25 ақпанында Гуманитарлық факультетінің «Шетел тілдер» кафедрасында «Ағылшын тілін үйренуге арналған AI-құралдар мен аудио контенттің интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, практикалық сабақтарды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.
2025 жылдың 25 ақпанында Гуманитарлық факультетінің «Шетел тілдер» кафедрасында «Ағылшын тілін үйренуге арналған AI-құралдар мен аудио контенттің интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, практикалық сабақтарды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар барысында ағылшын тілі пәнінің оқытушы Жабаев Асет Балгабаевич Sunoбағдарламасын қолданып ағылшын тілін оқытудың бірнеше тиімді әдістерін таныстырды. Оқу барысында музыка арқылы тіл үйрену, лексикалық қорды байыту, түрлі мәдениеттермен
таныстыру, шығармашылық тапсырмалар беру және сөйлеу дағдыларын жетілдіру тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі мультфильмдер мен фильмдерді ағылшын тіліне аудару бойынша кеңестер ұсынылды.

Семинардың негізгі артықшылығы – оқытушыларға AI құралдарын пайдалану арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік беру.