Басты бет / 2025 жылдың 25 қарашасында РЭТ кафедрасының аға оқытушысы Н.Т. Айтжанованың ашық сабағы өтті
2025 жылдың 25 қарашасында РЭТ кафедрасының аға оқытушысы Н.Т. Айтжанованың ашық сабағы өтті

2025 жылдың 25 қараша күні РЭТ кафедрасының аға оқытушысы Айтжанова Н.Т. «Ортақ эмиттер және ортақ база сұлбасы бойынша қосылған биполярлы транзисторды зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты студенттердің биполярлы транзисторлардың жұмыс істеу принциптерін терең меңгеруіне, ортақ эмиттер және ортақ база сұлбаларының ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттеуіне бағытталды. Сабақ барысында теориялық материалдар түсіндіріліп, зертханалық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар орындалды.

Студенттер транзисторлардың негізгі параметрлерін анықтап, олардың сипаттамаларын талдау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сабақта заманауи оқыту әдістері қолданылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғары деңгейде болды.

Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар сабақтың мазмұндылығы мен ұйымдастырылуын жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара білім беру сапасын арттыруға және кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал етті.