Басты бет / 2025 жылғы 28 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өткізілді
2025 жылғы 28 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2025 жылғы 28 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы «Қазақстан республикасында кадрларды кәсіби даярлауға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында өткізілді.

Отырыста  ҚР ҒжЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, Білім беру мазмұны басқармасының басшысы – Құдретуллаева Рыскүл Орынбасаровна құттықтау сөзін сөйледі.

Отырыс барысында келесі баяндамалар тыңдалды:

- Білім беру – кәсіптік оқытуды жетілдіру құралы ретінде.

Тарантей Виктор Петрович, п.ғ.д., профессор, Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі. (Беларусь);

 

- Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.

Туребаева Клара Жаманбаевна п.ғ.д., профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі;

- Soft skills дағдыларын дамыту жоғары оқу орындары студенттерінің табысты мансабының негізгі факторы.

Албытова Назымгүл Пышақбайқызы п.ғ.к., Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор;

-  Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында құзіретті маман даярлау бағыттары.

Турмаганбетова Асемгул Абдигалиевна Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық - техникалық колледжі директорының оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқытушылардың рөлі.

Ракишева Ирина Маратовна Астана қаласының политехникалық жоғарғы  колледжі директордың оқу –  өндірістік жұмысы  жөніндегі орынбасары;

- «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасын дайындауда кәсіби стандарттың қолданылуы ("Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы (БДС бойынша біліктілік деңгейі: 6.1, 6.2), Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартын бекіту туралы).

Абенова Бакыт Толемисовна п.ғ.к., «Мансап тәжірибе және жұмысқа орналастыру» орталығының бас менеджері

Баяндамаларды тыңдағаннан кейін отырысқа қатысушылар Қазақстан республикасында кадрларды кәсіби даярлауға қойылатын заманауи талаптардың өзекті тұстарын талқылап, пікір алмасты.

 «Кәсіптік білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, РОӘК төрағасының орынбасары Есекешова Марал Дүйсенейққызы қорытынды сөз сөйлеп, ол отырысқа қатысушылардың барлығына белсенділік танытып  жемісті жұмысы жасағандары үшін алғысын білдіріп, ОӘБ қызметінің алдағы жоспарымен таныстырды.