Басты бет / 2026 жылғы 7 сәуір күні 6В04102 «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламасының 07-046-23-08 тобы және 07-044-23-01 «Заманауи бизнес экономикасы» тобы студенттеріне арналған танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор ашық дәріс ұйымдастырылды
2026 жылғы 7 сәуір күні 6В04102 «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламасының 07-046-23-08 тобы және 07-044-23-01 «Заманауи бизнес экономикасы» тобы студенттеріне арналған танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор ашық дәріс ұйымдастырылды

2026 жылғы 7 сәуір күні 6В04102 «Қаржылық аналитика» білім беру бағдарламасының 07-046-23-08 тобы және 07-044-23-01 «Заманауи бизнес экономикасы» тобы студенттеріне арналған танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор ашық дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті университетіміздің түлегі, «Банк Центр Кредит» АҚ Инвестициялық банкинг бөлшек сауда департаментінің бас менеджері Хасанов Мадияр «Пайлық инвестициялық қорлар» тақырыбында өткізді.

Кездесу барысында спикер инвестициялық қорлардың жұмыс істеу тетіктері, олардың артықшылықтары мен тәуекелдері, жеке инвесторлар үшін қаржы нарығындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму жағдайы, оның экономиканы дамытудағы рөлі және жеке тұлғалардың инвестициялық белсенділігінің артуы жөнінде сөз қозғалды. Бүгінде елімізде халықтың қаржылық сауаттылығы артып, инвестицияға қызығушылық танытатын азаматтар саны көбейіп келе жатқаны атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби көкжиегін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушы: Мукашева Г.М. Өткізілген орны: 1221 аудитория