Басты бет / “Қамқорлық” акциясы
“Қамқорлық” акциясы

2022 жылдың  10.04-10.05.2022 аралығында “Көмек” еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен  “Қамқорлық” акциясы ұйымдастырылды.

Акция мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған  балаларға қолдау көрсету. Осы бағытта ұйым студенттері бірнеше жұмыс атқарып, жұмысты қорытындылау мақсатында 30 сәуір күні Малотимофеевка ауылында орналасқан “Светоч” балалар үйіне барып, балалар үйі ауласына көктемгі тазарту жұмыстарын жүргізіп, үй ауласын тазалап,  тәттілер үлестіріп, сыйлықтар таратып қайтты.