Басты бет / «Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы» көп балалы аналарға көмек
«Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы» көп балалы аналарға көмек

2023 жылдың 12 қаңтар күні «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласында орналасқан мешітпен бірлесе отырып қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету еді. 

Студенттер әлеуметтік желілер арқылы, 12-16 қаңтар аралығында 70.000 (жетпіс мың) теңге көлемінде қаражат жинады. Жиналған қаражат нәтижесінде көп балалы отбасыға азық-түлік, жеміс-жидек, тұрмыстық заттар жеткізілді.

Көмек қолын созған студенттерге аналарымыз алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.