Басты бет / Бірыңғай адалдық сағаттары өтті
Бірыңғай адалдық сағаттары өтті

2023 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында 1-4 курс студенттері үшін комплаенс-офицер Қ.А.Токушев және Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент, факультет декандары, декан орынбасарлары, кураторлардың  ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жастардың бойында парасаттылық, адалдық мінезін қалыптастыру мақсатында  бірыңғай Адалдық сағаттары өтті.

Адалдық сағатта әр академиялық топтың студенттеріне жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары өткізіліп, жан- жақты ақпарат беретін бейне роликтер көрсетілді.

Жастарға жемқорлық әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді. Адалдық сағатына барлығы 7670 студент қатысты.

Студент-жастар сұрақ қойып, ашық сұхбат өткізгені үшін алғыстарын білдірді.