Басты бет / Белбеу күрес (қазан 2023)
Белбеу күрес (қазан 2023)

Қазан айында белбеу күресі секциясының жоспары бойынша берілген тапсырмалар орындалды; 1) Қорғаныс техникасы мен қарсы техникасын үйрену, 2) Жылдамдық, күш және икемділіктің моторлық қасиеттерін жетілдіру. Жаттығулар мен тартысты жекпе-жектер кезінде қарсыластың қарсылығымен техникаларды орындауға көбірек көңіл бөлінді.

Бір ай бойы әрбір оқу-жаттығу жиынында жаттығудан 10 минут бұрын «Спорт залдары мен спорт алаңдарында қауіпсіздік техникасы» тақырыбында теориялық сабақ өткіземіз. Ағымдағы жылдың 12-15 қазан күндері Халықаралық белбеу күресі федерациясының жоспары бойынша Худжанд қаласында (Тәжікстан) жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті, онда 75 келі салмақта 3 курс техникалық факультетінің студенті Қапезов Әділхан бірінші кездесуде Өзбекстандық қарсыласынан бір ұпайға ұтылды. Қазіргі уақытта біз Әділханның қателіктері мен техникалық-тактикалық дайындығы бойынша жұмысты жалғастырудамыз.

Қазіргі таңда студенттер 23-26 қараша күндері Түркістан облысы Кентау қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындалып жатыр.

Айдың әр жұмасында Астана қаласының басқа командаларының шақыруымен жарыстық кездесулер өткізіп, әр сейсенбіде қаланың басқа жекпе-жек клубтарында жолдастық кездесулерге қатысамыз; Гумилев атындағы ЕҰУ, «Көлік және коммуникация жоғары колледжі», Қаз УТБ, «Алатау» спорт кешені.