Басты бет / Белбеу күресі (қыркүйек 2023)
Белбеу күресі (қыркүйек 2023)

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйекте белбеу күресі секциясына студенттерді қабылдау басталды.

Секцияға санаттағы спортшылар қабылданады, ал күреспен бір ай айналыспаған студенттерден әр сенбі сайын іріктеу және топқа қабылдау бойынша бақылау нормативтері қабылданады (шығырға тартылу, бүгу және қолды созу біркелкі емес сырықтардағы тірек, бір орыннан тұрып ұзындыққа секіру, 100 метрге және 3000 метрге жүгіру).

Бір ай бойы әрбір оқу-жаттығу жиынында жаттығудан 10 минут бұрын «Спорт залдары мен спорт алаңдарында қауіпсіздік техникасы» тақырыбында теориялық сабақ өткіземіз. Қазан айында Халықаралық белбеу күресі федерациясының жоспары бойынша жастар арасында Әлем чемпионаты өтеді, техникалық факультетінің 3 курс студенті Қапезов Әділхан осы жарысқа жолдама жеңіп алды. Қазіргі уақытта Әділханның спорттық шеберлігі жоғары спортшыларға арналған жеке жоспарымен оқу-жаттығу жиындары жүріп жатыр.