21-қараша күні Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 1-курс 24-33 тобының студенттері мен қазақ сәулет мамандығы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген топ кураторы «Сәулет және Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Қартабаева Г.С факультеттік деңгейде ашық сабақ өткізді.
Бұл жерде білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында тәртіпсіздіктің алдын алу, адами құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалды. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Ашық сабаққа Университетіміздің сыбайлас жемқорлаққа қарсы Комплаенс қызыметінің жетекшісі Қ.А. Токушев, факультет деканы Ж.З. Толеубекова, Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері Т.З. Канафин, құқық қорғау органдарының өкілетінің полиция аға лейтенанты А.С. Жақсылықов, университет психологы Серикжан Нуржанулы, дене шынықтыру спортклубтың аға менеджері Д.К.Сатбаев, «Сәулет және Дизайн» кафедрасының эдвайзері Г.Ж. Сыпабекова, тәрбие ісі-жөніндегі декан орынбасары Б.Г. Джаманкулова, Геодезия және картография кафедра меңгерушісі Г.Д. Кусайнова шақырылды.
Комплаенс қызыметінің жетекшісі Қ.А. Токушев жемқорлықтың алдын алу туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар, Университеттің ішкі тәртібімен, ар-намыс кодексінің баптарымен таныстырды.
Құқық қорғау органдарының полиция қызметкері студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау туралы ескертті.
Университеттің психолог маманы психалогиялық қолдау көрсету туралы айтты. Сондай-ақ, мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері және дене шынықтыру спортклубтың аға менеджері сабақатан тыс уақытта Университет қабырғасында өткізілетін түрлі іс-шаралар, үйрмелермен айналысып, спорттық секцияларға қатысуға шақырды.
Ашық сабақты қорытындылай келе студенттерді қызықтырған көкейкесті сұрақтарға толық жауптар берілді.


Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.