Басты бет / «Георесурс» ғылыми жұмыстар және жобалар орталығы
«Георесурс» ғылыми жұмыстар және жобалар орталығы

Ғылыми үйірменің атауы:

«Георесурс» ғылыми жұмыстар және жобалар орталығы»

Ғылыми үйірменің құрылған уақыты:

 

2013 жыл

Ғылыми үйірменің жетекшісі:

 

Ермеков Ф.К.

Ғылыми үйірменің мақсаты:

1. «Геодезия және картография» мамандығындағы студенттердің топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша тәжірбиелік біліктілігін арттыру; 

2. Жоғарғы және төменгі курс студенттерімен командалық жұмыста жұмыла жұмыс істеу;

3. Ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыстыру арқылы студенттердің шығармашылық деңгейін арттыру.

Ғылыми үйірменің құрамы:

Иванова Мадина Ивановна

 

Сматаева Дамира Ойратовна

 

Аношкина Валентина Витальевна

 

Ескендирова Сандугаш Канатовна

 

Вайс Иван Юрьевич

 

Мынжанов Рамазан Талгатович

 

Асанова Айдана Жанабековна

 

Шалбекова Карлыгаш  Сейтжановна

 

Шубов Алмаз Муратович

Орындалған іс-шаралар туралы ақпарат:

  1. Топографиялық түсірістің орындалуы.

         1.1 Көп функцияналды кешенді жобалау және құрылыс жүргізу үшін ЭСКПО Сити территориясында 3 га қамтитын жер учаскесінде 1:500 масштабта топографиялық түсірістің орындалуы.

         1.2  Көкеніс сақтау қоймасын жобалау және құрылыс жүргізу үшін «Алаш» тас жолы аумағында 6 га қамтитын жер учаскесінде 1:500 масштабта топографиялық түсірістің орындалуы.

         1.3 Коттедждік қалашықтажобалау және құрылыс жүргізу үшін Пригородный кенті аумағында 24 га қамтитын жер учаскесінде 1:2000 масштабта топографиялық түсірістің орындалуы.

  1. Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың жобасын қалыптастыру.

Біршама шаруа фермерлік қожалықтары үшін ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы келісілген келісім-шарт негізінде өңделді.

3. Өнімді жинау кезіндегі ғарыштық мониторингі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстары территорияларында өнімді жинау кезіндегі ғарыштық мониторингі жүргізілді. Жұмыс барысында LandSat-8 (США) және Sentinel-2 (ЕС) жер серіктерінің ғарыштық түсірістері қолданылды. Бұл жұмысқа 10 оқытушы және 40 студент қатысты.

Ғылыми үйірменің жетістіктері:

Өткен 2017 жылдың 28-29 қараша күндеріӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты студент жастардыңV республикалық патриоттық форумындағы «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауында үйірме мүшелері белсенді қатысты. Осының нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті, Жерге орналастыру факультетінің «Геодезия және картография» мамандығында оқитын 3 курс студенттері: Тлеубай Е., Койлыбаев Ж. және Иванова М. «ЖҚБ мәліметтерін қолдану арқылы өнімді жинау маниторингі» жобалық тақырыбында финалдық кезеңге өтті. Байқау соңында сертификатқа ие болды. Ғылыми жетекшілері «Геодезия» кафедрасының оқытушылары: Бабкенова Л.Т. және Унышева Н.К.