Басты бет / Huawei ICT Competition 2024-2025 марапаттау рәсімі
Huawei ICT Competition 2024-2025 марапаттау рәсімі

13 желтоқсанда Huawei ICT Competition 2024-2025 марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқытушыларды атап өтті, сондай-ақ ICT Competition 2024-2025: National Final байқауының финалының жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен қатар, 2024 жылдың үздік академиялары марапатталды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіндегі Huawei ICT академиясы «BEST PERFORMED ACADEMY» құрметті атағын алды.

Университет жетекші технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты табысты дамытуда, бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Academy ICT Huawei-мен серіктестік заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге, озық шешімдерге қол жеткізуге және талантты студенттерді қолдауға ықпал етеді.