Басты бет / Шетел тілдері апталығының жабылу салтанаты өтті
Шетел тілдері апталығының жабылу салтанаты өтті

ПРЕСС-РЕЛИЗ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Шетел тілдері апталығының жабылу салтанаты өтті.

2026 жылғы 13 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Тілдер әлемі: Интеллект. Инновация. Интеграция» атты Шетел тілдері апталығының жабылу салтанаты өтті. Шара университеттің Сейфуллин залында ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және құрметті қонақтардың қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Апталықтың негізгі мақсаты – студенттердің шетел тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бір апта бойы университетте ғылыми, танымдық және мәдени бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттер өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 

Жабылу салтанатында Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Исина Жаннұр Аманкелдіқызы апталықтың қорытындысын шығарып, тілдерді үйренудің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығын атап өтті. 

Шара барысында апталық аясында өткен олимпиадалар мен интеллектуалдық ойындардың жеңімпаздары марапатталды. Атап айтқанда, ағылшын, француз және неміс тілдері бойынша өткен республикалық «Language Without Borders» олимпиадасының жүлдегерлері, сондай-ақ «The Five Minds» интеллектуалдық ойыны мен «Полиглот» викторинасының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. 

Бағдарлама студенттердің шығармашылық өнер көрсетуімен жалғасты. Кеш барысында француз тіліндегі әндер, заманауи билер және мәдени қойылымдар ұсынылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.  Шетел тілдері апталығы университет студенттері үшін өз білімдерін көрсетуге, түрлі мәдениеттермен танысуға және халықаралық тілдік кеңістікте тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды білім беру және мәдени алаңға айналды.