Басты бет / КАТЗУ-дың "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелері марапатталды
КАТЗУ-дың "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелері марапатталды

Әділ Қазақстан білімді және еңбекқор жастардың күшімен құрылады. Елдегі барлық бастамалар мен реформалар жастармен бірге жүзеге асырылуда. Жас қазақстандықтар өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болуы тиіс.

Халықаралық студенттер күні қарсаңында 2023 жылының  16 қарашада КАТЗУ-дың  "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелері "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасынан міндетін атқарушының алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталмыш кездесуге "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы А.Н. Искандерова, Астана қаласы мәслихатының депутаттары А.Т.Мағзұм және Н.М.Купешов, Студенттік істер жөніндегі Проректор Ж.А.Құсайынова, ОШЖТжҚО факультетінің деканы Ж.Боранбай, тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары қатысты.

Шерхан Ибраев студенттеріміздің белсенді қоғамдық қызметі және атқарылған жұмыстар туралы қысқаша айтып берді.

Қатысқан барлық қонақтар студенттердің белсенділігін,  еңбегін атап өтіп, оларды алғыс хаттармен марапаттады.