Басты бет / «Мәңгілік ел-2023» атты пікірсайыс турнирі өтті
«Мәңгілік ел-2023» атты пікірсайыс турнирі өтті

2023 жылғы 3 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да «Шырақ» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Астана қаласының университеттері арасында «Мәңгілік ел» атты пікірсайыс турнирі өтті.

«Мәңгілік ел-2023» дәстүрлі турнирі қазақи нақышта ұйымдастырылды. Турнирге 56 спикер және 3 Үздік Бас Төрешілер қатысты. Техно-оптимизм, қаржылық сақтандыру, әлеуметтік, экологиялық, экономикалық мәселелер туралы тақырыптар қарастырылды.

Турнирдің қорытындысы бойынша:

Жеңімпаздар - Балғабаева Мерей, Мейіржан Ерулан (Назарбаев университеті);

Финалистер-Мади Нұрланұлы, Ақдидар Кумақ, Серік Дильназ, Айдын Дина, Айдана Абдижанап (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті).

Құттықтаймыз!