Басты бет / Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 17.03.2025 ж
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 17.03.2025 ж

Домбыра – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол ғасырлар бойы халқымыздың мұңын, қуанышын, ерлік рухын жеткізіп, ұлттық болмысымыздың символына айналды. Айтулы мерекеде Қазанғаптың ерекше күйі «Торы жорға аттың бөгелек қағуы» ұсынылды. Бұл күйде торы жорға аттың бөгелек тигенде бұлқынып, серпіліп, жорға жүрісін сақтауға  тырысуы күй тілінде тамаша бейнеленген. Қазанғаптың шеберлігі жылқының қимыл-қозғалысын әуенмен жеткізе білуінде жатыр.

Домбыра күмбірі – халқымыздың жүрек үні! Instagram парақшада жарияланған бейнероликтен тамашалай аласыздар.

Сілтеме:  https://www.instagram.com/reel/DGugnZSiobG/?igsh=cjI5NDd1cG54eTlq