Басты бет / 2021-2022 жылғы оқу жылындағы жатақханаларда ашық есік күні
2021-2022 жылғы оқу жылындағы жатақханаларда ашық есік күні

2022 жылдың 16-маусымы күні “KAZATU CONNECTOR” клубының ұйымдастыруымен  университеттің жатақханаларында ашық есік күні өтті.    

Іс-шараға барлық жатақханалар белсене қатысты.Әр жатақхананың студенттері ережеге сай дайындалып,  өз жатақханаларының тарихымен, тыныс-тірлішілігімен таныстырып, өз өнерлерін ортаға салып, ойындар ойнатты.  

Студенттер ойынға қызыға белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендері үшін тәтті сыйлықтар (шоколадтар) алды. 

Шара соңында көтеріңкі көңілде түскен фотоларын Instagram парақшаларына салып жатты.