Басты бет / «Жаңа леп» ашық есік күні 21.04.2025 ж
«Жаңа леп» ашық есік күні 21.04.2025 ж

21.04.2025 жылы Астана қаласы ЖОО белсенді студенттеріне арналған «Жаңа леп» атты ашық есік күні іс-шарасы өтті. Іс-шара М.А Гендельман атындағы мәжіліс залында бастау алды. ЖОО-нан келге студенттерге Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова және Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директоры жылы лебіздерін жеткізіп, іс-шара барысында орын алатын сайыстарға сәттілік тіледі. Қатысушылар бағыттары бойынша бөлініп, шара өз жалғасын тапты.

Өзін-өзі басқару жетекшілері мәжіліс залда атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат алмасып, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Әрмен қарай университетіміздің тарихымен, ұйым-клубтарымен, шығармашылық ұжымдарымен және мамандықтарымен таныс болатын «Квест» ойынына қатысты.

Спортшылар тоғыз құмалақ, шахмат, асық ату, садақ ату және ләңгі тебу ұлттық ойын түрлері бойынша бақ сынасты.

Одан бөлек, алғыр студенттер арасында «IQ DODA» интеллектуалды-зияткерлік ойыны жүріп жатты. Әр түрлі тақырыпта сұрақтарға жауап беру арқылы жастар өздерінің алғырлықтарын көрсете білді.

Іс-шара «Qazaq вальсі» аталатын мерекелік кешпен өз мәресіне жетті. Кеште өзін-өзі басқару жетекшілеріне және вальс қатысушыларына арнайы дайындалған сый қорапшасымен, спорттық сайыста және интеллектуалды-зияткерлік сайыста жеңіске жеткен студенттерге марапаттар және арнайы сыйлықтар табысталды. Барша қатысушыларға дастархан жайылып, концерттік номерлер ұсынылды. ЖОО студенттері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылып, бірлескен іс-шараларға ұсыныстар түсті.