|
Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығымен)
1960 жылғы 28 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері.
Еңбек жолы:
- 1982 жылдан 1984 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
- 1984 жылы Қызылорда үй құрылысы комбинатында шебер;
- 1994 жылға дейін шамамен 10 жыл осы ұйымда шебер, прораб, монтаждау учаскесінің бастығы;
- 1994 жылы күрішті өндіруге және өңдеуге маманданған "Абзал және Компания" толық серіктестік компаниясын құрды және 2016 жылға дейін оның директоры;
- 2008 жылы қоғамдық негізде күріш өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығының президенті;
- 2012 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты;
- 2016 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Марапаттары:
- "Халық сүйіктісі - 2015" ұлттық сыйлығының "Жыл бизнесмені" номинациясының лауреаты;
- "Алтын жүрек" сыйлығының "Спортты қолдағаны және дамытқаны үшін" номинациясының лауреаты (2015);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Құрметті құрылысшы" төсбелгісі (2015);
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2015);
- "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалі (2015);
- Қызылорда облысының Құрметті азаматы Атағы (2014);
- "Қазақстанның Еңбек Ері" Алтын жұлдызы, "Отан" ордені (2013);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылық саласының үздігі" төсбелгісі (2013);
- Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "МЕЦЕНАТ" Алтын медалі (2012);
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметі және елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы "Құрмет" орденімен марапатталды;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
|