Басты бет / «Game of KazATU:ҚазАТЗУ белсенді студенттеріне арналған Интеллектуалды-спорттық турнирі» 25.01.2025 ж.
«Game of KazATU:ҚазАТЗУ белсенді студенттеріне арналған Интеллектуалды-спорттық турнирі» 25.01.2025 ж.

Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен 2025 жылы, ақпан айының 25-26 күндері аралығында “Game of KazATU” ҚазАТЗУ белсенді студенттеріне арналған интеллектуалды-спорттық турнирі өтті. Бұл интеллектуалды-спорттық ойын, негізінен өз ой-өрісін тексеруге бағытталған және қатысушылардың тапқырлығын, жылдамдығын және дәлдігін сынайды.

ҚазАТЗУ белсенді студенттеріне арналған интеллектуалды спорттық турнирінің мақсаты мен маңызы: ойыншылар тез әрі дұрыс шешім қабылдауды үйренеді, командалық ойындарда жұмыс жасау дағдыларын жақсартады. Бұл интеллектуалды-спорттық ойын студенттердің танымдық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік дағдыларын да жетілдірді. Қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнап, әрі қарайғы интеллектуалды жарыстарға деген қызығушылық арта түсті.

"Game of KazATU" турнирі университетіміздегі белсенді студенттер үшін тамаша мүмкіндік болды. Бұл ойын олардың ойлау қабілеттерін дамытып, командалық жұмыс жасау дағдыларын жақсартуға ықпал етті. Сонымен қатар, ойын барысында алынған тәжірибе қатысушылардың болашақтағы түрлі интеллектуалды жарыстарда өздерін сенімді сезінулеріне мүмкіндік береді.

Бұл турнир ҚазАТЗУ студенттерінің интеллектуалдық белсенділігін арттыру мен оларға жаңа дағдыларды үйретуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

Сілтеме:  https://www.instagram.com/p/DFKxrw2uS-m/?igsh=dWQzNmZ0NXphbXBh