Басты бет / Зенченко Геннадий Иванович
Зенченко Геннадий Иванович

04.05.1937-18.12.2016)

Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің 
2008 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен)

1937 жылғы 4 мамырда Приишимский совхозында дүниеге келген. Кеңестер одағы кезінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы, "Зенченко және компания" серіктестігінің Бас директоры болды. 

Еңбек жолы: 

-    1962 жылы "Ленинский" совхозында электрик, кейін мұнай базасының бастығы;
-    1965 жылдан механик, кейін МТМ меңгерушісі; 
-    1968 жылдан "Ленинский" совхозының бас инженер-механигі, "Казсельхозтехника" кеңестік аудандық бірлестігінің менеджері;
-    1973 жылы Кеңестік аудандық еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары;
-    1976 жылдан "Новоникольский" совхозының директоры; 
-    1992 жылы "Новоникольское" жалға алушылардың ауылшаруашылық қауымдастығының басшысы;
-    1997 жылдан 2016 жылға дейін "Зенченко және компания" серіктестігінің бас директоры.

Марапаттары мен атақтары:

- «Қазақстанның еңбек Ері» Алтын жұлдызы (2008);
- «Отан» ордені (1999, 2008);
- «Еңбек Қызыл Ту» ордені;
- "Құрмет" ордені.
- "Қазақстан конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі;
- "Тыңға 50 жыл" мерейтойлық медалі;
- «Еңбегі үшін I дәрежелі» алтын медалі;
- "Республикаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі; 
- "Алтын барыс" төсбелгісі;
- "Қазақстанның үздік бизнесмені" дипломы;
- Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы.