Басты бет / «Менің көзқарасымдағы әділетті Қазақстан» эссе байқауының ақпараты
«Менің көзқарасымдағы әділетті Қазақстан» эссе байқауының ақпараты

2023 жылдың  30 мамыры күні  Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Менің көзқарасымдағы әділетті Қазақстан» эссе байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Бұл байқаудың мақсаты: жастарды патриотизмге, азаматтыққа, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу. Ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу. Қабілетті, дарынды білім алушыларды анықтау және марапаттау.

«Менің көзқарасымдағы әділетті Қазақстан» эссе байқауының қорытындысы бойынша иегерлері:

3-орынды Экономикалық фак-нің 2 - курс студенті Акрамов Данил;

2-орынды Экономикалық фак-нің 3 - курс студенті Абдухап Динара;

2-орынды ЖРБСжД фак-нің 2 - курс студенті Құралбек Рамазан;

1-орынды ОШЖТжҚО фак-нің 2 - курс студенті Саткенов Али иеленді.