Басты бет / С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша ақпарат (қаңтар)
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша ақпарат (қаңтар)

2023 жыл қантардын 17 күні «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне келуші студенттерімізге Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері жайлы ашық сабак өткізілді.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президент жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркес елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері қалалық жарыстарда және жылда өткізілетін Жоғары оқу орындары арасында жүлделі орындарды иелеп келе жатыр.

Техникалық факультет студенттері Атымтай Қаламқас, Есбота Айдос, Энергетикалық факультет студенттері Бурхасын Шынарбек,  Балмагамбетов Ахметкарим, ЖРБСжД факультеті студенті Турганжанова Алтынай, Қалкөз Аружандар үздіс жарыс қатысушылары есептелінеді.                         

 

Тоғызқұмалақ ұлттық ойындар түрінен жаттықтырушы: Туленова Х.Б.