Басты бет / С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Әйелдер күресі» үйірмесі бойынша ақпарат (қаңтар)
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Әйелдер күресі» үйірмесі бойынша ақпарат (қаңтар)

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы туралы ақпарат. Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасында құрлықтық біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды. Олар: 50 келі: Айгүл Нұрәлім; 53 келі: Жұлдыз Ешімова; 55 келі: Алтын Шағаева; 57 келі:  Нилуфар Райымова; 59 келі: Диана Каюмова; 62 келі: Аяулым Қасымова; 65 келі: Дариға Әбен; 68 келі: Мадина Бақбергенова; 72 келі: Жәмила Бақбергенова; 76 келі: Гүлмарал Еркебаева.

Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.

Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 

Жалпы күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.

 

«Әйелдер күресі» жаттықтырушы:                       Байгашева А.С.