Басты бет / Қонақ дәрісін өткізу туралы ақпарат
Қонақ дәрісін өткізу туралы ақпарат

2025 жылдың 26 қыркүйегінде «Қаржы, есеп және аудит» БББТ аға оқытушысы, э.ғ.к. З.А. Баймағамбетованың ұйымдастыруымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Карточкалық бизнес орталығының басшысы Жанна Кешубайдың және бас менеджері Рахметолла Еламанның шақырылуымен «Бизнес және цифрлық технологиялар» институтының 1 курс студенттеріне «Алаяқтықтан қорғау: қазіргі заманғы әдістер мен құралдар» тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді.
Дәріс жалған қоңыраулар, дропперлік, алаяқтықпен инвестициялау, жалған дүкендер, әлеуметтік желілердегі алаяқтық және фишингтік сілтемелерді түсінліре келіп, нақты өмір жағдайлары мен алаяқтық схемаларды қамтыды. Қатысушылар өздерін қорғау және сыни ойлауды дамыту жолдарын да талқылады.
Дәріс студенттер арасында ғана емес, сонымен қатар қатысқан оқытушылар арасында да қызықты болды.