Басты бет / Студенттік кеңес мүшелеріне арналған тренингі туралы ақпарат
Студенттік кеңес мүшелеріне арналған тренингі туралы ақпарат

2023 жылдың 26 қаңтарыңда «Positive» атты Психологиялық клуб мүшелері мен университет психологы Жильгельдин С.Н. ұйымдастырған тренинг өтті.

Тақырыбы: Командалық жұмысты ұйымдастырудағы психологиялық әдістер.

Мақсаты: Бұл тренингтің мақсаты студенттер кеңесінің мүшелеріне мейірімділік пен эмпатияны дамыту арқылы бір-бірімен және студенттер ұжымымен жағымды қарым-қатынас орнатуға көмектесу.

Тренинг барысында талдаң ған тақырыптар;

-достық пен мейірімділіктің маңыздылығымен таныстыру;

-достық пен мейірімділікке анықтама беру;

-жақсы қарым-қатынастың әл-ауқат пен академиялық табысқа әсері;

-күнделікті өмірде және студенттік кеңес рөлдерінде мейірімділік пен эмпатияны дамыту үшін әрекет жоспарын әзірлеуді үйрену.