Басты бет / «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында брейн – ринг зияткерлік турнирі
«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында брейн – ринг зияткерлік турнирі

2023 жылдың 31 мамыры күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында брейн – ринг зияткерлік турнирі өтті .

Мұндай шара жастардың көшбасшылық қабілетін арттыруға, логикалық жылдам ойлауға, өзін-өзі тану мен дамытуға ықпал етеді. Сайысқа факультеттерден құралған 6 команда қатысты. Брейн – ринг ойынының 1 – ші кезеңі «Білімді мыңды жығар...» және 2 -ші кезеңі «Проблемалық жағдай және ойлауды дамыту» тақырыбында өтті.  

Сайысқа төрешілік еткендер Студенттік іс жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова және комплаенс – офицер Қ.А.Токушев. Нәтижесінде жүлделі І орынды «Ветсан» (ВжМШТ факультеті) командасы жеңіп алса, ІІ орын «Адалдық» (ЖРБСжД факультеті) командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды «Энерго» (Энергетикалық факультет) командасы иеленді.