Басты бет / «Ұлттық құндылықтар мен дүниетаным» атты тарихи-танымдық кездесу
«Ұлттық құндылықтар мен дүниетаным» атты тарихи-танымдық кездесу

«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің  «QAZAQ  alemi» авторлық жобасы аясында, «AMANAT» партиясымен бірлесе Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің ұйымдастырумен, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, 2023 жылдың 29 қыркүйек күні  Агрономия факультеті мен КЖжКББ факультетінің  1 курс студенттеріне  рухани, тарихи-танымдық  кездесуі өтті. 

Республика күніне орай, «Ұлттық  құндылықтар мен дүниетаным» тақырыбындағы дәрісті «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің  «QAZAQ  alemi» авторлық  бағдарламасының  жетекшісі, PhD докторы – Алма Сайлауқызы жүргізді.

Кездесуде отбасындағы тәрбие, баланы шешендікке баулу, мақал-мәтелдердің бала тәрбиесіндегі философиялық маңызы кеңінен талданды. Студенттер кездесу барысында белсенділік танытып, өзденінің ойларымен бөлісті.