Басты бет / «Жаңа толқын -2023» фестивалінің қорытындысы
«Жаңа толқын -2023» фестивалінің қорытындысы

2023 жылдың 3-4 қазан аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 1-курс студенттері арасында дәстүрлі факультетаралық «Жаңа толқын -2023» фестивалі өтті.

Фестиваль екі кезеңмен 8 номинация бойынша өтті: вокал, көркем сөз, «Жан жүрегім - ҚазАТЗУ» жанкүйер қолдауы, үздік жүргізушілер, ұлттық және заманауи би, «ҚазАТЗУ» жастар көзімен» фото және бейнероликтер байқауы.

Қатысушыларды қазылар алқасы бағалады: халықаралық хореографиялық байқаулардың лауреаты И.Ғабдрахманова; мәдениет саласының үздігі, «Жастар» театрының директоры Н.Вахитов; вокал үйірмесінің жетекшісі А.Ажымолла, халық аспаптар ансамблінің жетекшісі Г.Сармантаева. Қазылар алқасының төрағасы: Мәдени-бұқаралық жұмыстар  жөніндегі департамент  директоры, профессор Байсағатов Б.Т.

«Жаңа толқын-2023» фестивалінің қорытындысы бойынша:  1-орынды экономика факультеті, 2-орынды агрономия факультеті және КЖжКББ факультеті, 3-орынды  ОШЖТҚО  және ЖРБСжД  факультеті иеленді. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті, Энергетикалық және техникалық факультеттеріне ыңталандыру сертификаттары табыс етілді.

Фестиваль жеңімпаздары бас демеуші – «Агрофирма «Родина» ЖШС-нің бас директоры И.А.Сауэрдің қолдауымен ақшалай

1-орын – 100 000 тенге;

2-орын – 70 000 тенге;

3-орын – 50 000 тенге;

Ынталандыру  – 10 000тенге сертификаттармен марапатталды.