Басты бет / Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу айлығының қорытындысы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу айлығының қорытындысы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қараша айы – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» айлығы деп жарияланған.

5-6 қараша күндері университеттің топ старосталарымен «Академиялық шыншылдық және білім алу үдерісіндегі студенттердің құқығы туралы»  семинар ұйымдастырылды.

8-25 қараша аралығында барлық факультеттерге Экономикалық теория және құқық кафедрасының оқытушылары лектор ретінде бекітіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша студенттерге, оқытушыларға дәрістер өткізді

8 қараша күні Агрономиялық факультетінде аға оқытушы Хайбар Маней; 13-14 қараша күндері Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінде  заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е.Қожахметова; 19 қараша күні экономикалық факультетінде аға оқытушы Қ.С.Ахметова; техникалық факультетінде 20-21 қараша күндері аға оқытушы Г.Ш.Байдалина; КЖжКББ факультетінде қарашаның 20-23 күндері - И.К.Амерханова; қарашаның 22 күні энергетикалық факультетінде- аға оқытушы Т.В.Овчинникова; Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 23 қараша күні  заң  ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы З.С.Төлеген дәрістер өткізді. Кездесу барысында тақырып бойынша презентациялар көрсетілді, ақпараттық буклеттер таратылды. Студенттердің тарапынан сұрақ-жауап сұхбаты болды.

14-19 қараша күндері  университетімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы А.А.Исақұл мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидасын қалыптастыру. Департаменттің ресми өкілі А.А.Исақұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша біршама ақпараттар беріп, заңнамаларды түсіндіріп дәріс оқып, бейне ролик көрсетті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен баспадан «Менің университетім» арнайы газетінің нөмері шығарылды, онда Басқарма төрағасының   студенттерге арналған Үндеу хаты жарияланды..

10-20 қараша аралығында  «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты университеттік карикатура және бейнеролик байқауы өтті.

21-26 қараша күндері осы байқаудың жұмыстарынан бас ғимаратта  көрме ұйымдастырылды. Байқауға  38  карикатура және 12  бейнеролик ұсынылды. Әділқазы алқасының құрамында Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова; Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты- Е.Е.Мұханбетқалиев; экономикалық теория және құқық кафедрасының аға оқытушысы, «Эко ПРАВО»  үйірмесінің басшысы  И.К. Амерханова; ЖІЖК  және Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақылбек Данабекұлы; Студенттік парламентінің төрайымы-Тоғжан Курбаналиева болды.

Бейнероликтер бойынша:

Карикатуралық плакаттың қорытындысы бойынша:

Жеңімпаздар сыйақымен  және белсенділік танытқан  топтар  дипломмен марапатталды!