Басты бет / 2025 жылдың 15 сәуірінде «Жаһандану және ұлттық бірегейлікті сақтау: әлемдік мәдениеттегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
2025 жылдың 15 сәуірінде «Жаһандану және ұлттық бірегейлікті сақтау: әлемдік мәдениеттегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аграрлық саланың қазіргі заманғы өзгерістері жағдайында дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен интеграциялаудың маңыздылығына назар аударатын IV Ұлттық құрылтай аясында 2025 жылдың 15 сәуірінде гуманитарлық факультеттің шет тілдері кафедрасы «Жаһандану және ұлттық бірегейлікті сақтау: әлемдік мәдениеттегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шақырылған қонақтар – Канжил Шакирт, Астана медицина университетінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы және Ажар Ерболған, ақын, PR-expert, «Elorda Media Group» медиа-коммуникациялық агенттігінің директоры қатысты.

Іс-шараның модераторы шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Жаннур Аманкелдиевна Исина болды. Аталған іс-шараға гуманитарлық факультеттің оқытушылары қатысты. «Жаһандану және ұлттық бірегейлікті сақтау: әлемдік мәдениеттегі Қазақстанның рөлі», «Qazaq identity: ұлттық құндылықтарды әлемдік аренада қалай насихаттап жүрміз?», «Ұлттық мәдениетті экспорттаудағы «жұмсақ күштердің» рөлі», «Жаһандану дәуіріндегі қазақстандық қоғамның бірегейлігі: мәдени ерекшелікті сақтаудың өзекті мәселелері мен даму бағыттары», «Жаhандану үдерісінің әрбір мемлекеттің мәдениеті мен ұлттық болмысына әсері» деген тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.