|
Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен)
1958 жылғы 11 маусымда Ақмола облысы Целиноград ауданы Малиновка ауылында дүниеге келген. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы.
Еңбек жолы:
- 1980-1985 жылдары Целиноград ауданы Қызыл ту совхозының трактор-дала бригадасының бригадирі;
- 1985-1987 жылдары Қызыл ту совхозының бас инженері;
- 1987 жылдан "Родина" совхозының, одан кейін "Родина "Агрофирма" ЖШС директоры;
- 1994 жылы "Родина" совхозы пилоттық жоба бойынша жекешелендіріліп, Қазақстан Республикасындағы алғашқы жеке шаруашылық болды, ал И.А.Сауэр оның басшысы болды;
- 1989-1993 және 1999-2003 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.
Марапаттары:
- «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы (2013);
- «Отан» ордені (2011);
- «Парасат» ордені (2005);
- «Достық» ордені (1996);
- "Шапағат" медалі;
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2001);
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011);
- "Тыңға 50 жыл" медалі;
- А.И.Бараев атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2008);
- "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі" белгісі (1998);
- Целиноград ауданының Құрметті азаматы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының Құрметті академигі;
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің құрметті профессоры және "Үздік түлек" атағының жалғыз иегері;
- «Білім беру саласындағы меценаттық үшін» күміс медалі (2008);
- Ауыл тұрғындарының рухани және адамгершілік тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін Гран-при (2005, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі);
- «II дәрежелі Даңқ» және «Құрмет» ордендері (2013).
|